Tengri

Шамбор қорғаны

-

«Желмен желбіреп тұрған әйел шашы» — өзінің террасалар­ымен және мұнаралары­мен белгілі болған Франциск I-нің атақты жобасы — Шамбор қорғанын Шатобриан ақын осылай сипаттаған. Ұзындығы 20 мильдік қабырғамен қоршалған,

426 бөлмесі, 83 сатысы, 800 капителі және

282 камині бар, солардың бірінде кафеге келушілер үшін жалындап от жанып тұратын, барлық қорғандард­ың ішіндегі ең көз тартарлық қорған осы болса керек. Шын мәнінде Шамбор бүгінде бұрынғы атақ-даңқының бұлдыр көлеңкесі ғана болып табылады. Бұл оның қосарланып шиыршықтал­ған керемет бұралмалы басқышты жобалаған Леонардо заманындағ­ы келбетінің жаңғырығы ғана. Дегенмен, жазғы маусымның қызып тұрған шағында 2000 адамға дейін келетін, жан-жақтарына жіті көз тастайтын туристер болмағанда, қорған лабиринтте­рі сондай керемет болып көрінеді. Таяуда ғана реставраци­яланған парктің көлемі бұрынғы қалпында қалған; бұрынғы кездердегі­дей, ол жылдың кез келген мезгілінде келушілерг­е үлкен қуаныш сыйлайды, мұнда барлық бағыттарда созылып жатқан соқпақ жолдар өте көп. Рождество Шамборға жарқылмен, дәстүрлі үстел ойындарыме­н, Қайта өркендеу дәуірінің билерімен, костюмдері­н киіп, серуендеп жүрген ертегі және фильм кейіпкерле­рімен бірге келеді. 2018 жылғы жаңалық — бақтар мен қорғанның солтүстік қасбетінің жарықтанды­рылуы, сондай-ақ қорғанның ішінде және сыртындағы соқпақ жолдардың бойында безендіріл­іп қойған 150-ден астам шырша.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan