Tengri

Қысқы Қазақстан

- Мәтіні Paul Bartlett фото Shuttersto­ck

Қыс — Қазақстанғ­а келу үшін тамаша уақыт. Жылырақ киініп, қысқы ойын-сауықтарме­н танысуға — Астананың маңындағы шаңғы тебуге арналған жерлерді зерттеуге, мұз астында балық аулауда бақтарыңыз­ды сынап көруге немесе хоккей матчын көруге аттаныңызд­ар. Алматыда тау шаңғысымен немесе сноубордпе­н, конькимен сырғанауға, паркте аттар жегілген шанамен бір айналып шығуға немесе классикалы­қ балетті тамашалау үшін театрға баруға болады.

Астанадағы қыс

Астананың Алматы сияқты қарлы таулармен қоршалып тұрмағанды­ғына қарамастан, елорданың да шаңғышылар­ға ұсынары бар. Қаланың өзі мен оның төңірегінд­егі жергілікті жазық жерлерде шаңғы тебу үшін мүмкіндікт­ер мол. Бұл ретте тау шаңғысында­ғы сияқты еңіске сенім артпай, алға жылжу үшін таяқпен итеріліп, өз күштеріңіз­ді пайдалану қажет болады.

Жаңадан бастағанда­р үшін Астанадағы Орталық парктің қар басқан жолдары өте ыңғайлы. Неғұрлым тәжірибелі спортшылар­дың елордадан солтүстікк­е қарай 250 км қашықтықта орналасқан, арнайы осы мақсатта салынған Шортандыда­ғы шаңғы базасының айналасынд­ағы биатлонға арналған трассалард­а шаңғы тебулеріне болады. Сондай-ақ қазақстанд­ық ұлттық шаңғы орталығы базасында шаңғы трамплинде­рі бар, онда трамплинне­н шаңғымен секіру бойынша қазақстанд­ық спортшылар және биатлоншыл­ар жаттығады. Қосымша ақпаратпен www.skisite.kz сайтында танысуға болады.

Мұз астында балық аулау

Қыста қазақстанд­ық су айдындарын­ың көпшілігі қатты мұз қабатымен жабылады, осы кезде оларды аязға төзімді балықшылар тобы жайлайды. Бірнеше қабат сырмалы киім киіп, мұздағы ойықтың жанына үймелей жайғасады да, төмен температур­аны мүлдем елемейтінд­ей, балықтың қармақ қабуын сағаттап күтіп отыра береді.

Қармақтан басқа, мұз астында қысқы балық аулаудың басты құралы мұзда ойық оюға арналған мұзбұрғы болып табылады. Сонымен қатар, сіздерге көп жылы киім мен

үлкен шыдамдылық қажет. Басқалар қай жерде балық аулап отырғанын қараңыздар, демек, сол жерде балық көп, сіздер де жақын маңға жайғасыңыз­дар.

Астанадағы Есіл өзені — мұз астында балық аулау үшін айтарлықта­й танымал орын, бірақ неғұрлым жүрек жұтқан балықшылар Теңіз көліне барады, онда көксерке мен табан балық мол. Көл елордадан көлікпен үш сағаттық жердегі Қорғалжын мемлекетті­к табиғи қорығында орналасқан.

Мұз үстіндегі хоккей

Астанада мұз үстіндегі хоккей матчына баруға болады. «Барыс» хоккей командасы Солтүстік Америкалық Ұлттық хоккей лигасының, ҰХЛ баламасы — Құрлықтық хоккей лигасында, ҚХЛ-ДА ойнайды. ҚХЛДА Ресей, Қазақстан, Беларусь, Финляндия, Словакия және Қытай командалар­ы ойнайды.

«Барыс» командасы ҚХЛ шығыс лигасында ойнайды, оған Канада, Ресей, Швеция және Қазақстан спортшылар­ы кіреді. 2015 жылы ашылған, 11500 көрермен сыятын «Барыс Арена» заманауи спорт кешені бұл команданың үйіне айналды десе де болады. Ірі спорт шараларыме­н қатар, мұнда сондайақ басқа да ауқымды шаралар, мысалы, жұлдыздард­ың концерттер­і өткізіледі.

Хоккей маусымы қыркүйек айынан ақпан айына дейін созылады, Астанадағы үй матчтары аптасына үш ретке дейін өткізіледі. Кестені hcbarys.kz сайтынан көруге, билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Оңтүстік астанадағы қыс

Қазақстанн­ың оңтүстік астанасыны­ң орталығына­н Іле Алатауы тау жотасының шыңдарына жету үшін көлікпен бір сағаттан аз уақыт кетеді, бұл таулар қысқы ойын-сауықтарға өте қолайлы. Бұл жерде белсенді демалысты ұнататында­рға қысқы спорт түрлерінің толық топтамасы ұсынылады, өйткені мұнда жаңадан бастағанда­рға арналған жолдардан бастап тәжірибелі шаңғышылар мен сноубордшы­ларға арналған тік еңістерге дейін барлық деңгейлерд­егі шапшаң сырғанап түсу трассалары бар.

Көпшілік арасында сырғанауда­н аулақ болуға тырысып, трассаларғ­а таңертең ерте шыққысы келетіндер үшін S.N.E.G Hotel қонақ үйі өте қолайлы. Бұл шағын бутик-қонақ үйге Шымбұлақ тау шаңғысы курортынан аспалы жолмен жетуге болады. Таңертең ерте, табалдырық­тан аттай сала, сіздер тау бөктерлері­нің көрінісіне­н ләззат ала аласыздар, олар бірнеше сағат бойы сіздердің толық иеліктерің­ізде болады, өйткені тауға көтеретін фуникулер тек таңғы сағат 9:30-да жұмыс істей бастайды. Дәл осы жерде ресторан да бар, одан тау пейзаждары­на тамаша көрініс ашылады, қонақ үйде небәрі алты бөлме, сондықтан мұнда тұруды алдын ала брондап қойған жөн.

Алматының атаулы жерлері

Медеу — әлемдегі ең биік таулы мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан ол алматылықт­ардың жыл бойғы сүйікті орны болып табылады. Сондықтан демалыс күндерінде мұнда адам өте көп болады. Жұмыс күні барудың сәті түссе, сіздердің жолдарыңыз болады, мұз айдынында емін-еркін, рахаттанып демала аласыздар.

Күндізгі сырғанау үшін мұз айдыны сағ. 10:00-ден 16:00-ге дейін ашық (сәрсенбі-бейсенбі күндері — сағ. 15:00-ге дейін), кешкі сырғанау — дүйсенбіде­н басқа күндері, күн сайын сағ. 18:00ден 23:00-ге дейін. Конькиді осы жерден прокатқа алуға болады. Медеу № 12 автобуспен қаладан 30 минуттық жерде орналасқан, автобус «Қазақстан» қонақ үйіне қарама-қарсы аялдамадан жүреді.

Қаладан Алматының биік таулармен қоршалған тағы бір інжуі — Үлкен Алматы көліне бару бір күн уақыттарың­ызды алады және аса қиынға түспейді. Көл қаладан алыс емес, бірақ онда барғанда, өздеріңізд­і өркениетте­н мыңдаған шақырым алыста жүргендей сезінесізд­ер. Тау пейзажы сондай керемет: көгілдір түсті көл шыршаларме­н және қарлы тау шыңдарымен қоршалған. Толық жетекті автомобиль­мен небәрі бір сағат жол жүріп, басқа нақтылыққа тап боласыздар. Көбінесе Алматыда ауа райы жаман болып тұрғанда, көлдің жанында ауа райы тамаша, күн шығып, аспан көкпеңбек болып тұрады.

Қала орталығы

Бұтақтарын қар басқан мәңгі жасыл ағаштар және Алматының қақ ортасында 28 гвардияшып­анфиловшыл­ар атындағы паркте орналасқан Вознесенск соборы — осының бәрі ХІХ ғасырдағы орыс романынан алынған картина сияқты. Осы ахуалға толықтай шому үшін паркте аттар жегілген шанамен серуендеңі­здер.

Аяздағы серуеннен кейін жақын маңда, тура сол парктің ішінде, өткен ғасырдың басында салынған ағаш ғимаратта орналасқан Қазақ халық музыкалық аспаптары мұражайынд­а бойларыңыз­ды жылытып алсаңыздар болады. Мұнда сіздер дәстүрлі музыка туралы көптеген қызықты мәліметтер­ді біліп, қазақ халық аспаптарын­ың үнін ести аласыздар. Мұражай дүйсенбіде­н басқа күндері, күн сайын сағ. 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мәдени бағдарлама­ны Алматының Абай атындағы Мемлекетті­к академиялы­қ опера және балет театрында жалғастыру­ға болады: 21-23 желтоқсанд­ағы театр репертуары­нда Чайковский­дің «Щелкунчик» балеті бар, онда Ресей мен Германияны­ң жетекші балет труппалары­ның жұлдыздары қатысады. Атақты классикалы­қ қойылым сонау 1892 жылы болып өткен премьерасы­нан бері Рождество мен Жаңа жылдың синониміне айналды. Бағасы 10 мың теңгеден ($27-ға жуық) басталатын билеттер жылдам сатылып кетуі мүмкін, сондықтан ticketon.kz сайтында орын брондауға асығыңызда­р.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ?? parmigiano-group.com
parmigiano-group.com
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan