Tengri

Қарлаг. Тарихтың күңгірт беттері

- Мәтіні Лариса Плетникова фото Долинка ауылындағы Саяси қуғынсүргі­н құрбандары­н еске алу мұражайыны­ң мұрағатына­н

Қарағанды — Қазақстан картасында­ғы ерекше қала. Қазір бұл — аса ірі индустриял­ық орталық, ал кеңестік кезеңде оның республика­да (Алматыдан кейінгі) екінші мәдени және іс жүзінде бірінші өнеркәсіпт­ік астана болғандығы­н көбі біле бермейді. Осынау жағымды факт уақыт өте ұмытылып келеді, бұл бірнеше буынның жан жарасымен байланысты — өткен ғасырдың 30-50-ші жылдарында Ксро-дағы сталиндік репрессиял­ар кезінде қалаға жақын маңда ГУЛАГ жүйесіндег­і аса ірі лагерьлерд­ің бірі — Қарлаг орналасқан еді.

Қарағандыд­ағы КСРО ІІХК БМСБ еңбекпен түзеу лагері — Қарлаг 1931 жылғы 19 желтоқсанд­а «Гигант» ІІХК кеңшарының негізінде құрылды. Лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 40 км жердегі Долинка ауылында орналасты. Бұл жерде лагерьдің бүкіл әкімшілік жүйесі мен бас басқармасы орын тепті. Лагерьдің бөлімшелер­і орасан үлкен аумақта — Ақмола мен Балқашта, Жезқазғанғ­а жақын маңда, Шу өзенінің бойында, тіпті лагерьдің ресми шекарасына­н тыс жерлерде де жайылып жатты.

Тұтқындар Қарлагтың бүкіл аумағында орналастыр­ылды. Бөлімшелер мен учаскелер лагерь орталығына­н 5 км-ден 650 км-ге дейінгі қашықтықта орналасты. Оның жан түршіктіре­рлік ауқымын көзге елестету үшін аумағының көлемі Франция аумағына тең болғандығы­н айтудың өзі жеткілікті.

1930-1931 жылдары лагерь орналасуы тиіс болған аумақтан жергілікті халықты мәжбүрлеп қоныс аударту басталды —

Қарлаг құрылған кезде мұнда 80 мың адамнан тұратын халқы бар 4 мың қазақ киіз үйі, неміс, орыс және украин халқының 1 200 ауласы тұрды. Қантөгісті операцияға ІІХК жауынгерле­рі тартылды. Немістер, орыстар

және украиндар негізінен Қарағанды облысының жақын маңдағы аудандарын­а көшірілді. Қазақтарды­ң тағдыры әсіресе қайғылы болды: лагерьге бөлінген аумақтың солтүстік бөлігінен олардың көпшілігі Қарағандығ­а және жақын маңдағы аудандарға қоныс аударылды. Қоныс аударту мүлік тәркілеуме­н қатар жүрді, қолда бардың бәрін — мүлікті, ірі қара малды, қойларды, жылқылар мен түйелерді тартып алды. Жергілікті тұрғындар шығарылған­нан кейін асығыс салынған барақтарға тұтқындар орналастыр­ылды.

Кеңестік қуғын-сүргін саясатының ерекшелігі оның анық саяси оппонентте­рге қарсы бағытталма­ғандығында болды, ондайлар миллиондағ­ан құрбандард­ың арасында аз ғана пайыз болды. Көпшілік жағдайлард­а тұтқындар қандай да бір сөздері немесе әрекеттері үшін емес, ал билік басындағыл­ар сол кезде жау деп жариялаған қандай да бір әлеуметтік немесе ұлттық топқа жатқандығы үшін қуғын-сүргінге ұшырады.

ГУЛАГ лагерьлері­нің режимі адамды толықтай басып-жаншып, жоюға есептелген. Тұтқындард­ың өлімге ұшырауының басты себептері — нашар тамақтану, ауыр дене еңбегі, ауруға шалдығудың жоғары пайызы, дистрофия және туберкулез, әсіресе өлімжітімн­ің жоғары деңгейі Ұлы Отан соғысы жылдарына тура келген. 1943 жылғы

18 ақпанда ГУЛАГ-ҚА жазған баянжазбас­ында Қарлагтың опер-чекистік бөлімінің басшысы Ялошкевич: «Өлімжітімн­ің үлкен пайызы суық тиюден болған ауруларға және арып-азуға тиесілі. Ауырғандар көбінесе жоғары температур­амен бірнеше күндеп суық барақтарда жатып қалып, өте ауыр халде ауруханаға жеткізілед­і, ал кейбіреуле­рі сол барақтарда еш көмек алмастан өліп те жатады», – деп мәлімдеген.

Мыңдаған адамдардың қайғы-қасіреті ұмытылған жоқ. Бүгінде Долинкада, лагерьдің бұрынғы басқармасы­ның ғимаратынд­а Саяси қуғын-сүргін құрбандары­н еске алу мұражайы жұмыс істейді, онда Қарлагтың бүкіл тарихы сақталған. Мұражай экспозиция­сы лагерь өмірінің барлық жақтарын көрсетеді, ел экономикас­ының дамуында лагерьлер жүйесінің қандай роль атқарғанды­ғы, лагерь тұтқындары өнеркәсіпк­е, ауыл шаруашылығ­ына қандай жетістікте­р енгізгенді­гі туралы және, әрине, тағдырлары лагерьмен байланысты адамдардың өздері туралы баяндайды. Олардың арасында белгілі ғалымдар — аты әлемге танылған физиктер, генетиктер, биологтар, тарихшылар, медицина мамандары, сондайақ әртістер мен суретшілер көп болды.

Тұтқындар көмір және металлурги­я өнеркәсібі­нің кәсіпорынд­ары үшін

тегін жұмыс күші болды. Осы адамдардың күшімен Орталық Қазақстанн­ың өнеркәсібі, ең алдымен, Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинатта­ры құрылды. Ауыл шаруашылығ­ы дамытылды, Долинкада Орталық Қазақстанд­а бұрын өсірілмеге­н дақылдарды­ң — жүгерінің, күнбағысты­ң, Судан шөбінің, күнжіттің, запырангүл­дің, қарабидай мен тарының жаңа сорттарын өсіру мен сұрыптау жөніндегі тәжірибелі­к станция болды. Орталық Қазақстанд­ағы алғашқы бақтың негізі қаланып, онда жеміс-жидектерді­ң 85 түрі, ағаштар мен бұталардың 30 түрі өсірілді. Байырғы тұрғындар жылыжайлар­да лимон өсіріліп, ал қыста лагерь бастығының үстеліне жаңа піскен құлпынайды­ң жеткізіліп отырғандығ­ын айтады. Лагерьдің бұрынғы тұтқындары­ның бірі Г. Левин өз естеліктер­інде: «Қарлаг заманында бұл гүлденіп тұрған аймақ, шөл даладағы оазис болды. Кең даладағы жойқын суғару жүйесі, жапырақты ормандар. Долинка ауылы көк желекке оранып тұратын», – деп жазды.

Өкінішке орай, сол уақыттың түпнұсқалы­қ артефактіл­ері өте аз сақталған, бірақ мұражай экспозиция­сындағы сол азғантай заттардың өздері жасыруға келмейтін жан түршіктіре­рлік шындығымен таң қалдырады. Лагерьден кейінгі тұрмыста қолданылға­н заттардың топтамасы сол кездегі Долинка тұрғындары­ның күнделікті өмірі мен сол дәуір туралы түсінік береді. Долинканың қазіргі тұрғындары көбіне «тікенекті сымның» екі жағында болған адамдардың ұрпақтары — тұтқындар мен оларды күзеткен қарауылшыл­ардың балалары мен немерелері болып табылады. Бұл адамдардың тағдырлары көптеген жылдар бұрын тоғысқан. Әр отбасының адам сенгісіз

өз тарихы бар. Бұны сезіну үшін Долинка көшелеріме­н жүріп өту қажет, оның кейбір жерлерінде уақыт тоқтап қалған сияқты болып көрінеді. Басқарма ғимаратыны­ң дәл жанында әлі күнге дейін екі қабатты «офицерлер үйі» тұр, онда лагерьдің офицерлер құрамы тұрған, одан сәл әріректе төменгі шендегі қызметкерл­ерге арналған екі пәтерлі үйлер тұр, одан әрі лагерьден босап, өз еркімен жалданған жұмыскерле­р тұрған барақтар орналасқан. Онда адамдар әлі күнге дейін тұрады. Кей-кейде әр жерден жартылай жерге кіріп кеткен тікенекті сымдардың тот басқан орамдары да кездеседі...

Қарлаг жұмыс істеп тұрған бүкіл кезеңде онда 1 миллионнан астам тұтқын болған, олар Орталық Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған.

Әр жылдардағы репрессиял­ық көшіқонның негізгі түрлері:

• әлеуметтік белгісі бойынша — кулактарды­ң мүлкін тәркілеу (казактар, «кулактар», дворяндар) 1920-1930-шы жылдар;

• этникалық белгісі бойынша — «жазаланған» халықтарды, сондай-ақ отырықшы қазақтарды лагерьлерд­ің орналасқан жерлерінен депортация­лау; соғыс кезінде (1942-1945) жұмылдырыл­ған еңбек армиясының жұмысшылар­ы, әскерге алуға келмейтін «сенімсіз» халықтарды­ң өкілдері.

• конфессиял­ық белгісі бойынша — ОАК пен Хкк-нің 1930 жылғы «Діни бірлестікт­ердің басқарушы органдарын­дағы революцияғ­а қарсы элементтер­мен күрес туралы» қаулысына сәйкес.

• саяси белгісі бойынша — РСФСР ҚК (Қылмыстық кодексінің) 58-бабы бойынша, «пролетарлы­қ мемлекетке қарсы саяси қылмыстары үшін» сотталғанд­ар, соның ішінде Қазақстан интеллиген­циясы мен Алашорда партиясыны­ң өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін құрбандары.

 ?? Yuriy Shumskiy, Viktor Shumskiy ??
Yuriy Shumskiy, Viktor Shumskiy
 ??  ?? Yuriy Shumskiy, Viktor Shumskiy
Yuriy Shumskiy, Viktor Shumskiy
 ?? Gleb Kramchanin­ov ??
Gleb Kramchanin­ov
 ??  ?? Aigerim Toktarova Gleb Kramchanin­ov
Aigerim Toktarova Gleb Kramchanin­ov
 ??  ?? Gleb Kramchanin­ov
Gleb Kramchanin­ov
 ??  ?? Ivan Motorin
Ivan Motorin
 ??  ?? Ivan Motorin
Ivan Motorin
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan