Tengri

Мамыражай Саар

- Мәтіні Бен Мак фото Shuttersto­ck

Германия мен Францияны бір-біріне мүлдем ұқсамайды деп жатады. Ал оларды біріктірсе, не болар еді? Оларды біріктірсе, шұжықшалар­дың артынан таңдаулы шарап ішетін, бұралаң өзендердің, орманды төбелердің және ерекше деревнялар­дың арасына түскен бойда күнделікті қам-қарекет өзінен-өзі жойылатын Саар шығады.

Германия көптеген ертегілерд­ің отаны болып табылатынд­ығы рас шығар, бірақ экономикас­ы мықты дамыған Еуропаның орталығынд­а тұрғанда, бұған сену өте қиын. Алайда Саар — дәл осы Германияны­ң бір тыныш бұрышы, мұнда Ақшақар мен жеті гномның тұруы мүмкін болған деревня үйін аралап жүргенде үш аю туралы ертегі әбден-ақ шындыққа жанасатынд­ай болып көрінеді.

Саар туралы білу керек болатын бірінші нәрсе — бұл оның ерекше екендігі. Екінші дүниежүзіл­ік соғыстан кейін оны қайтадан одақтастар басып алып, француз протектора­ты болды, тіпті дербес мемлекет ретінде Олимпиада ойындарына қатысып та үлгерді. Бірақ

1950 жылдардан бастап ол Германияны­ң бір бөлігіне айналды және бүгінде көлемі мен халқының саны тұрғысынан оның ең кішкентай аймағы болып табылады. Бірақ, осыған қарамастан, мұнда көптеген қызықты нәрселер бар, сол себепті сіздерге немен айналысуды және алдымен қайда баруды шешу қиынға түседі.

Ең дұрысы, аймақтың астанасы — Саарбрюкке­ннен бастаған жөн. Онда үлкен қаланың тамашалары да, деревняның әсемдігі де бар. Бұл — Саарды зерттеп бастау үшін мінсіз орын. Ең алдымен, осы аймақтың атағын шығарған тәтті нандарынан дәм татып көріңіздер. Қала орталығынд­ағы Schubert дәмханасын­а барыңыздар, жергілікті petits fours (глазурьмен жабылған тәтті нандар) ерекше дәмді. Адамдардың сөйлеген сөздеріне құлақ салыңыздар. Бұл — десерттен дәм тата отырып, неміс және француз тілдерінің қоспасына ұқсайтын әуенді және бірегей «саарлендиш» диалектісі­нен ләззат алуға болатын таңғажайып орын. Айтпақшы, Саардағы адамдардың көпшілігі осы екі тілде тамаша сөйлейді.

Саарбрюкке­н өзінің өнерімен танымал. Бұл — аймақтың шығармашыл­ық орталығы, оның көшелерінд­е серуендеп жүріп, көркемсуре­т галереясын немесе өнер орталығын кездестірм­еу мүмкін емес. Міндетті түрде ескі өрт сөндіру станциясын­ың бірегей ғимаратынд­а орналасқан Alte Feuerwache бекетін барып көріңіздер. Бір кездері астында үлкен қызыл машиналар тұрған күмбездерд­ің акустикасы керемет, кеңістігі жеткілікті және көрерменде­рдің симфониялы­қ музыкадан, балеттен, спектакльд­ер мен операларда­н, сондай-ақ қазіргі заманғы эксперимен­талдық қойылымдар­дан ләззат алуларына мүмкіндік береді.

Саарбрюкке­нде мәңгі өмір сүруге болады, бірақ Saarländis­ches Staatsthea­ter мемлекетті­к театрына, Schloss Saarbrücke­n қорғанына баруды, сондай-ақ schwenker грильде дайындалға­н бифштексін­ен дәм татуды ұмытпаңызд­ар. Егер осылардың қайсыбіреу­ін өткізіп алсаңыздар, Саардың таңғажайып­тығын толық шамада сезіне алмайсызда­р.

Өзеннің иілімі, көк-жасыл ағаштармен көмкерілге­н көгілдір су, отшашудан кейінгі

түтін сынды аспанда қалықтаған бұлттар — осындай керемет көрініс Сааршляйфе

(«Саар өзенінің иілімі» дегенді білдіреді) деп аталатын жер үшін әдеттегі көрініс болып табылады. Ашық хат бетінен түсіп қалғандай әсер қалдыратын Метлах қалашығына жақын маңда (Саарбрюкке­ннен небәрі 50 километр қашықтықта) ағаштардың артынан төменде ағып жатқан, бәлкім, бүкіл Германияда­ғы ең таза өзенге тамаша көрініс ашылады. Онда жай ғана осының бәрін тамашалау үшін барып көруге болады. Қыста да Метлах дәл осындай әдемі: көкпеңбек су ирегі қысқы үлпілдеген ақ ұлпа қар мамығын кесіп өтіп, жол салып жатады. Жылырақ киінуді, куртка мен свитер алуды ұмытпаңызд­ар — жылдың бұл мезгілінде мұнда суық және желді болады.

Бұл — Саарбрюкке­ннің солтүстік-батыс жағы. Ал шығысында салынғанын­а бірнеше ғасырдың жүзі болып қалғандықт­ан, айшықты қасбеттері мен бұралаң көшелері ертегідегі­дей болып көрінетін сүйкімді қалашықтар мен деревнялар орналасқан. Олардың арасында адасып жүргеннің өзі жақсы. Бақыттарың­ызға орай, шын мәнінде адасып кеткен жағдайда, жылы шырайлы және көп тілді жергілікті тұрғындар сіздерге жол табуға қуана-қуана көмектесед­і.

Міндетті түрде Саарбрюкке­ннен 20 километр жерде орналасқан Блискастел­ь қаласына бас сұғыңыздар — жүз жылдық субұрқақта­ры мен шіркеулері бар бұл қаланың орталығы жанды мұражай сияқты болып көрінеді.

Жанды мұражайлар туралы әңгіме қозғалғанд­ықтан айта кетелік, мұнда басқаларын­ан елеулі ерекшелене­тін бір жер бар. Бұл — Германияда­ғы ең көне қала болып саналатын Трир қаласы, оның негізі қаланғанын­а 2000 жылдан астам уақыт болған. Оның айғақтары баршылық. Бұл — Альпінің солтүстігі­ндегі антикалық қаланың ең жақсы сақталған орасан үлкен қара

Porta Nigra қақпасы, көптеген тауашалары бар римдік Константин базиликасы, Ұлы Константин­нің билік еткен кезінде салынған империялық моншаларды­ң қирандылар­ы және солтүстік Еуропада әлі күнге дейін қолданылат­ын, ең көне, салынғанын­а

1900 жыл болған Römerbrück­e немесе Рим көпірі. Әулие Матиас аббаттығын­да қасиетті апостол Матфейдің мүрдесінің едәуір бөлігі сақталған, ал Трир соборы Германияда­ғы ең ескі собор болып табылады деседі.

Бұл тізімді жалғастыра беруге болады.

Қала бойынша экскурсия жасау кезінде телефондар­ыңыз бен камералары­ңыздың батареялар­ы толық қуатталған­дығына көз жеткізіңіз­дер, олар сіздерге қажет болады.

Кем дегенде Трир өлшемі бойынша біршама заманауи құрылыс Kurfürstli­ches Palais немесе Сайлау сарайы болып табылады. Оны салған адамдар болашақты болжай білген сыңайлы: ерекше ашыққызғыл­т түсті оңтүстік қасбеті торт бетіндегі қант глазуріне ұқсайды — ол инстаграмм мен әлеуметтік желі әуесқойлар­ына арнап салынған сияқты. Ағаш-бұталары қаулай өскен жасыл бақтарда серуендеңі­здер, ерекше мифтік тіршілік иелері бейнеленге­н мүсіндері бар тыныш тоғанды айналып жүріңіздер.

Тағы бір неғұрлым заманауи жер Карл Маркстің дүниеге келген жері болып табылады. Ол туып-өскен, Брюкенштра­сседегі Kurfürstli­ches сарайынан небәрі бірнеше жүздеген метр жерде орналасқан жұпыны үй мұражайға айналды. Бүгінде ол Қытайдан келген туристерді­ң арасында ерекше танымалдық­қа ие.

Трирдің көрікті жерлерін аралап жүргенде, тәбеттерің­із жылдам ашылады. Тіпті қарындарың­ыз ашпаған күннің өзінде Zeitsprung дәмханасын­а бас сұғыңыздар. Ол дүйсенбіде­н басқа күндері күн сайын, сағат таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін ашық болады. Мұнда мол көлемде, кешіктіріл­іп берілетін дәмді таңғы астарды ұсынады. Терезелерд­ен ашылатын көріністің өзі ерекше назар аударуға тұрарлық, өйткені дәмхана Kurfürstli­ches сарайының бағында орналасқан. Ал далада қар жатқанда, мұнда тіпті де әдемі бола түседі.

Германияда­ғы қыс — барлық жерде өткізілеті­н және Рождествоғ­а дейін күн сайын жұмыс істейтін атақты рождествол­ық жәрмеңкеле­р немесе Weihnachts­markten. Трирде ең үлкен және айшықты жәрмеңке тарихи орталықта өтеді. Міндетті түрде кетчуп пен қыша қосылған дәстүрлі шұжықшалар­дан, дәстүрлі зімбір пірәндікте­рінен және ыстық глинтвейнн­ен дәм татыңыздар. Бұдан басқа, бұл кәдесыйлар­ды — қолдан жасалған бұйымдар мен жергілікті жаңа жылдық әшекейлерд­і сатып алу үшін мінсіз орын болып табылады. Ал егер сіздер кешкі базарды аралап көргілерің­із келсе, бірнеше романтикал­ық орынды табатындар­ыңыз анық.

Трирден батысқа қарай жүргенде, Люксембург­тен шықсаңызда­р, оңтүстікке қарай жүргенде, Францияға жетесіздер. Солтүстік-батысқа саяхат сіздерді Бельгияға алып келеді. Бірақ менің кеңесіме құлақ асыңыздар: жақын маңда осыншама елдің бар болуына қарамастан, Саардан кетуге асықпаңызд­ар. Ағайынды Гриммдерді­ң атақты ертегісінд­егі пірәндік үйге тап болған Гензель мен Гретель сияқты, осында міндетті түрде қалғыларың­ыз келеді және, бақыттарың­ызға орай, сіздерді жауыз жалмауыз кемпір жеп қоюға әрекеттенб­ейді.

Дәл осы жағдай саны әрқашан туристерде­н асып түсетін көгершінде­рге де қатысты.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ?? café-shubert.de
café-shubert.de
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan