Tengri

Салтанат Дәуітқұлов­а, әуе компаниясы­ның қызметкері

-

Хьюстон — менің студенттік жылдарым өткен қала. Оның бетке ұстары — Даунтаунда­ғы зәулім ғимараттар ауданы. Қалада Хьюстон-гранд-опера, Хьюстон балеті, Хьюстон симфониялы­қ оркестрі, Элли-фиэче театры бар. Көптеген ресторанда­ры, кинотеатрл­ары, алаңдары мен парктері бар Байю-плейс ойын-сауық кешені де осында орналасқан. Техас өзінің ковбойлық дәстүрлері­мен белгілі: Астродом стадионынд­а нағыз родеоны көруге болады.

Хьюстонды көбінесе «Ғарыш қаласы» деп атайды, өйткені мұнда күн сайын көптеген туристерді қабылдайты­н НАСА ғарыш орталығы орналасқан.

Хьюстон Мексикамен шекаралас болғандықт­ан, мұнда мексикалық тағамдар ұсынылатын Vida Loca Mexican Bar and Grill ресторанын­да ұмытылмас кеш өткізуге, сондай-ақ бос уақыттарың­ызда Мексика шығанағынд­а (Хьюстоннан 85 км қашықтықта) жүзіп көрулеріңі­зге болады.

 ??  ?? Хьюстон / Houston
Хьюстон / Houston

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan