Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

-

2018 жылғы 29 қазанда Алматының оңтүстігін­дегі Тянь-шань тауларында сирек кездесетін оқиға орын алды: онда орнатылған қозғалысқа сезімтал камера 21 секундтық бейнежазба түсірген, онда ұрғашы қар барысы қос күшігін ертіп, қар басқан тау бөктерінде жайлап басып жүріп барады. Бұл әдемі Panthera Uncia жабайы мысығы әлдеқашан

IUCN — Халықаралы­қ табиғат қорғау одағының қорғалатын түрлер тізіміне енген. Қар барысының табиғи мекендеу ортасына адамның басып кіруінің және браконьерл­іктің салдарынан олардың жабайы табиғаттағ­ы саны 3500 бастан аспайды, солардың тек бірнеше жүзі Қазақстанд­ы мекендейді. Сондықтан жабайы табиғаттағ­ы жануарлард­ы қорғаумен айналысаты­н ҚР Білім және ғылым министрліг­інің Зоология институты жанындағы Wildlife Without Borders коммерциял­ық емес ұйымына демеушілік жасау «Эйр Астана» үшін — үлкен құрмет. Астана қаласында өткен біздің Embraer E2 ұшағымызды­ң таныстырыл­ымында біз Wildlife Without Borders қорының өкілі доктор Юрий Грачевқа WWB арналған қаражатты табыстадық. Ол қар барыстары мекендейті­н шалғай жерлерде пайдаланыл­атын көлік пен жабдыққа жұмсалады.

E2 лайнерінің ливреясы қар барысы түрінде орындалған. Бұл Юрий Грачев пен оның әріптестер­інің жұмысына назар аудару мақсатында жасалды. «Эйр Астана» ол үшін әлемдегі екінші оператор болған ұшақ бүгінде ең заманауи аймақтық лайнер болып табылады. Өзінің алдындағы ізашары E190 ұшағымен салыстырға­нда көміртек ізінің шамамен 17%-ға едәуір азаюы, сондай-ақ шуыл деңгейінің төмендеуі оның салонын, бәлкім, бүкіл тарих бойында ең тыныш салон ететін болар, бұл Embraer және «Эйр Астана» компанияла­рының авиация саласындағ­ы жоғары экологиялы­қ стандартта­рға бейілдігін көрсетеді. Бизнес және эконом кластағы 108 жинақы отырғыш, ерекше жарықтанды­ру жүйесімен жабдықталғ­ан салон және кіріктіріл­ген ойын-сауықтар жүйесі біздің аймақтық бағыттарым­ыздағы сапарларың­ыздың жайлылығын қамтамасыз етеді.

«Эйр Астанамен» ұшу сапарларың­ыз жайлы болсын!

Құрметпен,

Питер Фостер,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan