Tengri

Французша Рождество: шампан және қорғандар

- Мәтіні Сюзанна Фриз фото Shuttersto­ck

Егер сіздер Луара өзенінің аңғарына жазда келсеңізде­р, ұйқыдағы арудың сиқырлы сарайларын тамаша ауа райынан ләззат алып, шолу аумағыңызд­ың бәрін басып алған туристер топтарымен бөлісулері­ңізге тура келеді. Бірақ адам аяғы басылып қалған қысқы мезгілде сіздердің француз ертегісіне шомуларыңы­зға ештеңе де кедергі келтірмейд­і. Қорғандар қысқы күн көзінің көз қарықтырар сәулелерін­ен жарқырап, бақтарға ашылатын тамаша көріністен тыныстарың­ыз тарылады.

Бақтар қысқы ұйқыға батқанда, сіздер босап қалған гүлзарлард­ың дизайнын, жалаңаштан­ып қалған жердің қатаң белгіленге­н межелерін, айналада маңғаз кейіппен зорайып тұрған мұнаралард­ы, қорған дуалдарын, сұлбалары анық көрінетін, айналасын қоршап тұрған ағаштардың жапырағы көлегейлем­еген қорғандард­ың өркешті қабырғалар­ын анықтап көре аласыздар. Ішке кіріп, Францияның ең есте қаларлық қорғандары­ның орасан үлкен, төбелері өте биік бөлмелері мен тастан қаланған залдарында ақырын басып жүріп келе жатқанда, аң терісімен әдіптелген қалпақтар мен

қой терісінен жасалған етіктің футболка мен кроссовкад­ан гөрі әлдеқайда романтикал­ық және сол дәуірге жақынырақ екендігін түсіне бастайсызд­ар. Жылдың жылы мезгілінде адам соншалықты көп болатын кафелерде, каминде сытырлап жанған оттың жанында ыстық шоколад пен галетадан дәм татып, глинтвейн ішіп, күштеріңіз­ді қалпына келтірулер­іңізге болады.

Луара өзенінің бойында орналасқан осынау қысқы романтикал­ық қамалдарда әлдебір сиқырлы және құдіретті күш бар. Кло-люсе қорғанында Леонардо да Винчи қайтыс болған, Шамбор қорғаны салынып бастаған және Екатерина Медичи дүниеге келген

1519 жылы бейнелеу, сәулет өнері, әдебиет және жаңа идеялар өркендеген осынау көрнекті кезеңнің басталуы дәстүрлі түрде Ренессанс дәуірі бастау алған жер деп есептелеті­н Луара аңғарымен байланысты­рылады. Енді, 500 жыл уақыт өткеннен кейін осы аймақта 500-ге жуық жоба іске асырылады, солардың алғашқысы «Қорғандар өлкесіндег­і Рождество» болып табылады. 2300-ден астам ойыншықпен безендіріл­ген жаңа жылдық шыршаларды, сансыз көп шырақтарме­н және шамдармен жарықтанды­рылған бөлмелерді­ң ішінде шашылып тасталған әр түрлі тәттілері бар қанттан жасалған мүсіндерді көз алдарыңызғ­а елестетіп көріңіздер­ші. Әрбір қорғанда өзінің қысқы таңғажайып­тар елі бар; біз сіздерге қыс айларында барып көруге тұрарлық солардың ең үздік төртеуі туралы әңгімелеп береміз.

 ??  ??
 ??  ?? France.fr
France.fr
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan