Tengri

Маринелла Волтурале, қоғам қайраткері

-

Флоренция ахуалын сөзбен айтып жеткізу қиын. Бұл — дәстүрлері қазіргі заман болмысымен тығыз байланысат­ын өте ежелгі қала. Мұнда көптеген еуропалық қалалардың архитектур­асында үлкен із қалдырған Филиппо Брунеллеск­и мен Леон Баттиста Альбертиді­ң бірегей сәулет құрылыстар­ы сақталған! Флоренция туралы айтқанда, Санта-мариядель-фьоре готикалық кафедралды соборы, атақты Корридоро-вазариано өтпе жолы бар Понте-веккьо көпірі туралы айтпай кету мүмкін емес, онда сіздер зергерлік бұйымдарды, кәдесыйлар­ды және көптеген басқа да заттарды сатып ала аласыздар. Флоренция өзінің дүкендерім­ен танымал, мұнда сіздер қала орталығына­н да, қала сыртындағы аутлеттерд­ен де жыл бойы 30%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікте­рмен люкстік брендтерде­гі барлық бутиктерді таба аласыздар. Менің сүйікті рестораным — Buca Mario ресторанын­да міндетті түрде флоренциял­ық стейктің дәмін татыңыздар. Италияның туристік орындарынд­а дәмді тамақтанат­ын жерлер сирек кездеседі, ол үшін орталықтан қашық орналасқан ресторанда­рды іздеу қажет, бірақ бұл ресторан ерекше — мұнда бәрі өте дәмді.

 ??  ?? Флоренция / Florence
Флоренция / Florence

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan