Со­мюр қорға­ны

Tengri - - Destination -

Өзінің ша­ра­бы си­яқты жа­ры­қта жы­лт-жы­лт ететін, көңіл­ді Со­мюр қа­ла­сы қы­ста өзінің бар сән-сал­та­на­ты­мен бой көр­се­те­ді: жаға­лау маңын­дағы жай­лы дәм­ха­на­лар, ша­рап­тан дәм та­ту, рож­де­ство­лық ба­зар­лар және салқын ауа рай­ы­на та­ма­ша үй­ле­сетін тағам­дар. Лу­а­ра­дан ауланған ба­лы­қтан дай­ын­далған, кесіліп қуы­ры­лған нан­ның үстіне қой­ып ұсы­ны­ла­тын тер­рин­дер және жер­гілік­ті фуа-гра сон­дай ке­ре­мет. Түрен­дік қа­ра трю­фель­дер де сіз­дер­ді бей-жай қал­дыр­май­ды. Осы трю­фель­дер мен атақты «па­ри­ждік қо­зы­құй­ры­қтар» Лу­а­ра­ның әр­бір са­райы дер­лік со­дан са­лы­нған атақты ақ әк­тас жер астын­да өн­діріліп болған­нан кей­ін қалған тун­нель­дер­де — Со­мюр қа­ла­сы­ның ұшы-қиы­ры жоқ саңы­ра­уқұлақ үң­гір­лерін­де өсіріледі. Со­мюр қорға­ны биік жар­та­ста, қа­лаға жоға­ры­дан көз та­стап қой­ып, бәріне «маған қа­раң­дар­шы» де­ген­дей мен­мұн­да­лап тұр. Қы­ста түтін­де­ген мұр­жа­лар мен жарқы­раған ен­сіз мұ­на­ра­лар­ды мұ­нар ба­са­ды, бірақ таңғы тұ­ман сей­іл­ген­нен кей­ін

ХІІІ ға­сыр­да са­лы­нған және қа­ла ор­та­лы­ғы­нан небәрі бір­не­ше ми­нут­тық жер­де ор­на­ласқан қорған өзінің бар сән-сал­та­на­ты­мен бой көр­се­те­ді.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.