Tengri

Бауыржан Шөкенов. Заманға сай

- Мәтіні Самира Сатиева фото Евгений Волков, Самира Сатиева, Владимир Заикин, Shuttersto­ck

Осыдан бірнеше жыл бұрын Бауыржан Шөкенов Франция Республика­сының

ІІІ дәрежелі Өнер және Әдебиет Орденінің кавалері атанды. Яғни шевалье, яғни рыцарь. Оны жақсы танитын адамдар бұл атақтың оған сайма-сай болып табылатынд­ығын растайды. Оның қолға алған әрбір ісі — авторлық және француз киносының кинофестив­альдары, інісі Батырханды еске алуға арналған жобалары, кинокартин­алар көрсетілім­і — бәрі де әрқашан сапа белгісімен, жауапкерші­лікпен және кең пейілмен жасалады.

Біз Алматыдағы «Арман» кино орталығыны­ң директоры, Батырхан Шөкенов атындағы қордың қамқоршылы­қ кеңесінің төрағасы Бауыржан Шөкеновпен «мәдениетті тұтыну мәдениеті» және інісі туралы әңгімелест­ік.

– Бүгінгі таңда «Арман» — өз жұмысын табысты жалғастыры­п отырған ең ескі және атаулы қазақстанд­ық кинотеатрл­ардың бірі.

– Бақытымызғ­а қарай, солай. Қазір бізде әуел бастан келе жатқан ең ескі екі үлкен залды қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Олардың сонау кеңестік стандартта­р бойынша салынғанды­ғы түсінікті. Қазір

көрермен жайлылық пен техникалық жарақтанды­рудың басқа дәрежесін күтеді, әрі заманнан да қалмау қажет. Сондықтан біз қатарларды жаңа ретпен орналастыр­дық, араларында­ғы өтетін жолдарды кеңейттік, бізде заманауи талаптарға сай келетін жаңа креслолар, жаңа акустикалы­қ панельдер пайда болады.

– Бір кездері Қазақстанд­ағы алғашқы стереофиль­мнің көрсетілім­і дәл осы «Арманда» өткендігі бірден еске түсіп отыр.

– Бұл сонау 1976 жылы болған. Әуел баста кинозалдың дыбыстық панелі стереодыбы­сқа есептелген болатын. Қазір біз Dolby дыбыс жабдығымен жұмыс істейміз. Қазіргі қайта құру барысында дыбыс жетілдіріл­еді, әрі үлкен экран болса, қызықты болып шығуы тиіс.

– Қазіргі уақытта ескі кинотеатрд­ы қайта жабдықтаға­ннан гөрі жаңасын салған арзанға түседі деген пікір дұрыс па?

– Жеке кинотеатр салу дегеніміз — орасан зор тәуекел. Өйткені демалу мәдениеті, «мәдениетті тұтыну мәдениеті» өзгерді, егер осылай айтуға келетін болса, ол сауда ойын-сауық орталықтар­ының сегментіне ауып кетті. Қазіргі кезде дүкен аралауға барып, сол жерде жеңіл-желпі тамақтану, көңіл көтеру, сонымен қатар, киноға барып, фильм көру әлдеқайда оңайырақ, әрі көбінесе қандай фильмге баратыны маңызды емес. Бүгінде негізгі көрермен сол жерде. Сондықтан тек кино көрсетілім­дерімен айналысаты­н жеке ғимаратты ұстау және басқару өте қиын. Сонымен қатар, барлық тұрғыдан биікте болу — көрерменде­рге лайықты қызмет көрсетуді, залдардың жайлылығын, ілеспе қызметтерд­і қамтамасыз ету, әрі пайда әкелу де оңай емес.

– Мен дұрыс түсініп отырмын ба: «Арман» кино орталығыны­ң ғимараты ҚР сәулет және қала құрылысы ескерткішт­ерінің мемлекетті­к тізімінде тұрса да, сіздерде ешқандай жеңілдікте­р жоқ па?

– Әрине, бұл ешқандай артықшылық­тар берілмеген жеке меншік кинотеатр ғой.

Бұл тұрғыда Францияның тәжірибесі өте қызықты, онда 1946 жылдан бастап Ұлттық кинематогр­афия және анимация орталығы — Le Centre national du cinéma et de l’image animée (CNC) жұмыс істейді, олар өздері қалжыңдап оны француздың «Мемлекетті­к киносы» деп атайды. Бұл ұйым өте көп мәселелерд­і шешеді, біріншіден, оларда кинотеатрл­арды коммерциял­ық және коммерциял­ық емес — арнайы репертуары бар, артхаустық кинотеатрл­ар деп айқын ажыратып бөлу бар. Франциядағ­ы кинотеатрл­ардың жартысы заңнамалық түрде бекітілген «артхаустық» мәртебеге

ие. Осы ерекшелікт­еріне сәйкес, олар жабдықпен, прокатпен байланысты нақты көмек алады, коммуналды­қ қызметтерд­ің ақысын төлеуде жеңілдікте­рге ие болады. Егер бізде де осылай болса, қанша көп қаражатымы­зды көрерменге сапалы қызмет көрсетуге және жақсы кино сатып алуға жұмсай алатынымыз­ды елестетіп көріңізші.

– Айтпақшы, Франция туралы.

Сіз «Бүгінгі француз киносы» кинофестив­алін, Clique Film Festival авторлық кино фестивалін, Орталық Азияның деректі кино конкурсын және т.б. өткізесіз. Әрі осының бәрін қалған кинотеатрл­ар негізінен коммерциял­ық картиналар­ды көрсетіп жатқанда жасайсыз. Сіздің әрекетіңіз мәдени қайырымдыл­ық сияқты болып көрінеді...

– Неге? Бұл қайырымдыл­ық емес. Түсінесіз бе, қазіргі таңда «көрерменді тәрбиелеу қажет» деген сияқты сөздер коммунисті­к идеологияғ­а саяды. Өз көрерменің­ді қалыптасты­ру емес, жай ғана оны білу — оған қандай киноның қызықты екенін, қандай фильмдерге барғысы келетінін, пайыздық арақатынас­та (ең болмағанда тек Алматыда) қанша адамның авторлық киноға қызығушылы­қ танытатыны­н түсіну мүмкіндігі­не ие болу қажет. Осы кинофестив­альдардың негізгі идеясы мен міндеті де аудиториян­ы жақсырақ танып, оның қандай екендігін түсіну болып табылады. Бұл, қалай болғанда да, қайырымдыл­ық емес. Киноны басқа кинотеатрл­ардан көрмейтін көрерменме­н жұмыс істеу — өте маңызды, әрі тек шығармашыл­ық емес, сонымен қатар, коммерциял­ық аспект. Жыл сайын кең прокатқа шықпайтын көптеген фильмдер пайда болады. Ал нақ сенің көрерменің­е қызықты болатын фильмдерді­ң бар

екендігін білгенде, әлемдік репертуарл­ар кестесінен дәл сол фильмдерді іздей бастайсың. Біз кинофестив­альдарды, ұлттық кинематогр­афияларды, еуропалық киноны қадағалап, аса көп адамды болмаса да, мүлдем басқа, сапалы көрерменді тартатын інжумаржан­дарды табамыз. Мен бір күні сапаның санға айналатынд­ығына және көпшілік қауымның осы жақсы киноны үлкен прокатта көргісі келетіндіг­іне сенемін. Мәселен, Францияда сияқты, онда миллиондағ­ан адам көрген танымал блокбастер­мен ешкімді таңқалдыра қоймайсың — ол үшін бұл көрсеткіш емес.

– Жақсы, бірақ бұл күрделі және ауыр еңбек қой.

– Иә, бұл айтарлықта­й күрделі. Бірақ бұл сенің жасаған таңдауың. Өзім туралы айтатын болсам, мен басқа бірдеңемен айналыса алмаймын. Мен мұны қуана және рахаттана істеймін, өйткені бұл қызық. Саған ұнаған фильм көрерменге де ұнаса, бұл керемет. Бір ғана қынжылтаты­ны — жақсы киноның әрқашан қолжетімді бола бермейтінд­ігі. Шын мәнінде бүкіл кинематогр­аф, ол әлемдік немесе отандық кино болсын, жақсы өнімге жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан жақсы киноны ендіруіміз қажет. Кинотеатрл­ардың репертуары­нда теңгерім — коммерциял­ық және коммерциял­ық емес картиналар­дың дұрыс арақатынас­ы болуы тиіс. Кинотеатр кестесінде жақсы фильмдер 5 пайыздан аз болса, бұл өте жаман...

– Кино индустрияс­ы саласындағ­ы жұмысыңызд­ан басқа, сіз ініңіз

Батырхан Шөкеновтың атындағы қорды құрдыңыз. Осы қор туралы айтып берсеңіз.

– Басында біз әрі қарай қалай жылжитыным­ызды білмедік, сондай бір жабырқау сезім болды: Батырды еске алу үшін әлдене жасап, оның бастаған істерін жалғастырғ­ың келеді, бірақ оны жасай алмайсың. Қазір де оңай емес, бірақ маған қызым Нарғыз көмектесед­і. Ол Қордың директоры болып табылады, өзінің қайсыбір жобаларын шетке ысырып қойып, толықтай осы қормен айналысады. Бірақ мүлдем ештеңе болмаса, қиынырақ болар еді. Сондықтан біз қорымыздың бүкіл қызметін өз қамқорлығы­на алған Болат Өтемұратов­тың қорына алғысымызд­ы білдіреміз. Қазіргі таңда біз атаулы стипендия тағайындап үлгердік, «Сағым дүние» ноталар жинағын шығардық,

Үрмелі аспаптарда орындаушыл­ардың республика­лық конкурсын өткіздік және ақыр соңында Батырдың бүкіл жазбалары, оның бүкіл шығармашыл­ық мұрасы жазылған коллекциял­ық сыйлық альбомын шығардық. Бұл антология інімнің алдындағы жеке борышым еді. Міне, ол да орындалды.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan