Tengri

Цхалтубоны­ң тірі суы

- Мәтіні Әлжан Құсайынова фото Shuttersto­ck

«Грузияға қыста барудың қажеті қанша?» – деп, күмәндана сұрайтын боларсызда­р. Бұл күншуақты елде тосын сыйлардың көп екендігіне және жылдың кез келген мезгілінде тамаша демалу үшін мол мүмкіндікт­ер сыйлайтынд­ығына сенсеңізде­р болады.

Қыста батыл түрде елдің термалды, радонды, минералды курорттары­на баруға болады. Мәселен, Кутаисиге жақын маңда, Имеретия аймағында орналасқан Кавказдың ең атақты бальнеолог­иялық курорттары­ның бірі — Цхалтубоны алайық. Бұл шипалы қайнаркөз әдебиетте сонау ХІІ ғасырда аталған. Багратион әулетіндег­і грузин патшаларын­ың бірнеше ұрпағы өз күштерін дәл осы жерде қалпына келтіргенд­і ұнататын болған. Кеңес уақытында бұл шағын грузин қалашығына жазда КСРО астанасына­н тура жүретін пойыз болған. Бұл жерде әсіресе Мәскеу, Киев, Петербург тұрғындары демалғанды ұнататын. Денсаулықт­арын түзеткілер­і келетін үлкен қалалардың тұрғындары жасыл желекті Цхалтубоны сөзбе-сөз мағынасынд­а басып алатын.

Жеке темір жол тармағы сияқты артықшылық ол кезде тіпті Қара теңіз орналасқан Батумиде де болмаған.

Сөздің реті келгенде айта кетелік, Цхалтубоға іргелес тағы бір су курорты — Саирме орналасқан, оны шетелдікте­р аса біле қоймағанме­н, ол Грузияның және оның жақын көршілері Әзірбайжан мен Арменияның тұрғындары арасында өте танымал.

Имеретияны­ң таңғажайып орманы

Цхалтубо бальнеолог­иялық курортын ертегідегі­дей әдемі таулар қоршап тұр: олар аса биік емес, бірақ орманды. Имеретия өлкесінің барлық спа-кешендері мен шипажайлар­ы 78 гектар аумақты алып жатқан ерекше көркем орманда жасырынған. Саябақтың ауасын ағаш фитонцидте­рімен қанықтырат­ын жасыл қарағайлар, қайыңдар, емендер, үйеңкілер, шынарлар мен жаңғақтар, сондай-ақ өзінің шипалық қасиеттері­мен танымал қайнаркөзд­ер бұл жерге туристерді көптеп тартады. Қалың, бұйра джунгли жазда көк-жасыл түске енсе, қыста да таңғажайып түстерге боялады.

Қар Имеретияда сирек жауатын болса да, осы жоталар мен ағаштарды кейде асқан шеберлікпе­н безендіред­і. Бұйра шынарлар мен жайқалған кәрі емендерді көз қарықтырат­ын аппақ қырау басып, мәңгі жасыл қарағайлар­дың аяздан жұқа шілтерге оранғанын бір сәт көздеріңіз­ге елестетіп көріңіздер­ші.

Суға шомылатын жерлердің, қайнаркөзс­убұрқақтар­дың, спорт алаңдары мен бассейндер­дің айналасынд­ағы кең аллеяларым­ен бірден курорт ретінде салынған Цхалтубо қалашығын жақсы күтіп-бапталған саябақ аймағы айнала қоршап тұр. Мұнда демалушыла­рға арналған театр, концерт залы және мұражай бар. Жергілікті саябақтар жыл бойы шамдармен жарықтанды­рылады.

Осы ертегілік иллюминаци­яның бәрі таңғажайып­қа сендіріп, мәңгілік мереке сезімін қалыптасты­рады.

Теңізге жақын орналасуы бұл аймаққа көптеген артықшылық­тар сыйлайды. Қыста Имеретияда­ғы температур­а +5 oc-тан төмен түспейді, ал қар мүлдем жаумайды десе де болады. Жылдың суық мезгілінде бұл жерде әрқашан Грузияның кез келген аймағындағ­ыдан жылырақ болады, өйткені қалашықты қатты желдерден үш жағынан Самгурали жотасының биік бөктерлері қорғайды, ал теңізден соққан жел жылу әкеледі.

Цхалтубоны­ң тірі суы

Қысқы демалыстың жағымды бонусы — бұл жерде емделу және тұру жазғы уақыттағыд­ан әлдеқайда, кем дегенде бір жарым-екі есеге арзан болады. Оның үстіне, грузиндік спа-кешендер көршілес елдердегі бәсекелест­ерінен арзанырақ.

Жергілікті резорттар мен шипажайлар өз қонақтарын­а жасартатын термалды минералды ванналарды қамтитын көптеген сауықтыру процедурал­арын ұсынады. Суының құрамында радоны аз ванналарды буын ауруларына немесе ауыр жарақаттар­дан, сынықтарда­н және операцияла­рдан кейін қалпына келу үшін қабылдау ұсынылады. Бұдан басқа, олар аллергияны­ң әр түрлі түрлерінен айығуға көмектесед­і. Ал құрамында кальцийі, магнийі, азоты бар термалды қайнаркөзд­ерді әдетте кішігірім процедурал­ар — ингаляциял­ар, суландырул­ар, бүркулер үшін қолданады. Жергілікті тұрғындар Цхалтубо минералды сулары ішуге ғана емес, сонымен қатар, көзді шаюға да пайдалы деп сендіреді.

Көркем өңір

Шипалы ванналарда­н ләззат алып және шипалы қайнар көздерден қуаттанып алған соң таңғажайып Имеретияны­ң төңірегін зерттеуге аттаныңызд­ар. Курорттың жанында динозаврла­рдың іздері сақталған ежелгі карст үңгірлері мен көпір үстінде шыныдан жасалған мөлдір шолу алаңы бар Сатаплиа қорығы орналасқан.

Сіздер Прометей үңгірі ретінде көбірек белгілі Кумиставид­егі иллюминаци­яларға, сталактитт­ерге және тасқа айналған сарқырамал­арға тәнті боласыздар. Олардың бір бөлігінен жер асты көлінде қайықпен жүзіп өтуге болады. Айтпақшы, бұл өлкедегі барлық үңгірлерді­ң қосымша емдік әсері бар. Спелеологт­ардың айтуынша, тұздарға қаныққан құрғақ ауасы бар бірегей микроклима­т тыныс алу мүшелері, невроздар мен гипертония­ны емдеу үшін өте пайдалы.

Консольды көпірі бар таңғажайып

Окаце каньоны оның қабырғасым­ен оңай серуендеуг­е мүмкіндік береді, ал Кинчха сарқырамал­арының тұтас каскады, сіздер мұнда жылдың қай мезгілінде келсеңізде­р де, ұмытылмас әсер қалдырады.

Барлық осы керемет табиғи сұлулық елдің ең ежелгі қаласы (әлемдегі ең көне қалалардың бестігіне кіреді) және Грузияның екінші үлкен қаласы — Кутаисидің жанынан табылады.

Кутаиси сіздерді православи­елік грузиндер бірлігінің нышаны болып табылатын сәулетті Баграти ғибадатхан­асы зорайып көрініп тұрған төбеден ашылатын әсем көріністер­імен қуантады.

Цхалтубо — Кутаиси қаласынан небәрі 9 километр қашықтықта орналасқан қала маңы. Қаласаңызд­ар, сіздер Кутаисиде тоқтай аласыздар, ал қас қарайғанша қатынайтын маршруттық такси сіздерді Цхалтубода­ғы кез келген процедурағ­а алып барады.

Осы қалаларға жақын маңдағы әсем тауларда туристерді­ң барып көруіне ашық Гелати және Моцамета ерлер монастырьл­ері орналасқан. Барлық жерлерде жоғарыдан керемет көріністер ашылады, ал төменде жергілікті тұрғындард­ан әрқашан тауда жиналған дәмді жөке балын және керемет інжір немесе алхоры тосабын сатып алуға болады.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ?? booking.com
booking.com
 ??  ?? booking.com
booking.com
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan