ҰШУҒА ДАЙЫНДАЛУ

Tengri - - Air Astana | Useful Information -

ӘУЕ БИЛЕТІН БРОН­ДАУ

Ұшу­дың баға­сын бі­лу, үй­ден неме­се кең­се­ден шы­қ­пас­тан, әуе билетін брон­дау неме­се ресім­деу үшін сіз­дер +7 (727) 244-44-77 (Ал­ма­ты қ-сы) неме­се 58-44-77 (Қа­за­қстан­ның басқа қа­ла­ла­ры) те­ле­фон­да­ры арқы­лы әуе ком­па­ни­я­сы­ның брон­дау және ақ­па­рат ор­та­лы­ғы­на ха­бар­ла­са ала­сыздар.

ӘУЕ БИЛЕТІН СА­ТЫП АЛУ

Әуе билетін ресім­деу кезін­де аты-жөніңіз бен те­гіңіздің дұрыс жа­зы­лға­ны­на на­зар ауда­ру қа­жет. Кей­бір ел­дер­дің та­лап­та­ры бой­ын­ша, қай­ту кезіне қа­рай төлқұ­жат­тың жа­рам­ды­лық мерзі­мі 6 ай­дан аз бол­мауы тиіс.

Қа­за­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аумағын­да төлем ұлт­тық ва­лю­та — тең­ге­мен жа­са­ла­ды. Мен­шік­ті са­ту кең­се­лерін­де ұшу ақы­сын қол­ма-қол ақ­ша­мен, сон­дай-ақ төлем кар­та­сы­мен, қол­ма-қол ақ­ша­сыз төлем­мен, Homebank, Kaspi.kz пор­тал­да­ры, «Қаз­ком», «Ре­сей Жи­нақ бан­кі» серік­тес-банк­тері неме­се «Кас­са 24», QIWI төлем тер­ми­нал­да­ры арқы­лы төле­у­ге бо­ла­ды.

Әуе ком­па­ни­я­сы­ның www.airastana.com кор­по­ра­тив­тік веб-сай­тын­да әуе би­летіне төлем жа­сау үшін сіз­дер қол­да­ны­стағы кре­дит­тік неме­се де­бет­тік кар­та­ны пай­да­ла­на ала­сыздар. «Эйр Аста­на» әуе ком­па­ни­я­сы кез кел­ген банк­тің Visa, Mastercard және American Express кар­та­ла­рын бел­гілі бір шек­те­улер­мен төле­у­ге қа­был­дай­ды. Төлем жа­саған­нан кей­ін сіз­дер ресім­деу ба­ры­сын­да көр­сетіл­ген элек­трон­ды ад­рес­ке әуе билетін ала­сыздар.

ТА­РИФ­ТЕР

Әуе ком­па­ни­я­сы, жаста­ры 25-тен тө­мен және 60-тан жоға­ры жо­ла­у­шы­ларға ар­налған ар­найы та­риф­ті қо­са есеп­те­ген­де, та­риф­тер­дің түр-түрін ұсы­на­ды.

* Де­ли­ге/ден бағы­ты бой­ын­ша 28 жасқа тол­маған жо­ла­у­шы­лар үшін ар­найы та­риф қол­да­ны­ла­ды.

Ха­лы­қа­ра­лық рей­стер­де: •

же­ке орын ал­май­тын және ере­сек жо­ла­у­шы алып жүретін 2 жасқа дей­ін­гі бір ба­ла­ны та­сы­мал­дау — те­гін, бірақ кей­бір ха­лы­қа­ра­лық рей­стер­де әу­е­жай алым­да­рын төлеу қа­жет бо­ла­ды;

же­ке орын бе­ре оты­рып, 2 жасқа дей­ін­гі ба­ла­лар­ды та­сы­мал­дау – алып жүретін ере­сек жо­ла­у­шы­ның тиісті та­ри­фінің 50%-ы мөл­шерін­де­гі төлем;

бір ере­сек жо­ла­у­шы алып жүретін 2 жастан 12 жасқа дей­ін­гі әр ба­ла­ны та­сы­мал­дау — алып жүретін ере­сек жо­ла­у­шы­ның тиісті та­ри­фінің 50%-ы мөл­шерін­де­гі төлем.

• • Іш­кі рей­стер­де: •

же­ке орын бе­русіз 2 жасқа дей­ін­гі бір ба­ла­ны та­сы­мал­дау – те­гін;

жо­ла­у­шы ер­тіп жүретін 2 жасқа дей­ін­гі басқа ба­ла­лар­ды та­сы­мал­дау — то­лық та­риф­тің 50%-ы мөл­шерін­де­гі төлем және же­ке орын бе­ру;

2 жастан 15 жасқа дей­ін­гі ба­ла­лар­ды та­сы­мал­дау – то­лық та­риф­тің 50%-ы мөл­шерін­де­гі төлем. * Ес­керт­пе. Төлем жа­са­у­сыз ұша­тын ба­ла­ларға жол­жүк­ті те­гін та­сы­мал­дау құқы­ғы және са­лон­да же­ке орын беріл­мей­ді. Біздің ар­найы ұсы­ны­ста­ры­мыз ту­ра­лы ақ­па­рат­ты www.airastana. com сай­ты­нан та­ба ала­сыздар.

• • РЕЙСТЕРГЕ ТІРКЕУ

Ха­лы­қа­ра­лық бағыт­тар­дағы рей­ске тіркеу ұшу­дан 3 сағат бұрын және іш­кі рейстерге тіркеу ұшу­дан 2 сағат бұрын ашы­ла­ды. Ұшуға 40 ми­нут

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.