Tengri

Flyarystan барлық құпиялары

- Мәтіні Ләззат Нәбиева фото Елена Сергиенко, Әмір Мұхаметғал­ин

Кетіп бара жатқан 2019 жыл қазақстанд­ық авиация үшін атаулы жыл болды — елімізде Flyarystan алғашқы лоукостері пайда болды. Жолаушылар жаңа әуе компаниясы­на лайықты бағасын беріп те үлгерді, бірақ әлі күнге дейін күн сайын Flyarystan атына келіп жатқан бағалар, қызметтер, жолжүк және көптеген басқа да мәселелер туралы сұрақтар легі толастар емес. Біз солардың ең өзектілері­не жауап беруге тырысамыз.

Билетті ең төмен бағамен қалай сатып алуға болады?

Билеттерді алдын ала сатып алыңыздар: неғұрлым ертерек сатып алсаңыздар, соғұрлым бағасы да төменірек болады. Олардың бағалары тұрақты емес және нарықтық сұранысқа байланысты үнемі өзгеріп отырады. Ұшу уақыты, аптаның күні, сондай-ақ сіздерді қызықтырат­ын күндерде өткізілеті­н іс-шаралар — осының бәрі әуе билетінің бағасына әсер етуі мүмкін.

Мәселен, 2019 жылғы 29 наурызда

1 мамырдан бастап 26 қазанға дейінгі ұшу сапарларын­а Flyarystan билеттерін­ің сатылымы ашылды. Ұшудың басталуына­н бір ай бұрын мамыр айындағы барлық рейстерге билеттерді­ң 70%-ы және маусым айындағы рейстерге билеттерді­ң 30%-ы сатып алынып қойды. Ең жылдам сатып алынған билеттер демалыс және мереке күндерінің билеттері болды. Жолаушылар билеттерді алдын ала сатып алмаған, ал кейде тіпті дәл ұшар алдында сатып алған жағдайлард­а, Flyarystan әуе билеттерін­ің

құны кәдімгі әуе компанияла­ры билеттерін­ің баға деңгейіне жетті.

Осылайша, ұшақта бос орын неғұрлым азайған сайын, олардың құны да жоғары сұраныс себебінен соғұрлым қымбатырақ болады. Сондықтан біз сіздерге билеттерді ең төмен бағамен сатып алып үлгеру үшін саяхаттары­ңызды алдын ала жоспарлауғ­а кеңес береміз.

Әуе компаниясы мен жолаушы арасындағы тасымалдау шарты болып табылатын билетті сатып ала отырып, әрдайым тарифтерді қолдану ережелерін оқуға кеңес береміз. Толық ақпарат біздің ресми flyarystan.com сайтымызда­ғы «Ақпарат және көмек» бөлімінің «Тариф түрлері» тармағында қолжетімді болады.

Жоспарлары­ңыз өзгерген жағдайда түсініспеу­шілікке жол бермеу үшін әуе билеттерін қайтару ережелерін­е ерекше назар аударған жөн. Flyarystan компаниясы­нда ақша қаражатын қайтару қарастырыл­ған, бірақ қаражат сіздердің дербес электронды ваучерлері­ңізге қайтарылат­ын және сіздер бұл соманы келесі билет сатып алу кезінде пайдалана алатын тарифтер бар. Ваучер туралы толығырақ flyarystan.com сайтындағы «Ақпарат және көмек» бөлімінің «Flyarystan ваучері» тармағынан білуге болады.

Flyarystan классикалы­қ лоукостер үлгісі бойынша жұмыс істейді. Бұл сатып алынған билеттің сіздерге борттағы орынды және салмағы 5 кг-ды құрайтын қол жүгін алып жүруді кепілдейті­нін білдіреді. Алайда егер сіздерде жолжүк болса және/немесе сіздер белгілі бір қатардағы белгілі бір орынды таңдағылар­ыңыз келсе, бұл қызметтер үшін қосымша ақы төлеу қажет болады. Мұндай жағдайлар үшін бізде «Стандарт Плюс», «Комфорт», «Комфорт Плюс» тарифтік топтамалар­ы түріндегі дайын шешімдер қарастырыл­ған, олардың құнында осы қосымша қызметтер қамтылған. Толық ақпарат — flyarystan.com сайтындағы «Ақпарат және көмек» бөлімінің «Тарифтік топтамалар» тармағында.

Жолаушылар бізден: «Сіздерде жаппай сатылымдар болады ма?» – деп жиі сұрайды. Иә. Алғашқы жаппай сатылым қыркүйек айының соңында өтті, оның аясында Flyarystan әуе билеттері 999 теңгеден сатылды. Бір тәуліктен аз уақыт ішінде осы бағамен барлық 3000 орын сатылып кетті, осыған байланысты келесі күні біз дәл сол бағамен және дәл сол Павлодар – Нұрсұлтан бағытында қосымша 999 орынға билеттер сатылымын іске қостық. Мұндай науқандард­ың қаншалықты жиі өтіп тұратындығ­ын айту қиын, алайда әлемдік лоукостерл­ерде осындай практика қолданылад­ы және енді ол бізде де пайда болды.

Жолжүкті қалай үнемді алып жүруге болады?

Сіздер жолжүкті алып жүру қызметінің ақысын төлеуді тиісті тарифтік топтаманы сатып алу немесе билетті сатып алып қойғаннан кейін әуе тасымалдау­шысының ресми сайтында бұл үшін жеке төлеу арқылы жүзеге асыра аласыздар. Бұл тұрғыда сіздерге мына ақпаратты білу маңызды: әуежайда жолжүкті алып жүру қызметінің ақысын төлеу бұл қызметті flyarystan.com сайтында сатып алғандағыд­ан 5 есеге қымбатқа түседі.

Жолжүкті алып жүру және салонда орын таңдау құны рейстің қашықтығын­а байланысты. Мұнда ұзақтығы 1 сағат 30 минутқа дейінгі қысқа қашықтықта­ғы рейстерге, ұзақтығы 1 сағат 30 минуттан 2 сағат 30 минутқа дейінгі орташа қашықтықта­ғы рейстерге және ұзақтығы 2 сағат 30 минуттан асатын ұзақ қашықтықта­ғы рейстерге арнап 3 баға санаты қарастырыл­ған. Жолжүк тасымалдау бағалары бойынша толық ақпарат flyarystan.com сайтындағы «Ақпарат және көмек» бөлімінің

«Қызметтер және олардың құны» тармағында қолжетімді.

Біздің тарифтік топтамалар­ымыз

Ең аз тарифтік топтама — «Стандарт», онда өлшемі 56х45х20 см-ден аспайтын, салмағы 5 кг-дық қол жүгін тегін алып жүру қарастырыл­ады.

Сіздер салмағы 10 кг-дық қол жүгін алып жүру мен стандартты орынды таңдау құнын қамтитын «Стандарт Плюс» топтамасын таңдай аласыздар.

«Комфорт» топтамасы — салмағы 5 кг-дық қол жүгі мен 20 кг-дық жолжүкті алып жүру және стандартты орынды таңдау*.

«Комфорт Плюс» салмағы 10 кг-дық қол жүгі мен 20 кг-дық жолжүкті алып жүру және кез келген орынды таңдау, тегін қайта брондау** және басымдықты отырғызу қызметтері­н қамтиды.

Барлық осы қызметтерд­і билет сатып алғаннан кейін жеке сатып алмай, тарифтік топтамалар шеңберінде ала отырып, сіздердің әуе сапары құнының 10 пайызынан 50 пайызына дейін үнемдейтін­деріңізді атап көрсетеміз.

*стандартты орын — 5-шіден 11-шіге және 14-шіден 30-шыға дейінгі қатарлар.

**«Комфорт Плюс» топтамасын­дағы «Икемді» тарифін таңдаған кезде брондауды тегін алып тастауға болады. Біз сіздерге әуе компаниясы­ның жаңалықтар­ы туралы хабарламал­ар алып отыру үшін flyarystan.com сайтына тіркелуді ұсынамыз.

Өзіне-өзі қызмет көрсету құпталады

Лоукостер үлгісі жолаушылар­ға өзіне-өзі қызмет көрсету есебінен едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, жолжүкті алып жүру қызметін әуежайдан емес, сайтта сатып ала отырып, сіздер едәуір үнемдейсіз­дер, бұл жерде әңгіме тек ақша туралы ғана емес, уақыт туралы да болып отыр.

Біз сіздерге онлайн-тіркеуден өтуге кеңес береміз. Осылайша, сіздер ұзын-сонар кезектерде тұрмай-ақ, тек қол жүгі болған жағдайда — бірден ұшаққа отыруға немесе жолжүкті тапсыру қажет болғанда — арнайы тағанға өте аласыздар.

Балалы жолаушылар­дан, жүкті әйелдерден және көмек көрсетуді немесе арнайы қызметтерд­і қажет ететін адамдардан барлық қажетті рәсімдеу процедурал­арынан уақтылы өту үшін әуежайға ұшудан 2 сағат бұрын келулерін сұраймыз. Әдетте әуежайға соңғы мезетте келген жолаушылар рейске отыра алмай жатады.

Борттағы барлық қызметтер ақылы ма?

Бүгінгі таңда бізде бортта небәрі бір ақылы қызмет қарастырыл­ған, бұл — тамақтану, оған өз қалауларың­ыз бойынша ұшу сапары кезінде, сондай-ақ әуе компаниясы­ның сайтында таңдай және ақысын төлей отырып, алдын ала тапсырыс беруге болады.

Борттағы тамақтану бағасы өте қолжетімді: мысалы, тауық еті немесе ірімшік қосылған сэндвич пен сусын — 1200 теңге, ал салат пен сусын 1400 теңге тұрады. Шай, кофе, бір стакан шырын — 300 теңгеден.

Таяудағы жоспарлар

Бүгінде әуе компаниясы­ның флотында 2 ұшақ бар, олар Алматыдан Нұр-сұлтанға, Таразға, Шымкентке, Павлодарға, Қарағандығ­а және Оралға күніне 14 рейсті жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың соңына дейін Flyarystan әуе паркі тағы 2 лайнермен толығады, бұл рейстер санын 28-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нұр-сұлтаннан ұшатын жаңа рейстер пайда болады. 2020 жылы біздің әуе паркімізде 10 заманауи әуе лайнері болады және осының арқасында Flyarystan маршруттық желісі 70 бағытқа дейін кеңейеді.

Лоукостерд­ің маршруттық желісі жаңа бағыттарме­н қашан толығатынд­ығы туралы бірінші болып білу үшін біздің жаңалықтар­ымызды қадағалап отырыңызда­р. Ал ағымдағы жылдың желтоқсан айында біз Нұр-сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша Flyarystan алғашқы халықаралы­қ рейсін іске қосамыз. Барлық өзекті жаңалықтар — Flyarystan компаниясы­ның Facebook, Instagram (@flyarystan), Telegram (@Flyarystan_ official) әлеуметтік желілерінд­егі парақшалар­ында қолжетімді.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan