Бо­ла­шақ ұшақта­ры

Tengri - - Air Astana - Мәтіні Жан­на Ба­дау­ба­е­ва фо­то әуе ком­па­ни­я­сы­ның мұраға­ты, Еле­на Сер­ги­ен­ко

Қа­за­қстан­ды­қтар бо­ла­шақта қан­дай әуе ке­ме­лерін­де ұша­тын бо­ла­ды және «Эйр Аста­на­ның» жаңа буын­дағы ұшақта­ры қан­дай функ­ци­я­лар­мен жаб­ды­қта­ла­ды? Осы шо­лу­да біз әуе пар­кі­міз ту­ра­лы әң­гі­ме­леп бе­ре­міз.

2002 жы­лғы 15 ма­мыр­да «Эйр Аста­на» әуе ком­па­ни­я­сы Аста­на мен Ал­ма­ты ара­сын­да ұшу са­пар­ла­рын жү­зе­ге асы­ра ба­ста­ды. Біздің алға­шқы лай­нері­міз Boeing 737NG ұшағы бол­ды. Со­дан бері әуе пар­кі 33 ұшаққа дей­ін өсті, олар­дың ара­сын­да Boeing 767, Boeing 757, Airbus A320, Airbus A321, Airbus A320neo, Airbus A321neo және Embraer-190 бар. Әуе лай­нер­лерінің ор­та­ша жа­сы

— 8 жас, нақ осы фак­тор әуе ком­па­ни­я­сы­ның фло­тын әлем­де­гі ең жас флот­тар­дың бірі етіп отыр. Ұшақтар­дың ба­сым бөлі­гі ті­ке­лей өн­діру­ші за­уыт­тар­дан жет­кізіл­ген. Әрі флот ұшу қа­шы­қты­ғын арт­ты­руға, отын шы­ғы­нын азай­туға, де­мек, қа­ра­жат­ты үнем­де­у­ге және ат­мо­сфе­раға зи­ян­ды лақты­рын­ды­лар­ды едәуір азай­туға мүм­кін­дік бе­ретін жаңа ком­по­зит­тік ма­те­ри­ал­дар мен тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­на оты­рып жо­ба­ланған ұшақтар­дың ең жаңа үл­гілері­мен жаңар­ты­ла­ды.

Boeing 767-300 er

2012 жы­лы әуе ком­па­ни­я­сы 2013 және 2014 жыл­дар­да жет­кізілетін Boeing 767-300ER үш әуе лай­нерін са­тып алуға келісім-шарт жа­са­сты. Олар осы үл­гінің опе­ра­ци­я­лық ли­зинг­те­гі ал­ды­ңғы әуе ке­ме­лерін ал­ма­стыр­ды. Олар­дың си­патта­ма­ла­ры едәуір жақ­сарған. Әр­бір әуе лай­нері қу­ат­ты­лы­ғы 27 мың тон­на­дан астам тар­та­тын Pratt & Whitney қозғал­тқы­шта­ры­мен жаб­ды­қталған. Boeing 767-300 ұшақта­ры­ның ұшу қа­шы­қты­ғы саға­ты­на 900 км-ге жуық ұшу жыл­дам­ды­ғы­мен 10 550 км-ге же­туі мүм­кін.

Әуе ке­месінің бұл түрі 38 тон­на пай­да­лы жүк та­сы­мал­дай ала­ды, ал оның ұшып шы­ғу кезін­де­гі сал­мағы 181 тон­наға дей­ін же­те ала­ды. Са­лон биз­нес-кла­стың 30 жа­тын ор­ны­мен және эко­ном-кла­стың дер­бес ой­ын­са­уық жүй­есі бар 193 ор­ны­мен жаб­ды­қталған. Boeing 767-300 алыс қа­шы­қты­қтарға рей­стер­ді орын­дай­ды.

Boeing 767 ұшақта­ры же­ке экран­дар­мен жаб­ды­қталған жай­лы са­ло­ны­ның арқа­сын­да жо­ла­у­шы­лар ара­сын­да кеңі­нен та­ны­мал. Әуе лай­нерінің биз­нес-кла­сы оп-оңай ке­ре­ует­ке ай­на­ла­тын оты­рғы­шта­ры­ның арқа­сын­да әуе ком­па­ни­я­сын­дағы таң­да­у­лы биз­нес-класс са­ло­ны бо­лып та­бы­ла­ды.

Airbus A320neo

Әуе ком­па­ни­я­сы­ның тағы бір жаңа өні­мі жақ­сар­ты­лған си­патта­ма­ла­ры­ның арқа­сын­да neo қо­сым­ша­сы жалғанған жаңа буын­дағы Airbus A320neo ұшақта­ры бол­ды. Шын мәнін­де бұл аб­бре­ви­а­ту­ра New Engine Option, яғ­ни «қозғал­тқы­штың жаңа нұсқа­сы» деп жік­те­леді. Әуе лай­нер­лері Pratt & Whitney қозғал­тқы­шта­ры­мен және ерекше қа­нат ұшта­ры­мен жаб­ды­қталған, бұл ал­ды­ңғы үл­гі­мен са­лы­сты­рған­да отын­ның 15%-ға үнем­де­луін қам­та­ма­сыз ете­ді. А320neo өз кла­сын­дағы ең шуы­лы аз лай­нер бо­лып та­бы­ла­ды және сый­ым­ды жол­жүк сөре­лері мен жаңа жа­рық-ди­од­ты жа­ры­қтан­ды­ру жүй­есі бар жай­лы са­лонға ие.

Airbus A320neo алға­шқы әуе лай­нері Ор­та­лық Азия мен ТМД-ДА өз кла­сы­ның бірін­ші өкілі бо­лып, флот­ты 2016 жы­лы то­лы­қтыр­ды. 2020 жы­лға қа­рай ұлт­тық әуе та­сы­мал­да­у­шы­сы­ның фло­тын­дағы

Airbus A320neo са­ны 17 бір­лік­ті құра­ды, олар­дың бар­лы­ғы ті­ке­лей Airbus кон­цер­ні­нен жет­кізіледі.

Airbus A321neo

Airbus A321neo ұшақта­ры Airbus A320neo ұшақта­ры­нан гөрі ұза­ғы­рақ қа­шы­қты­қтар­дағы ұшу са­пар­ла­рын орын­дай­ды. Саға­ты­на

835 км крей­сер­лік жыл­дам­ды­қта олар

6500 км ұшу қа­шы­қты­қта­рын қам­ти­ды. A321neo әуе лай­нері са­ло­ны­ның екі кла­сты құры­лы­мын­дағы биз­нес-класс сый­ым­ды­лы­ғы 28 жо­ла­у­шы­ны және эко­ном-класс сый­ым­ды­лы­ғы 151 жо­ла­у­шы­ны құрай­ды.

Ұшақ са­ло­ны же­ке ой­ын-са­уық жүй­есі бар дер­бес мо­ни­тор­лар­мен жаб­ды­қталған. Әуе лай­нер­лері бас сүй­е­гі­ш­тері бап­та­ла­тын Recaro ин­но­ва­ци­я­лық крес­ло­ла­ры­мен жаб­ды­қталған.

Airbus A321neo Lr

Әуе ком­па­ни­я­сы фло­тын жаңар­ту бағ­дар­ла­ма­сы Boeing 757-200 ұшақта­рын ке­зең-ке­зең­мен Airbus A321neolr жаңа әуе лай­нер­леріне ауы­сты­ру­ды ұй­ға­ра­ды. LR аб­бре­ви­а­ту­ра­сы ұшу са­па­ры қа­шы­қты­ғы­ның ұлғай­ты­луын біл­діреді. Ұшақтың ұлғай­ты­лған ең жоға­ры ұшып шы­ғу сал­мағы 97 тон­на­ны құрай­ды және ұшу қа­шы­қты­ғын A321neo ұшағын­дағы 6850 км-мен са­лы­сты­рған­да 7400 км-ге дей­ін арт­ты­ра­тын екі қо­сым­ша отын ба­гы бар. Бұл әуе ком­па­ни­я­сы үшін алыс ма­ги­страль­дық ұшу са­пар­ла­рын­да жаңа мүм­кін­дік­тер­ді аша­ды. Airbus A320neo, Airbus A321neo және Airbus A321neolr жаңа әуе лай­нер­лері­мен «Эйр Аста­на» Ор­та­лық Азия мен ТМД-ДА осын­дай үл­гі­де­гі әуе лай­нер­лерінің ең ірі пай­да­ла­ну­шы­ла­ры­ның бірі бо­ла­ды.

embraer 190-e2

2017 жы­лы «Эйр Аста­на» ұзақ мерзім­ді ли­зинг­ке Embraer E190-E2 бес әуе лай­нерін са­тып алуға келісім-шарт жа­са­сты. Ұшақтар­ды жет­кі­зу биы­лғы күз­де ба­стал­ды. Embraer E190-E2 — осы үл­гі­де­гі екін­ші буын ұшақта­ры. Олар­да фю­зе­ляж кон­струк­ци­я­сы өз­гер­тіл­ген, аэро­ди­на­ми­ка­сы жақ­сар­ты­лған және қа­нат­та­ры­ның ди­зай­ны жаңар­ты­лған.

«Са­тып алы­нған Е2 ұшақта­ры Қа­за­қстан­да 2011 жыл­дан ба­стап ұшу са­пар­ла­рын та­бысты орын­дап ке­ле жатқан біздің Е190 ұшақта­ры­мы­зды ал­ма­сты­ра­ды. Нақ осы Embraer Е190 біз үшін Ре­сей­дің оңтүсті­гіне, Кав­казға, Ор­та­лық Ази­яға, сон­дай-ақ бірқа­тар іш­кі бағыт­тарға ұшу са­пар­ла­рын жү­зе­ге асы­ру мүм­кін­ді­гін ашты. Іш­кі және ха­лы­қа­ра­лық бағыт­тар­да бә­се­кенің ар­туы­на бай­ла­ны­сты біз Е2 ұшақта­ры­ның әр­бір жо­ла­у­шы ор­ны­на 15%-дық үнем­де­уді қам­та­ма­сыз ететін­ді­гін кү­те­міз, бұл біз­ге та­сы­мал­дау сый­ым­ды­лы­ғы мен на­ры­қтағы қа­ты­су үлесі­мізді арт­ты­руға және әуе та­сы­мал­да­ры бой­ын­ша ай­мақтық көш­бас­шы мәр­те­бесін ны­ғай­туы­мы­зға мүм­кін­дік бе­реді», – деді «Эйр Аста­на» әуе ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Пи­тер Фо­стер.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.