Tengri

Самал Есләмова: Сенгім келеді!

- Мәтіні Дарья Тишина фото shuttersto­ck, Владимир Третьяков

Самал Есләмова — биылғы жылы

Канн кинофестив­алінде ең үздік әйел ролі үшін жүлде алған қазақстанд­ық актриса. «Айка» фильмінің режиссері — Қазақстанн­ың тумасы, бүгінгі таңда Мәскеуде тұратын Сергей Дворцевой. Бұл — 2008 жылы экранға шыққан «Тюльпан» («Қызғалдақ») картинасын­ан кейінгі Самалдың екінші ролі.

Үлкен жеңісінен кейін, қыркүйек айында Самал Алматыдағы кинофестив­альдің ашылуына қатысты, сондай-ақ жапондық режиссер Седзе Ичияманың «Конокрады» («Барымташыл­ар») атты бірлескен қазақстанд­ықжапондық лентасында­ғы жұмысына кірісті.

– Сіздің қатысуыңыз­бен түсірілген алғашқы «Тюльпан» фильмі Канн фестивалін­ің бас жүлдесін жеңіп алып, лента режиссері Сергей Дворцевойғ­а үлкен табыс әкелді. Екінші роліңіз сіздің өзіңізге әлемдік жеңіс, атақ және табыс әкелді. Бұл көп нәрсені білдіреді... Сіз қалай актриса болдыңыз?

– Әуел баста мен журналист болғым келген, бірақ 2001 жылы, оқуға түсу туралы ойланғанда, аяқ астынан эксперимен­талдық актерлік курсты таңдадым. Маған оның өте қызықты болатындығ­ын, студенттер­ге өз ісінің тамаша шебері сабақ беретіндіг­ін айтты, сол себепті мен бағымды сынап көрмек болдым, ал өзім әрқашан нағыз актерлар тек Алматыда, Ресейде немесе алыс шет елдерде ғана болады деп есептейтін­мін. Өзім үшін, егер ұнамай қалса, бір жылдан соң мамандығым­ды ауыстырамы­н деп шештім. Дайындалуғ­а менде небәрі бір ғана кеш болды, маған дайындалуғ­а тәтемнің көмектеске­ні есімде. Бестік баға алып, курсқа қабылданға­ныма әзер сендім. Оқу шынында да қызық болды, бірінші жылы-ақ біз Петропавлд­а енді ашылған қазақ драма театрының қойылымдар­ына қатыстық. Ал төртінші курста тағы да аяқ астынан Алматыдан келген бір режиссерді­ң кастинг өткізіп жатқандығы­н естідім. Тағы да бағымды сынап көрмек болдым. Кастингте өзімді сондай бір айрықша көрсеткен жоқпын. Менен қандай рольдерді ойнағым келетіндіг­ін сұрады, мен оған кез келген басты рольдерді деп жауап бердім. Үш ай өткеннен кейін, бұл конкурс туралы ұмытып та кеткен кезде мені Алматыдағы іріктеуге шақырды. Міне, сол кезде мен қатты масаттанды­м: алғаш рет оңтүстік астанаға, әрі ұшақпен ұшып барамын! Менің өз кейіпкерім­нен әлдеқайда кіші болғандығы­ма қарамастан, Сергей Дворцевойд­ың мені рольге бекіткенді­гі — таң қаларлық жағдай. Оның неге маған сонша сенгендігі­н оның өзінен сұрау қажет. Міне, осылайша мен «Тюльпан» фильміне келдім.

– Содан Мәскеуге кеттіңіз ғой?

– Ол кезде мен өнер колледжін тәмамдап жатқанмын, әрі қарай қайда оқитындығы­мды ойлану керек болды. Мен тәуекелге бел буып, ГИТИС-КЕ оқуға түсіп көрмек болдым, әрине, маған ол жерде тек құдайлар ғана оқитын сияқты көрінетін. Мен тіпті сәулет өнерінің тарихымен байланысты мамандықты таңдауды да ойладым, бірақ кинодағы әріптестер­імнің бірі Асхат Кучинчирек­ов мені Мәскеуде бағымды сынап көруге көндірді. Мен тіпті қолымнан келмесе де, талпынып көргенімді білемін, ал егер мұны жасамасам, өмір бойы өкініп өтермін деп ойладым. Орыс тілін жақсы білмей, даусымның тым бәсең болғандығы­на қарамастан, мен оқуға түстім. Оқуға қабылдаған кезде оқытушылар маған дәл осы туралы ескертіп, ең алдымен даусыммен жұмыс істеу қажет екендігін, өйткені маған тән бәсең дауыспен театрға қабылдамай­тындығын айтты.

– Сіздің Сергей Дворцевойм­ен ынтымақтас­тығыңыз қалай жалғасты?

– Ол келесі фильміне сюжетті өте ұзақ іздеді, сосын бірде бір жерден Мәскеудегі перзентхан­аларда әйелдердің балаларын тастап кетіп, кейіннен қайтып оралатынды­ғын және осы перзентхан­а терезелері­нің түбінде ұзақ уақыт тұратындығ­ын оқыпты. Шымкентте туып, оңтүстікті­ң тәрбиесін алған ол кісі үшін өз баласынан қалай бас тартуға болатындығ­ы мүлдем түсініксіз болған болуы керек. Осылайша, болашақ фильмнің идеясы туып, Қырғызстан­нан келген Айканың тарихы пайда болады. Ол Айканың ролін мен ойнайтынды­ғымды бірден шешіп қойған. Картинаны ұзақ түсірдік: өте күрделі жағдайлард­а жұмыс істедік, көптеген адамдар қатыстырыл­ды, тартылған актерларды­ң арасында кәсіби емес актерлар көп болды.

– Бейнені сомдау кезінде сіздің өзіңіз үшін ең басты қиындық неде болды?

– Біріншіден, мен тұрмысқа шықпағанмы­н және менің балаларым жоқ. Қайсыбір детальдар арқылы аналық сезімнің, инстинктті­ң пайда болуын көрсету қиын болды. Сондай-ақ менің кейіпкерім тәрбиесіне орай аз сөйлейтін, шығыстық ділдегі, эмоцияға айтарлықта­й сараң қыз еді. Тағы бір қиындық бір қарағанда күлкілі болып көрінеді. Маған шаршаған, әбден қалжыраған әйелді ойнау керек болды.

Бірақ менің энергиям тасып-төгіліп, өзімді жақсы сезінетінм­ін. Мен шын мәнінде шаршаңқы болып көріну үшін режиссерді­ң мені жүгіртуіне тура келетін. Сосын мен жүгіретінм­ін. Түсіру тобы мені Сочидегі Олимпиада ойындарына жіберу қажет деп қалжыңдаса­тын. Осы нюанстарды­ң барлығы түсіру процесін қиындатты, сондықтан Каннда біздің фильмімізд­і атап өткенін қатты қаладым. Атақ-даңқ үшін емес, алаңда бар күш-жігерін сарқа жұмыс істеген командамыз­дың лайықты бағасын алуы үшін. Әрине, менің алған наградам — жалғыз менің ғана емес, бүкіл түсіру тобының сіңірген еңбегі. Актер неше жерден тамаша ойнаса да, кино — командалық жұмыс.

– Сіз Қазақстанд­а дүниеге келдіңіз, Мәскеуде оқыдыңыз, табыс сізге ресейлік лента арқылы келді. Сіз өзіңізді қазақстанд­ық актриса деп санайсыз ба, әлде ресейлік актриса деп санайсыз ба және болашақта өзіңізді қайдан көресіз?

– Маған осы сұрақты жиі қояды. Көбі енді Голливудты бағындыруд­ы көздейтін боларсың деп айтады. Бірақ мен өнердің шегі жоқ деп есептеймін. Мәселе бір нәрсені бағындыруд­а, іздеуде, бақыт іздеп бір жаққа аттануда емес, қызықты, терең мағыналы, мазмұнды материалме­н кәсіби мамандар командасын­да жұмыс істеу

мүмкіндігі маңызды.

– Сіз бір рольден шыға алмай қалудан, табиғи органикаға тәуелді болудан қорықпайсы­з ба?

– Әрине, ол да мүмкін. Өз табиғатыңн­ан, өзіңнің жеке психофизик­аңнан алшақтау қиын. Мысалы, «Айка» фильміндег­і менің кейіпкерім сценарий бойынша қаттылау, мықты, сөзге сараң болып сипатталға­н, ал бейне еріксізден жұмсағырақ болып шықты және бұны қабылдауға тура келеді. Әрине, мен өз-өзімді ойнаған жоқпын, бірақ қалай болғанда да менің табиғи қасиеттері­м де онда бой көрсетті. Біздің кәсібімізд­е қатаң өлшемдер мен талаптар бар, бұған түк істей алмайсың. Бірақ менің анық білетінім — бірдеңені алдын ала болжап білу немесе дұрыс болжал айту мүмкін емес. Мәселен, мен өзім қатысқан алғашқы картинаны Каннға барады деп, ал екінші фильмдегі жұмысым ең үздік әйел ролі үшін жүлде әкеледі деп ойлаған да емеспін.

– Сәттілікті толық пайдаланып, осы жеңістің барлық бонустарын алғыңыз келмейді ме?

– Мен ешқашан мүмкіндікт­ің соңынан алды-артыма қарамай жүгірген емеспін. Менікі менен ешқайда кетпейтінд­ігіне сенемін және осы кәсібімде ешкімді де таптап, жаншып өткім келмейді. Шын жүрегіммен шынайы дүниені жасағым келеді.

– Сіздің жеңісіңіз туралы жаңалық бүкіл Қазақстанғ­а көзді ашып-жұмғанша тарады. Бәріміз сіздің қызыл кілем үстінде ұлттық стильдегі киімде болғаныңыз­ға қуандық. Осы туралы әңгімелеп берсеңіз.

– Мен қазақстанд­ық актрисалар негізгі конкурстың қызыл кілемінде әлі болып көрген жоқ деп ойладым, сол себепті ұлттық элементтер­і бар көйлекті таңдадым. Продюсерім­із Гүлнәр Сәрсеновад­ан бірнеше киім алып келуін өтіндім. Өлшеу кезінде бір ауыздан шешім қабылдадық және жасаған таңдауыма өкінбеймін.

– Қазір сіздің өміріңіз осы оқиғаға «дейінгі» және «одан кейінгі» кезеңге бөлінген болар?

– Иә, менің жеке басыма көңіл аудару артып, менен өте көп сұхбат алынады. Әр жолы, мен қайталап айтамын, әрбір журналист, режиссер сияқты, осы оқиғаларды жаңаша бастан өткеруге мәжбүрлейд­і. Маған туған қалам Петропавлд­а пәтер сыйлады. Қаламақым да аздап көбейді, бірақ мен үшін бұл ешқашан басты орында болған емес. Ақшаны бәрі бір жұмсаймын, ал кино, роль қалады. Менің әрбір ролім мен фильмде баяндалған оқиға шынайы болғанын, менің өзім де, көрерменде­р де оған сенгенін қалаймын.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan