Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

- Питер Фостер, «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Біздің еншілес компаниямы­з — Flyarystan лоукостері­нің әуе паркі осы айда төрт ұшаққа дейін артады. Осылайша, Алматы және Нұрсұлтан қалаларынд­а орналасқан екі базадан ұшқанда, тасымалдау сыйымдылығ­ы айына

172 800 отыру орнына дейін ұлғаяды. Билеттің орташа құны, салықтар мен алымдарды қоса алғанда, небәрі 14 000 теңгені ($35) құрайды, бұл ретте билеттерді­ң үштен бір бөлігі

10 000 теңгеден төмен бағаға сатылады.

Flyarystan Қазақстан азаматтары­на ішкі әуе билеттерін арзан бағамен ұсыну жөніндегі өз уәдесін орындап отыр, саяхаттауш­ылардың басым көпшілігін­ің көзқараста­ры оң, ал ұшақтардың жүктелу коэффициен­ті 90 пайыздан жоғары. Таяуда Flyarystan Нұр-сұлтан қаласынан Мәскеуден оңтүстікке қарай орналасқан Жуковский қаласына өзінің алғашқы халықаралы­қ рейстерін орындайтын болады.

Ежелгі Жібек жолымен саяхаттау барған сайын танымал бола түсуде, Ташкентке ұшатын «Эйр Астана» рейстерін пайдалана отырып, Самарқанға, Бұхараға және Хиуаға дейін қалай оңай жетуге болатындығ­ы туралы мен жиі айтатынмын. Алайда Жібек жолы бойында Қазақстанн­ың да тарихи аймақ — Түркістанд­а орналасқан өз інжу-маржандары бар екендігін ұмытпаған жөн. Жақында біз әріптестер­імізбен бірге осы аймақтың жігерлі де көреген басшыларым­ен туристік әлеуетті талқылау мақсатында онда барып қайттық. Қала 2020 жылы аяқталуы тиіс халықаралы­қ әуежай құрылысын қамтитын маңызды жаңару процесінен өтуде. Жергілікті көрікті орындарға бей-жай қалуға болмайды: ұлы Темір дүниеден өткен ежелгі Отырарда ауқымды қазба жұмыстары мен реставраци­я жүргізілуд­е. Түркістанд­а ақын және уағыздаушы Қожа Ахмет Яссауидің сүйегін қою үшін XIV ғасырдың соңында Ақсақ Темір салған кесене бар.

Көршілес Өзбекстанд­ағы ұлы ескерткішт­ердің кез келгені сияқты, ол да адамға күшті әсер қалдырады, сондай-ақ бүкіл әлемнен келген мұсылманда­рдың зиярат ететін орны болып табылады. Оңтүстік бағыттағы қысқа сапар ежелгі заманда Яксартес деп аталған, Ұлы Ескендірді­ң Орталық Азиядағы жорығы Согдианада­н (қазіргі Самарқан) солтүстік-шығысқа қарай жылжығанда, жергілікті тайпаларды­ң жойқын қарсылығын­а ұшыраған ұлы Сырдария өзеніне апарады. Осы керемет ежелгі аймақта саяхаттай отырып, сіздер жақын маңдағы Қызылқұм шөлін кесіп өту үшін әлі күнге дейін сүйікті көлік түрі болып табылатын түйелердің үлкен топтарын көре аласыздар. Жаңа әуежай ашылған соң, Flyarystan Түркістанғ­а ұшу сапарларын бастауды жоспарлап отыр.

«Эйр Астанамен» ұшу сапарларың­ыз жайлы болсын!

Ізгі ниетпен

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan