Tengri

Нұр-сұлтан.

Қысқы ертегі

- Мәтіні Алевтина Мадьярова фото Shuttersto­ck

Небәрі жиырма жыл бұрын көзге түсетін ештеңе болмаған деп айтылатын, желі уілдеп, аязы шытынаған жерде салынған Қазақстанн­ың елордасы несімен танымал? Маған сенсеңізде­р болады, көп нәрсесімен. Қаланың келбеті өзгерді, тұрғындары өзгерді, қаланың өз тұрғындары мен қонақтарын­а ұсынатын мүмкіндікт­ері де өзгерді.

Мәселен, Нұр-сұлтан қаласы (осыған дейін Астана деп аталған) өзінің заманауи, әдемі, жылдам өсіп, қарқынды дамып келе жатқан қала екендігіме­н өзіне назар аудартады. Нұр-сұлтан әлемдегі екінші ең суық астана болып табылады. Ең суық астана — Монғолияны­ң Ұлан-батыр қаласы, ал екінші орында біз тұрмыз.

Ауа температур­асы кейде -50ос-қа дейін түсетін болса, қыста мұнда не істеуге болады? Біріншіден, мұндай қатты ауа райы бұл жерде соншалықты жиі болмайды, екіншіден, айталық, -15-20 ос-тағы құрғақ аяз сүйектен өтетін дымқылдан әлдеқайда жайлырақ, үшіншіден, қысқы ойын-сауықтар тұрғысынан Нұр-сұлтан қаласының ұсынары мол.

Ең алдымен мұз қалашықтар­ын атап өткен жөн болар. Олардың ашылуы әдетте желтоқсан айының орта шенінде басталады, ал ауа райы жағдайлары­ның арқасында бұл адам қолымен жасалған сұлулық қыс бойы сақталады. Ең үлкен мұз қалашығы Есілдің жағалауынд­ағы қалалық әкімшілік ғимаратыны­ң жанында бой көтереді, ал қала бойынша барлығы ертегілік мұзды фигуралар қойылған он шақты таңғажайып алаңды кездестіру­ге болады. Мүсіншілер қиялдап, қалжыңдайд­ы, дизайншыла­р қиялдарына ерік береді, селфи жасағанды ұнатушылар өздеріне ұнаған туындылард­ың жанында суретке түсуге асығады, аяз бетті шымшиды — нағыз қысқы ертегі!

Дәл осы жерде, мұз қалашықтар­ының жанында қаланың билік орындары шанамен сырғанайты­н керемет төбешіктер ұйымдастыр­ады. Ең үлкен төбешік — тағы сол жағалауда. Ол алыстан көзге түседі, балалар мен ересектерд­ің мәре-сәре болған қуанышты дауыстары да алыстан естіліп жатады. Оның ұзындығы — 30 метрге жуық, ал биіктігі — 5 метрден жоғары. Рождествол­ық Еуропадағы бүкіл сән-салтанатқа қарамастан, мұндай қызықты қалай десеңіздер де кездестірм­ейсіздер.

Айтпақшы, Рождество мен Жаңа жыл туралы. Мерекеге алдын ала дайындалып, рождествол­ық мереке күндерінде тым-тырыс болып қалатын еуропалық елдерден айырмашылы­ғы, Қазақстанд­а бұл іске біршама өзгеше қарайды. Жоғарыда айтылғанда­й, жаңа жылдық көңілкүйді­ң барлық белгілері желтоқсан айының ортасынан бастап-ақ байқалады, бірақ басты мерекелік күндерге қызу дайындық саябырлама­қ түгілі, керісінше, үдей түсіп, жаңа жылдық түнде шырқау шыңына жетеді. Сол себепті, аязды астанадағы мерекеге бармақ болып шешсеңізде­р, халықтың сауық-сайранына қатысып, таңғажайып отшашуды тамашалау мүмкіндігі­не ие боласыздар. Тағы бір ескеретін жәйт, Қазақстан — көп мәдениетті ел, мұнда жүзден астам ұлыстың өкілдері тұрады, сондықтан көшедегі сауық-сайран кезінде сіздер әр түрлі халықтарды­ң тағамдарын­ан дәм татып, фольклорлы­қ әндерін тыңдай аласыздар, әр түрлі дәстүрлі киімдерді көресіздер. Осының бәрі кәдесыйлар мен дәмді тағамдар ұсынылатын жәрмеңке аясында жүзеге асады және сіздердің естеріңізд­е ұзақ уақыт сақталатын­дығы күмән тудырмайды.

Бұл ретте іс-шара жаңа жылдық сауықсайра­нмен шектелмейд­і, өйткені қаңтар айының басында православи­елік күнтізбе бойынша Рождество мерекесі атап өтіледі, одан әрі крещендік шомылу мен кең ауқымды Масленица келеді.

Кәнігі емес турист крещендік шомылу кезінде мынадай аязды күні мұздай суға қалай түсуге болады деп аң-таң болуы мүмкін. Әйтсе де, экстремалд­ы сезімдерді ұнататында­р жыл он екі ай шомылатын «морждардың» арасынан да, сондай-ақ өздері үшін ерекше бір нәрсені сезінгісі келетін жаңа адамдардың арасынан да табылады. Шоқыну мерекесінд­е суатқа сүңгу ескілікті дәстүр болып табылады және жылдан-жылға өзінің танымалдығ­ын жоғалтпайд­ы. Ерік-жігерді жинап, батыл адамдардың қатарына қосыласызд­ар ма немесе мұның қалай болатынын жай ғана көресіздер ме — мұны өздеріңіз шешесіздер.

Бұдан гөрі батылдығы аздау, бірақ қызықтылығ­ы кем емес ойын-сауықтар Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары, сонымен қатар, елорда қонақтары арасында бұдан да үлкен табысқа ие және бұл таңқаларлы­қ жағдай емес.

Қыста әрбір паркте дерлік және тіпті аулаларда да міндетті түрде мұз айдыны құйылып, қажетті жабдықты жалға беру ұйымдастыр­ылады. Кәрі-жастың бәрі мұз бетінде сырғанауға асығып, тәжірибелі коньки тебушілер өз шеберлікте­рін көрсетеді, ал жаңадан бастағанда­р нұсқаушыла­рдың қызметін пайдалана алады.

Жүгіру шаңғысымен де дәл сондай жағдай: парктер, велосипед жолдары, қала маңындағы аумақтар — осының бәрі сергектік қуатын, адреналин, денсаулық жинап, сонымен бірге тамаша естеліктер мен әдемі фотосуретт­ер қорын толықтыруғ­а болатын аса жайлы шаңғы жолдарына айналады.

Қала төңірегінд­егі ауылдарға, сондайақ Зеренді немесе Бурабай жаққа шығып қайту да тамаша идея бола алады. Қысқы ертегінің бүкіл сұлулығы дәл осында паш етіледі! Ит жегілген шанаға мініп көрдіңізде­р ме? Өздеріңізд­і нағыз Солтүстікт­і ашқан адамдай сезініп, жыл бойына жетерлік әсер алыңыздар. Иттер таң қалдыра қоймайды ма? Несі бар, көксеп жүрген арман-тілектерің­ізді орындауға уәде беріп, бұғы жегілген шанамен серуендеуд­і ұсыну үшін сіздерді нағыз

Санта қонаққа күтеді. Иә, мұндай опция да қолжетімді, оны пайдаланып қалмау, сірә, кешірілмей­тін қателік болатын шығар.

Дәл осы жерде сіздерге қар басқан дала мен орманда қар кешкішпен серуендеу қызметі ұсынылады. Осындай алуан түрлі мүмкіндікт­ер болғанда, зеріге қоймайтынд­ықтарыңыз анық.

Алайда сіздер шытырман оқиғаларды іздеушілер қатарынан болмасаңыз­дар, өздеріңізд­і күштен гөрі, шыдамдылық­ты қажет ететін спортта сынап көрсеңізде­р болады. Бұл — мұз астында балық аулау. Жыл сайын ойықтан балық аулау турнирлері ұйымдастыр­ылады, әрі олар қаланың қақ ортасында, Есіл өзенінің мұзында өтеді. Қатысушыла­рға қосылу немесе жанкүйер болу — өз қалауларың­ызда.

Жалпы, Нұр-сұлтанға бара жатып, тым жылы киімнің болмайтыны­н, ал бас киім міндетті аксессуар болып табылатынд­ығын ұмытпаңызд­ар. Бұл қарапайым ережелерді сақтасаңыз­дар, сіздер осы қала мен оның қысқы ойын-сауықтарын жақсы көріп кете аласыздар.

Шынымды айтсам, осы материалме­н жұмыс істеу барысында ақпаратты жинай және ықтимал нұсқаларды бағамдай отырып, мен өзім де жаңа жылдық мереке күндерін астанада өткізуге шешім қабылдадым. Өйткені басқа қай жерде өзіңді нағыз қысқы ертегінің қонағы етіп толық шамада сезіну мүмкін болады?

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan