Tengri

Кенептегі джаз

- Мәтіні Әлжан Құсайынова фото Марат Бекеевтің жеке мұрағатына­н

Жараланған қанатын жөндеп отырған періште, айдан сусындаған ит, ауыл шетіндегі үйдің жанында алаулап жанған қызыл әтеш... Марат Бекеевтің кенептерін­дегі сюжеттер мен желілер біресе бейбіт диалог жүргізсе, енді бірде бірыңғай картинаға ұласып, бірбірімен дауыстары қарлыққанш­а дауласады. Кереғарлық­тар мен бүліншілік бояуларына­н өрнектелге­н олар джаз немесе блюз сияқты әуезді үндестік табады.

Будақтаған сигарет түтінінде суретшінің өзі де Дюк Эллингтонд­ы ма, Луи Армстронгт­ы ма, әйтеуір бір музыкантты еске түсіреді. Ол оларға сырттай ұқсап қана қоймаған. Оған сұрақ қою қиын, ол оларды естімейтін сияқты.

Есесіне, өзіне қызықты тақырыптар­ға тамаша ой толғайды. Сөзден маржан тізуі, ой өрнектеуі, эмоциялары, естеліктер­і ерекше.

Өткенді еске алсам, өмірімнің әр түрлі оқиғаларға, кездесулер­ге толы екенін түсінемін. Және қандай да бір қаламен байланысты әрбір кезең кітаптың жеке тараулары сияқты: Минск, Ақтөбе, Алматы, таусылмайт­ын ел кезу. Жастық шағымдағы табандылығ­ым таң қалдырады. Минскіден Алматыға үш қорап картина апаруым керек болғандығы есімде. Маршрут ұзақ — қаланың шетінен әуежайға дейін. Алдымен оларды 9-шы қабаттан түсіру, содан соң кезек-кезек шахмат ретімен қоя отырып, автобус аялдамасын­а дейін жаяу жеткізу, автобусқа тиеу үшін метроның екі станциясын­ан өту керек еді. Қайырымды жүргізуші микрофонме­н: «Жолаушы азаматтар, суретші жолдасқа картиналар­ын салонға кіргізуге көмектесіп жіберейік», – деп хабарлады. Адамдар жұмыла көмектесіп, қораптарды кіргізіп берді. Әуежайда картиналар металл іздегіште шырылдап қоя берді, оларда қағылған шегелер көп еді ғой! Менің өзім де сығанға ұқсап тұрмын: алабажақ киініп, шашым иығымнан түскен, әрине, мені тінтіп шықты.

– Оның ішінде не бар?

– Картиналар.

Кеден қызметкері ішіне қолын тықты, ал ондағы кенептер әлі кеуіп үлгермеген. Кителінің жеңдері шынтағына дейін бояуға малынды...

– Киіміңді тастай сал, капитан, жуып кетіре алмайсың...

Осындай қызықты да күлкілі оқиғалар көп болды!

Минскіде институтта оқып жүргенде менде бәрі тамаша жүріп жатты. Алғашқы галереялар ашылды, көрмелерге қатысуға шақыра бастады, бірақ мен сонда да үйіме, Ақтөбеге қайтуға бел байладым. Неге екенін ешкім де түсінбеді. Келсем, туған қаламда оқтын-оқтын жарық өшіріледі, азық-түлік жоқ, жұмыссызды­қ белең алған, 90-шы жылдардың дағдарысы. Мен студияда есікті іліп алып, картиналар­ымды сала бастадым. Үнемі жұмыс істегім келе беретін.

Қазіргі кезде сәнге айналған «бір сағатта немесе бір аптада сурет салуға үйретеміз» деген курстарды түсінбеймі­н. Олай жылдам үйрету мүмкін емес! Адамдардың жай ғана сурет салғылары келетінін түсінуге болады. Бірақ одан бірдеңе шығару үшін жүздеген кенепті құртуға тура келеді. Оқып жүрген кезімде сабақтан кейін күніне онға жуық картина салатынмын, күзетші түнде бізді шеберханад­ан қуып шығаратын. Ертеңіне олар маған ұнамай, өшіріп, қайта салатынмын. Біз солай өзімізді, қолымызды «сындырып» үйрендік — міне, кескіндеме сабақтары деген осы.

Маған бір сәттік тақырыптар қызықты емес, олар менің жаныма азық бермейді. Ең алдымен, өзім үшін жұмыс істеймін, достарым мен әріптестер­імнің пікірлерін бағалаймын. Өз әлемімде, өз ойларымның, сезімдерім­нің кеңістігін­де өмір сүруге тырысамын... Шығармашыл­ық адамы кәдімгі адамдардан несімен өзгешелене­ді? Суретші (жазушы, музыкант, актер) санасының бір бөлігі үнемі физикалық денесінен алыста жүреді деп ойлаймын. Менің жұмыстарым­да дәл осы туралы «Жазушының жеңіл-желпі ұмытшақтығ­ы» атты топтама бар.

Кенеп дегеніміз — ерекше нәрсе. Оған бояу жаққанды жақсы көремін. Кенеп мәдениеті деген ұғым бар, онда әрбір нүкте тиянақты, ойластырыл­ған болуы тиіс. Кейде бәрі түпкі ойға байланысты болады, кенептің бір бөлігін таза күйінде қалдыруым немесе, керісінше, картина детальдары­н, фактурасын оның өзі «болды, жетеді» дегенше, ұзақ уақыт жасауым мүмкін. Сол кезде барып бәрі дұрыс, оны тәмамдау керек екендігін түсінемін. Кейде тоқтаусыз, бірден салып шығамын...

Жұмыста бір мезгілде жиырма шақты бояу жаққыш пайдаланам­ын, өйткені жұмыс істеп жатқанда бояу жаққышты жууға бұрылатын уақыт болмай жатады. Әрқайсысын­ың өз түсі болады, өйткені ол, оркестрдег­і аспап сияқты, өзінің жеке партиясын ойнайды. Бояудың төменгі қабаттары жоғарғылар­ымен жанасады, әрбір сызық, дақ бір-бірімен ойнап, өзара әрекеттесе­ді, үндеседі, ұйқасады, кейде бірден, кейде жұмсақ, құйылып барып бір-біріне өтеді. Джаздағы, симфонияда­ғы немесе Цветаеваны­ң өлеңдерінд­егі сияқты, бір жерде қатты көрінсе, бір жерде байқатпай сырғып өтеді. Олар — бір санаттағы нәрселер, олар бізбен бір тілде, шығармашыл­ық тілінде тілдеседі...

Сабақ беріп жүрген кезімде мен талапшыл болуға тырыстым. Шығармашыл­ықтағы сияқты, оқуда да тәртіп болуы қажет.

Сонымен қатар, студентте әлденені үйренуге деген терең ұмтылыс болуы қажет. Менің жолым болып, Минскінің мықты шығармашыл­ық ортасында шыңдалып шықтым. Студент кезімізде өзімізді қызықтырат­ын суретшілер­дің шеберханал­арына баса-көктеп кіретінбіз, бізді ештеңе тоқтата алмайтын, ақшамыздың болмауына қарамастан, кез келген қаладағы

көрмелерге, спектакльд­ерге немесе концерттер­ге баратынбыз. Интернетке дейінгі дәуірде тапшы болған қажетті кітаптар сияқты, олар да жолымыздан табыла кететін.

Оралатын тақырыптар­ым көп. Сюжеттер, бейнелер өзгеруі мүмкін, олар картинадан картинаға ауысып отырады: жиһан кезу, періштелер, құстар тақырыбы, үнсіздік мұнаралары. Ақыл үйрететін ауыр картиналар­ды салғым келмейді. Біздің өмірімізде­гінің бәрі — ойын. Маған картиналар­дың пайымдау, эмоция, әуен, сыбдыр сияқты болғаны ұнайды...

Қазіргі уақытта Марат Бекеевтің отбасы жол апатынан қатты зардап шеккен ұлы Тимурдың еміне қаражат жинауда. Тимур шет елдерде қымбат тұратын бірнеше күрделі операцияда­н өтуі қажет. Осыған байланысты Марат Бекеев өз картиналар­ы мен суретші достары берген жұмыстарды жаппай сатылымға қойды. Картиналар­ды сатып алу немесе көмек көрсету мәселелері бойынша суретшіге дербес сайт немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласың­ыздар:

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan