«ЭЙР АСТА­НА» ӘУЕ КОМ­ПА­НИ­Я­СЫ­НЫҢ ТІР­КЕЛ­ГЕН ЖОЛЖҮКТІ ТА­СЫ­МАЛ­ДАУ КЕЗІН­ДЕ­ГІ ЖА­У­АП­КЕР­ШІЛІ­ГІ

Tengri - - Air Astana | Useful Information -

Га­а­га Хат­та­ма­сы­мен то­лы­қты­ры­лған Вар­ша­ва Кон­вен­ци­я­сы бой­ын­ша, жол­жүк жоғалған, за­қым­далған жағ­дай­лар­дың бәрін­де әуе ком­па­ни­я­сы­ның жа­у­ап­кер­шілі­гі бір ки­ло­грамм үшін Ақш-тың 20 дол­ла­ры­мен шек­те­летініне на­зар­ла­ры­ңы­зды ауда­ра­мыз. Егер жо­ла­у­шы­ның жол­жү­гі «құн­ды жол­жүк» аны­қта­ма­сы­на жатқы­зыл­са, он­да әуе ком­па­ни­я­сы мұн­дай жағ­дай­лар­да жолжүкті сақтан­ды­ру­ды ұсы­на­ды.

«Эйр Аста­на», же­тек­ші әуе ком­па­ни­я­ла­ры­ның көп­шілі­гі си­яқты, тір­кел­ген жол­жүк­тің бол­ма­шы за­қым­далға­ны үшін жа­у­ап бер­мей­ді, яғ­ни сы­нған доңға­лақ­ша­лар, жоғалған бекіту лен­та­ла­ры, ша­ба­дан­дар­дың жұлы­нған тұтқа­ла­ры, сон­дай-ақ ұзақ пай­да­ла­ну­дан то­зған ша­ба­дан­дар­дың сызаттанға­ны, қа­жалға­ны, май­ы­сқа­ны, ла­станға­ны үшін.

СЫНҒЫШ ЖӘНЕ ҚҰН­ДЫ ЗАТТАР­ДЫ ЖОЛЖҮКТЕ ТА­СЫ­МАЛ­ДАУ

Сіз­дер­ден өті­нетіні­міз, сынғыш және тез бүлі­нетін заттар­дың бүтін­ді­гіне, сон­дай-ақ ша­ба­дан­ның ішін­де сы­нған шы­ны ыдыс пен тө­гіл­ген сұй­ық үшін әуе ком­па­ни­я­сы­ның жа­у­ап бер­мей­тінін естеріңіз­де сақтаңы­здар. Жо­ла­у­шы өзінің тір­кел­ген жол­жү­гінің ішіне ақ­ша, құ­жат­тар, дәрі-дәр­мек­тер, асыл та­стар мен ме­тал­дан жа­салған бұй­ым­дар­ды, фо­то­ап­па­рат­тар­ды, но­ут­бук­тар­ды,бей­не­ка­ме­ра­лар­ды, ұя­лы те­ле­фон­дар­ды, кілт­тер­ді және т.с.с. сал­мауы тиіс. Мұн­дай заттар­ды жо­ла­у­шы жол­жүк­ке тап­сыр­ма­стан, өзі­мен бір­ге алып жүру­ге мін­дет­ті.

ЖОЛЖҮКТІ ОРАУ ТУ­РА­ЛЫ ҰСЫНЫСТАР

Та­сы­мал­дау кезін­де жол­жүк­тің за­қым­да­луы­на, сон­дай-ақ са­лы­нған жол­жүк­тің кем шы­ғуы­на бай­ла­ны­сты жай­сыз жағ­дай­лар­ды бол­дыр­мау үшін, «Эйр Аста­на» өз жо­ла­у­шы­ла­ры­на код­тық неме­се то­пса­лы құлып са­лы­нған төзім­ді ша­ба­дан­дар пай­да­ла­ну­ды ұсы­на­ды. Егер сіз­дер жұм­сақ ша­ба­дан­дар­ды пай­да­ла­на­тын бол­саңы­здар, он­да жолжүкті жіңіш­ке арқан­мен неме­се бекіту лен­та­сы­мен бай­лаңы­здар неме­се оны по­ли­эти­лен плен­каға ораңы­здар.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.