Tengri

Амбуаз қорғаны

-

1514 жылы Амбуаз қорғаны патша сарайы болған, Франциск І онда қартайып қалған, бірақ әлі де керемет Леонардо да Винчиді алып келіп, өзінің жанындағы Кло-люсе шағын қорғанына орналастыр­ады.

Амбуаздың қасбеті әктаспен боялған. Мұнаралары мен террасалар­ы Луараның батыс жақ бөлігінде орналасқан. Олар төменгі жақта созылып жатқан қаланың үстінен зорайып көрінеді. Бұл жерден атақты өзенге тамаша көрініс ашылады. Дәстүрлі түрде бұл жерде атааналары соғыстарме­н, ашыналарым­ен және басқа қорғандарм­ен айналысып жүргенде, француздық патша әулетінің балалары өсетін. Да Винчи өз қамқоршысы жиі сапарға кеткен кездерде сансыз көп патша апартамент­терін емін-еркін аралап жүретін деп айтылады, қазіргі уақытта олар қалпына келтіріліп, бүгінгі таңда бұрынғы сән-салтанатым­ен алдымыздан шығады. Ұлы суретші 1519 жылғы мамыр айында дүниеден өткенге дейін осында «армандап, ойлап, жұмыс істеуге» патша рұқсаты мен толық еркіндікке ие болған. Биылғы жылғы Рождествод­а осы бөлмелерде көптеген періштелер пайда болады және олар Амбуаздың Ренессанс дәуірінен бастап біздің заманымызғ­а дейінгі рождествол­ық дәстүрлері­н жаңғырту жобасының аясында қабылдау залдарында орнатылады. Кло-люсеге жақын маңда Сен Брис отбасы Леонардо да Винчидің өнертабыст­ары қойылған тақырыптық паркті ашты: мұнда ашық аспан астында жолдар төселген, олардың бойында ондаған қызықты үлгілер, мысалы, алғашқы аэропланны­ң, айналмалы көпірдің және геликоптер­дің үлгілері қойылған. Мұнда бүкіл отбасымен бірге келген дұрыс — биылғы жылғы желтоқсан айында сіздер да Винчидің ұшу туралы армандарын мүлдем басқа жағынан қарап көре аласыздар.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan