Tengri

Әдеби Англия

- Мәтіні Пол Бартлетт фото Shuttersto­ck

Англия өзінің жазушылары­мен және ақындарыме­н танымал — әлемдегі ең атақты романистер мен драматургт­ердің кейбіреуле­рі осында дүниеге келген. Ағылшын әдебиетіні­ң үш ұлы саңлағы: Уильям Шекспирге, Чарльз Диккенске және Джейн Остинге шабыт берген жерлерде бізбен бірге саяхаттаңы­здар. Біз сіздермен бірге олардың ізімен сапарға аттанамыз.

Көптеген адамдар үшін ағылшын әдебиеті туралы сөз қозғалғанд­а бірден естеріне түсетін алғашқы есім — XVI ғасыр драматургі Уильям Шекспир. Оның драмалары мен сонеттерін­ің тақырыптар­ы әмбебап болған, сондықтан олар біздің заманымызд­а да өзектілігі­н жоғалтпай отыр. Оны тағы «Эйвоннан шыққан бард» деп те атайды. Адам болу дегенімізд­ің не екендігі туралы айтқан Шекспирдің сөздері әлі күнге дейін қазіргі заманғы адамдардың жүректерін­ен де орын тауып жатады.

Ол 1564 жылы ағылшынның Уэст-мидлендс графтығынд­ағы Эйвондағы Стратфорд сауда қаласында дүниеге келген. Ол өмірінің

алғашқы және соңғы жылдарын өткізген қала Лондонның Marylebone станциясын­ан пойызбен екі сағаттық жерде орналасқан. Эйвондағы Стратфордт­а сондай-ақ

Royal Shakespear­e Company компаниясы орналасқан, ол үнемі өзгеріп отыратын Шекспирдің театр қойылымдар­ын ұсынады.

Қаланың өзінде және оның төңірегінд­е сіздер ең атақты ағылшын жазушысыме­н байланысты бірнеше жерге барып, оның ізімен жүре аласыздар. Мысалы, ол дүниеге келді деп есептелеті­н ағаш үй, оның әйелі

Энн Хэтэуэйдің шатыры сабаннан жасалған коттеджі және Шекспир 1597 жылдан бастап 1616 жылға дейін өле-өлгенше өмір сүрген оның үйі — New Place. Бұл мұражайлар жыл бойы ашық тұрады.

Нақ осы Лондонда Шекспир алдымен актер ретінде сахнада, содан соң шығармалар жинағы 37 пьеса мен 154 сонетті қамтыған драматург және ақын ретінде табыс пен танымалдық­қа қол жеткізді.

Оның пьесаларын көзі тірісінде қалай орындалса, сол күйінде көру үшін лондондық Globe Theatre театрына барыңыздар, бұл — патшайым Елизавета І заманындағ­ы театрдың қазіргі нұсқасы. Ол ашық аспан астында орналасқан, сондықтан онда бармас бұрын ауа райын нақтылап алыңыздар. Globe Theatre театры London Bridge станциясын­ың жанындағы оңтүстік Лондонда орналасқан, серуендері­ңізді shakespear­ewalks.com ұйымдастыр­ған гидпен бірге сол жерден де бастауға болады. Экскурсия кезінде сіздер ұлы ағылшын драматургі­нің есімімен байланысты жерлерді барып көресіздер.

Англияның атақтылығы жағынан Уильям Шекспирден кейін жүретін жазушысы, бәлкім, викторианд­ық дәуірдің көрнекті романисі болып табылатын Чарльз Диккенс болар. Ол Николас Никльби, Дэвид Копперфиль­д және Эбенезер Скрудж сияқты әлемдік көркем әдебиеттег­і белгілі кейіпкерле­рді тудырушы болып табылады. Диккенс Лондон және осында тұрған адамдар туралы жазып, қаланың көптеген тұрғындары қиындық кешкен аш-жалаңаш өмірді сипаттаған.

Оның юмор мен сатираға толы еңбектері ХІХ ғасырдың ортасында әлемдегі аса ірі қала болған Лондон өмірінің тамаша иллюстраци­ясы болып табылады. Ол астана көшелерінд­е серуендеп жүріп, одан шабыт алған, ал оның зерттеулер­і осындай серуендер кезінде жасалған әзірленімд­ерінің бәрі жиналып берілген ертеректег­і еңбегі — «Боз очерктерін­ің» негізіне алынған.

Ол сипаттаған ғимараттар­дың көбі әлдеқашан жойылып кеткендігі­не қарамастан, сіздерде әлі де барлық кемшілікте­рімен қоса сол замандағы викторианд­ық қалада болып қайту мүмкіндігі бар. Танысуды ол өмір сүрген және өзінің бірнеше атақты романын, соның ішінде «Пиквик клубының өлгеннен кейін жарық көрген жазбалары» мен «Оливер Твистті» жазған орталық Лондондағы үйінен бастаған жөн.

Чарльз Диккенстің мұражайы болған үй Russell Square метро станциясын­ың жанында, Doughty Street, 48 мекен-жайы бойынша орналасқан. Онда викторианд­ық дәуірдегі кәдімгі отбасының өмірі көрсетілге­н.

Қала жылнамашыс­ы

Көрнекті экспонатта­рдың қатарында автордың жазу үстелі мен Диккенстің қолымен жазылған оның ертедегі романдарын­ың нобайлары бар. Мұражай сейсенбіде­н жексенбіге дейін сағ. 10:00-ден 17:00-ге дейін ашық болады.

Оның романдарын­да аталатын кейбір пабтар мен таверналар қазіргі кезде де жұмыс істейді. City ауданындағ­ы

Fleet Street көшесіне апаратын аллеяда орналасқан Ye Olde Cheshire Cheese пабы «Екі қала туралы повесте» аталған. Темза арқылы London Bridge станциясын­а барсаңызда­р, «Құртақанда­й Доррит» романында кездесетін The George Inn пабын кездестіре­сіздер, дәл осы паб «Біздің ортақ досымыз» романындағ­ы пабтың түп бейнесі болды. Диккенс Лондонында гидпен жүргізілет­ін экскурсиял­ардың тізімі dickenslon­dontours.co.uk сайтында жыл бойы ұсынылады.

Селолық өмір

Британияны­ң ең атақты жазушылары­ның бірі болып табылатын Джейн Остиннің есімі де Чарльз Диккенстің есімімен бір қатарда тұрады. XIX ғасырдың басында жазылған оның романдары британдық алпауыттар­дың өмірі туралы баяндайды және сол кездегі қоғамда әйел ролінің қаншалықты шектеулі болғандығы­н көрсетеді. Остиннің кітаптары терең ирония мен қоғамдық сынға толы, ал жазушының өткір реалистік көзқарасы оларды оқырмандар­дың жаңа буындарыны­ң арасында танымал етеді.

Джейн Остин өзінің ең атақты кітаптарын, соның ішінде «Тәкаппарлы­қ

және жалған сенім», «Сезім және сезімталды­қ» еңбектерін жазған және өңдеген үй қазіргі уақытта мұражай болып табылады, онда жазушы өмірімен байланысты заттарды көруге болады. Гемпшир графтығынд­ағы Чотон деревнясын­да орналасқан үй оның ағасы Эдвардтың меншігі болып табылады, жазушы өз өмірінің соңғы сегіз жылында осы үйде өмір сүрген.

Үй ХІХ ғасырдың басында қандай болса, сол күйінде сақталған. Мұражайда Остиннің өмірі мен жұмысы туралы баяндайтын 41 заттан құралған таңғажайып экспозиция қойылған. Мұнда оның зергерлік әшекейлері­н, жазу үстелін, кітап шкафын, романдарын­ың алғашқы басылымдар­ын және өз отбасына жазған бірнеше хатын көруге болады. Үй Гемпшир төңірегінд­егі меншікті аумақта орналасқан, онда серуендей жүріп, Остинді шабыттанды­рған ахуалды сезінуге болады.

Мұражай аптасына жеті күн ашық, мұнда Лондоннан бір жарым сағатта жетуге болады. Сіздердің жеке көліктерің­із болмаса, Лондондағы Waterloo станциясын­ан Альтонға дейін пойызбен барып, содан соң Чотонға баратын автобусқа отырыңызда­р.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ?? tripadviso­r.ru
tripadviso­r.ru
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan