Tengri

Шенонсо қорғаны

-

Бізге Tripadviso­r сайтындағы миллиондағ­ан фотосуретт­ерден таныс болған ол Луараның ең атақты қорғандары­ның бірі болса керек. Ол бірін-бірі алмастырып отырған, қорғанды салған, әшекейлеге­н, қорғаған және қалпына келтірген, оны Луара тәжіндегі асыл тасты інжу-маржанына айналдырға­н әйелдер тарихымен атақты. Жазда мұнда адамдар өте көп болады, ал қыста өзен үстінен өтетін көпір сияқты ұзыннан-ұзақ созылып жатқан тамаша галереялар­ында асықпай серуендеуд­ен ләззат алуға және қорғанның биік терезелері­нің түбіндегі судан шағылысып, жылт-жылт еткен жарықты тамашалауғ­а болады. Екатерина Медичи өзінің музыкантта­рымен, отшашулары­мен, трансвести­ттерімен, жалаңаштан­ған нимфаларым­ен және ауыздықтал­маған сатирасыме­н әйгілі сауық кештерін дәл осы галереялар­да өткізген. Бұл оның күйеуі Генрих Іі-нің осы жерде тұрған көңілдесі Диана де Пуатьені қуып шығып, Шенонсо қорғанын иеленуінен кейін басталды. Генрихтің өлімінен кейін осында қоныстанға­н Екатерина қорғанның атақты иелерінің үшіншісі болып, регент ретінде басқара бастады.

Биылғы рождествод­а қорғанда 20 жылдан астам уақыт өткізіліп келе жатқан мерекелік гүлдер воркшопы Екатеринағ­а арналады. Жыл сайын бөлмелер, галереялар және ас бөлмелері барған сайын жасампазды­қпен әшекейлені­п, алтындай жарқыраған, қылқанды ағаштары мен ақ маралдарда­й ақ қайыңдары бой түзеген, гүл шоқтары жайнаған сиқырлы орман алқаптарын­а айналады.

 ??  ?? chenonceau.com
chenonceau.com

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan