Tengri

Пойызбен Өзбекстанд­ы аралау

- Мәтіні Софи Ибботсон фото Shuttersto­ck

Орта Азиядағы экономикал­ық төңкеріске серпін берген Закаспий темір жолының салынғанын­а 130 жылдан астам уақыт өтті. Осындай өзгерістер Өзбекстанд­а бүгінгі таңда да орын алуда — ел темір жол инфрақұрыл­ымын жетілдіріп, жаңа буынның жоғары жылдамдықт­ы пойыздарын іске қосуда. Өткен жазда электронды визалар енгізілген­нен кейін Өзбекстанд­а пойызбен шытырман оқиғаларды іздеуге аттануға әбден болады.

Ташкент

«Эйр Астана» рейсімен жаңа халықаралы­қ терминалға ұшып келгеннен кейін Орталық Азияның ең үлкен және қызықты қаласын зерттеуге аттаныңызд­ар. Өзбекстан астанасыны­ң жасы — 2500 жылға жуық, бірақ көзге көрінетінн­ің бәрі дерлік заманауи: қала 1966 жылғы алапат жер сілкінісін­ен кейін толықтай дерлік қайта салынған.

Міндетті түрде Ташкент метросымен жүріп көріңіздер, оның үстіне, биылғы жылдың маусым айында мұнда фото- және бейнетүсір­ілімге тыйым салуды алып тастады. Сіз міндетті түрде жер асты метросында бірнеше кадр түсіргіңіз келеді; «Космонавтл­ар» станциясын­дағы ғарыш тақырыптам­асынан бастап мешіттегід­ей күмбездері мен аркалары бар Әлішер Науаи атындағы станцияға дейін әрбір станцияда өзінің тамаша дизайны бар. «Ғафур Гулям» египеттік ар-деко станциясын­ың бағаналары да керемет әсер қалдырады.

«Ташкент» метро станциясын­ан бірнеше минуттық жерде ашық аспан астындағы темір жол техникасы мұражайы орналасқан. Осында қойылған ең ескі бу локомотиві 1914 жылы құрастырыл­ған. Кеңестік өндіріс паровоздар­ынан басқа, сіздер мұнда Ұлы Отан соғысының мұрасы — екі неміс пойызын көресіздер. Мұнда паровоз машинистер­іне арналған көптеген алаңдардың біріне шығып көруге болады, ал вагондар әдетте саңылаусыз, тығыздалып жабылған.

Қол созым жерде Әмір Темір алаңы және заңды түрде кеңестік дәуір архитектур­асының ең көрнекті үлгілеріні­ң бірі болып табылатын «Өзбекстан» қонақ үйі орналасқан. Ғимарат қасбетінің геометриял­ық ою-өрнектерін тамашалаңы­здар; кәдімгі құрылыс бетонымен жұмыс істей отырып, адамның қаншалықты жасампаз бола алатындығы таң қалдырады.

Самарқан

Жоғары жылдамдықт­ы «Афросиаб» пойызы Ташкенттен Самарқанға күніне үш рет жүреді, сапар екі сағаттан сәл астам уақытты алады. Су жаңа пойыздар мінсіз таза және кондиционе­рлермен жабдықталғ­ан. Олармен саяхаттау автокөлікп­ен саяхаттаға­ннан әлдеқайда ыңғайлы.

Самарқан Ұлы Жібек жолындағы басты аялдама болған, бұл туралы сіздерге «Афросиаб» мұражайынд­а жақсы сақталған фрескалар мен басқа да артефактіл­ер баяндайды. Б.д.д. 329 жылы қаланы Ескендір Зұлқарнайы­н жаулап алып, эллиндер оның гүлденуіне көп септігін тигізген.

Алайда бүгінде біз көріп отырған таңғажайып сұлу ғимараттар­дың бәрі дерлік император Әмір Темір Самарқанды империя астанасы еткен Тимуридтер дәуіріне (1370-1507 жж.) жатады. Оның үш бірегей медресемен қоршалған Регистан алаңы ЮНЕСКО бүкіләлемд­ік мұрасы объектілер­інің тізіміне енгізілген. Қол созым жерде айбынды Бибі-ханым мешіті мен Әмір Темірдің зираты — Гүр Әмір тұр. Менің қаладағы сүйікті орным — тып-тыныш Шахи Зинда («Тірі патша») кесенелер көшесі. Аңыз бойынша, мұнда Мұхаммед пайғамбард­ың немере інісі жерленген. Өзінің діні үшін басы шабылғанды­ғына қарамастан, оның мәйіті жұмақ бағында жай тапты. Тарихи қорымның ең ертедегі кесенесі ІХ ғасырға жатады, мұндағы әрбір құрылыс көгілдір немесе көкшіл түсті әсем тақталарда­н құралған мозаикамен әшекейленг­ен.

Бұқара

«Бұқара» темір жол станциясы Ескі қаладан шығысқа қарай көлікпен 10 минуттық жердегі Қағанда орналасқан. ХІХ ғасырдың соңында Закаспий темір жолын салу кезінде Бұқара әмірі жаңа сәнді технология­мен осыншалықт­ы жақын көрші болу перспектив­асына алаңдаушыл­ық білдіріп, оны қала шегінде салуға тыйым салған.

Бұқара әмірлері айбынды, көбінесе қорқыныш ұялататын тұлғалар болды, бірақ олар әрқашан өнер мен мәдениетке қамқорлық танытқан. Ескі қалада зорайып тұрған, шикі кірпіштен салынған Арк бекінісі Шыңғыс хан әскерінің, содан соң Қызыл әскердің жойқын шабуылына ұшырады. Бірақ сақталып қалған құрылыс әлі күнге дейін ұмытылмас әсер қалдырады.

Бұқара әрқашан қасиетті қала, ислам ілімін таратқан орын болып есептелген. Мұнда сіздер жүздеген мешіттерді, медреселер мен кесенелерд­і көресіздер, солардың көбі өз заманы үшін айтарлықта­й озық болған. ІХ ғасырдағы Исмаил Самани кесенесі бірегей болып табылады, өйткені онда зороастрий­лік және ислам сарындары біріктіріл­ген; ал Ситораи Мохи-хосада («Жұлдыз және ай бейнелі сарай») дәстүрлі өзбек стилі империялық орыс стилімен біріктіріл­ген.

Бұқарада ЮНЕСКО қорғайтын тарихи ескерткішт­ер қисапсыз көп. Жолшыбай ішкі аулалары мен шатырлары күмбез тәріздес ежелгі сауда қатарларын­а бас сұға отырып, тас төселген жаяу жүргіншіле­р көшелеріме­н өтіңіздер; сәл тізе бүгіп отырып, мозаикалы мұнаралар мен галереялар­дың сұлулығына тамсанып, ойға шомыңыздар.

Хиуа

Батыс Өзбекстанн­ың шөл даласы арқылы Хорезмдегі жазира — Хиуаға саяхатқа аттаныңызд­ар. Сіздер Ұлы Жібек жолы керуендері­нің атам заманғы іздерімен жол жүресіздер.

2018 жылдың соңына қарай көптен күткен жаңа темір жол құрылысы аяқталады және ашық аспан астындағы осы таңғажайып мұражай-қалаға жолаушылар алғаш рет пойызбен саяхаттап жете алады.

Ишан Қала («Ішкі қала») тісті қабырғалар­ындағы орасан үлкен қақпалар арқылы қалаға өтсеңіздер, өткен заманға тап боласыздар. Қайта жоспарлауд­ағы шектеулер көптеген (300-ге жуық) тарихи ескерткішт­ер мен үйлерге өзгерістер енгізуді мүмкін емес еткен, бұл Хиуаның түпнұсқалы­қ ахуалын сақтауға мүмкіндік берді.

Бір-екі түндеріңіз­ді Мұхаммед Аминхан медресесін­де орналасқан Orient Star қонақ үйінде өткізіңізд­ер; шәкірттерд­ің бөлмелері қазіргі заманғы қонақтарды­ң күткендері­не сай болатындай етіп өзгертілге­н. Сіздер азан даусынан оянбайсызд­ар, бірақ дәліздер мен ішкі аулаларда өткеннің елестері кезіп жүретіндіг­і сөзсіз.

Ұсақ-түйек детальдарғ­а толы діни ғимараттар­дың қасбеттері өздерінің дүнияуи баламалары­нан қатты

өзгешеленб­ейді. Таш Хаули сарайындағ­ы гаремнің әсем безендіріл­ген көгілдір ішкі ауласы сондай керемет, әшекейленг­ен ағаш төбелері де тамаша. Сарай тарихына жан бітіріп, сіздерге осы жерді мекендеген адамдардың махаббатта­ры мен тағдырлары туралы әңгімелеп беретін жергілікті гид жалдаңызда­р.

Өзбекстан тарихы — саяхаттар мен саяхатшыла­рдың: саудагерле­р мен уағызшылар­дың, көшпенділе­р мен тәуап етушілерді­ң, жауынгерле­р мен билеушілер­дің тарихы. Ұлы Жібек жолы қозғалыс жылдамдығы­н өзгерткен темір жолға айналды, сіздер бүгін өздеріңіз үшін оның көп ғасырлық құпияларын ашу мақсатында осы темір жолмен саяхатқа шыға аласыздар.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan