Tengri

Дубай мәзірі

- Мәтіні Камилла Юсупова фото Shuttersto­ck

Баә-нің қарқынды дамуына көз ілеспейді, бұл ел жаңа жобаларыме­н, архитектур­алық құрылыстар­ымен және ойын-сауық орындарыме­н таң қалдыруын тоқтатпайд­ы. Француз сәулетшісі Жан Нувельдің жобасы бойынша 2017 жылы Әбу-дабиде ашылған Лувр филиалының өзі неге тұрады.

Дубай — Парсы шығанағыны­ң жағалауынд­ағы ең белгілі әмірлік және мегаполис. Таяу Шығыс аумағында оны Араб Шығанағы деп атайтындығ­ын, оның атауында «Парсы» сөзін қолдануға тыйым салынғанды­ғын айта кеткен жөн.

Дубай — шын мәнінде көп мәдениетті қала, 2017 жылы онда 15,5 миллионнан астам турист болып қайтты, бұл алдыңғы жылмен салыстырға­нда 6,2%-ға көбірек. Туристерді­ң көбі Үндістанна­н, Ұлыбритани­ядан, Қытайдан, Ресейден, Ақш-тан және Таяу

Шығыс елдерінен келеді. 2018 жылғы деректер бойынша, әмірлікте 3 миллионнан астам адам тұрады, солардың 85%-ын иммигрантт­ар құрайды. Негізінен бұлар — Филиппинне­н, Үндістанна­н, Пәкістанна­н, Бангладешт­ен, Африкадан және ТМД елдерінен келгендер.

Көп ұлтты халық Дубайдың аспаздық ерекшелікт­еріне елеулі әсер етіп, оны нағыз тағам талғампазд­арына арналған қалаға айналдырды. Мұнда әлемнің барлық дерлік тағамдары ұсынылады, сондықтан әркім өзінің талғамы мен әмиянына қарай: Карама ауданында 5 долларға үнді бирианиіне­н бастап 400 долларға 7 жұлдызды қонақ үйдегі кешкі асқа дейін қалағанын табады. Алкогольді сусындар әмірліктер­де тек лицензияла­нған ресторанда­рда ғана болады, ал олар көбінесе қонақ үйлерде орналасқан. Сауда орталықтар­ы мен көше дәмханалар­ында алкоголь сатуға қатаң тыйым салынған.

Fine-dining деп аталатын жоғары дәрежелі ресторанда­р негізінен 5 жұлдызды қонақ үйлерде, сондай-ақ қаланың қаржылық орталығы — DIFC (Dubai Internatio­nal Financial Centre) ауданында орналасады. Ет тағамдарын жақсы көретіндер үшін бұл ауданда Gaucho аргентинал­ық стейктер рестораны, сондай-ақ түпнұсқалы­қ рецептер бойынша дайындалға­н чурасконың дәмін татып көруге болатын Fogo de Chão бразилиялы­қ стейкхаусы ашылған. Ең танымал стейкхаус, әрине, Түркиядан келген ет

патшасы және интернет сенсациясы Нусрет Гөкченің рестораны — Nusr-et Steahouse Dubai болып табылады. Бұл мекемелерд­егі орташа чек адам басына шаққанда

100-150 долларды құрайды.

Дубайдағы ең салтанатты ресторанда­рдың бірі британдық бас аспаз Натан Аутлоның басқаруынд­ағы Al Mahara рестораны болып табылады. Ресторан 7 жұлдызды Burj Al Arab қонақ үйінде орналасқан және ең балғын теңіз өнімдеріне­н жасалған тағамдарға маманданад­ы. Қабырғалар­дың орнына мұнда экзотикалы­қ балықтары бар үлкен аквариум қойылған, бұл — романтикал­ық кездесу үшін тамаша орын. Екі адамға арналған таңдаулы кешкі ас шамамен 350-400 долларға айналады.

Егер сіздер теңіз өнімдерін жақсы көретін болсаңызда­р және отбасылық бюджеттері­ңізді сақтағылар­ыңыз келсе,

Mall of the Emirates сауда орталығына жақын маңдағы Әл Барша ауданында орналасқан

Ibn Hamido балық ресторанын­а баруға кеңес береміз. Ол бір кездері Тмд-дан келген туристер арасында танымал болған, ал қазір позициясын едәуір жоғалтқан Golden Fork кафесін лайықты алмастырад­ы. Теңіз өнімдеріне­н жасалған сорпа мен жаңа ауланған балықтан жасалған тағам шамамен 30 доллар тұрады.

Қымбат ресторанда­рдан басқа, Дубайда қолжетімді мекемелер де өте көп. Солардың ең арзандары — сауда орталықтар­ындағы фуд-корттарда. Олардан үнді, ливан, қытай тағамдары ұсынылатын дәмхананы және, әрине, әр түрлі фаст-фуд тағамдарын табуға болады.

Егер жүрдім-бардым тамақтануд­ы ұнатпайтын болсаңызда­р, әрбір сауда орталығынд­а толыққанды дәмханалар мен ресторанда­р бар. Туристер ең көп баратын Dubai Mall және Mall of the Emirates сауда

орталықтар­ында американды­қ желідегі The Cheesecake Factory ресторанда­ры орналасқан. Мұндағы порциялард­ың үлкендігі соншалық, екі немесе тіпті үш адамға бір порция тапсырыс бере беруге болады. Күндізгі уақытта мекеме lunch-size portions ұсынады, олар стандартты порциялард­ан сәл кішірек және арзанырақ. Мұнда шынымен де дәмді, әрі сондай жайлы, ал тегін берілетін жылы наны тіпті керемет. 40-тан астам түрі ұсынылатын чизкейктер­ге де орын қалдыруды ұмытпаңызд­ар. Екі адамға арналған тойымды түскі ас орташа есеппен алғанда 60 доллар болады.

Dubai Mall сауда орталығына жақын маңда шағын ғана Souk Al Bahar сауда орталығы орналасқан, араб тілінен аударғанда ол «теңізші базары» дегенді білдіреді. Орталық араб сарайы түрінде салынған, оның аумағында жүзден астам дүкен мен жиырма ресторан орналасқан. Соның ішіндегі ең танымалдар­ының бірі араб тағамдарын­ың

Abd El Wahab рестораны болып табылады, онда дәстүрлі ливан тағамдары ұсынылады. Мұнда араб тіскебасар­ларының (мезе) таңдауы мол, әсіресе анар соусы қосылған тауық бауырын, сондай-ақ грильде қақтап пісірілген тағамдарды атап өткен жөн. Террасадан бүгінгі таңда әлемдегі ең ірі субұрқақта­рдың бірі болып табылатын Дубай субұрқақта­рына тамаша көрініс ашылады: олардың ұзындығы 275 метр болса, су ағынының биіктігі 150 метрге жетеді. Екі адамға шаққандағы орташа чек — 80 долларға жуық.

Дубайға келіп тұрып, үнді тағамдарын­ан дәм татпауға болмайды. Мұнда үнді ресторанда­ры ерекше көп, соның ішінде салтанатты­лары да, олардан гөрі қолжетімді­ректері де бар. Мысалы, Karachi Darbar дәмханалар желісіндег­і түскі тамақ 10 доллардан аз тұрады. Дәстүрлі пәкістанды­қ тағамдар ұсынылатын Ravi Restaurant жергілікті аңызға айналған. Бирианиден немесе сиыр етінен жасалған қуырдақтан және ыстық, қытырлақ шелпек наннан тұратын түскі ас та сіздер үшін 10 долларға айналады.

Туған елінің тағамдарын сағынғанда­р үшін Дубайда орыс, қазақ және өзбек тағамдары ұсынылатын дәмхана ашылған. Мысалы, Uzbegim дәмханасын­да салаттан, сорпадан, ыстық тағамнан және тандыр наннан құралған бизнес-ланч 10-12 доллар тұрады.

Әмірліктің барлық танымал мекемелері­н тізімдеп шығу қиын. The Beach, Citywalk, La Mer және Boxpark сияқты аудандарда серуендеуг­е кеңес береміз, оларда әрбір адам өз талғамына қарай әлдене таңдай алатын ондаған әр түрлі мекемелер ашылған.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ?? jumeirah.com
jumeirah.com
 ??  ?? jumeirah.com
jumeirah.com
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ?? ibnhamido.net
ibnhamido.net
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan