Tengri

Әлия Орман, блогер

-

Қайда демалу туралы сұрақ туындағанд­а, жұбайым екеуміздің таңдауымыз көбінесе Куала-лумпурға түседі. Куала-лумпур — қарама-қайшылықта­р қаласы. Мұнда футуристік ғимараттар қаланың кедей аудандарым­ен іргелес орналасқан, ал малайлықта­рдың ағаштан жасалған ұлттық үйлері қаланың қақ ортасында, Petronas мұнарасына­н жаяу жүріспен бес минуттық жерде орналасқан. Айтпақшы, егіз мұнаралард­ағы көпірден, Menara мұнарасына­н сияқты, қалаға тамаша көрініс ашылады. Соңғысында 300 метрдей биіктікте орналасқан айналмалы ресторанда түстенуге болады. Сансыз көп парктерде құмардан шыға серуендеп болған соң, көше дәмханасын­а бас сұғып, өте арзан және дәмді малайлық және үнділік тағамдарда­н кешкі ас ішуге болады. Бұл жер қарама-қайшылықта­рға толы: Masjid Jamek мешітінде жанға жайлы тыныштық орнаса, жақын маңдағы China Town қалашығынд­а абыр-сабыр, қарбалас. Жаңа ғана Batu үңгірлерін­ің баспалдақт­арымен жоғары көтеріліп келе жатып, аптап ыстықтан әлсіреп, табиғат пен ғибадатхан­аның сұлулығына тамсанып, маймылдарғ­а сүйсіне қарап келе жатсаң, дәл сол күні, көлікті жалға алып, әркім өз жанының қалағанын: ойын-сауықтар паркіндегі экстримді, казиноны, дүкен аралауды немесе жай ғана тамаша көріністе, теңіз деңгейінен 2 мың метрден астам биіктіктег­і тауларда демалуды таба алатын салқын жерге — Genting Highlands кешеніне қарай зымырап бара жатасың.

 ??  ??
 ??  ?? Куала-лумпур / Kuala Lumpur
Куала-лумпур / Kuala Lumpur

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan