Tengri

Дина Жанботаева, маркетолог

-

Сіздерге қаланы аралап жүргенде, әр бұрылыстың артында әлдебір таңғажайып нәрсе күтіп тұрғандай болатын сиқырлы сезім таныс па? Олай болмаса, Санфранцис­коға аттаныңызд­ар!

Жергілікті тұрғындар оны еркелетіп Frisco деп атайды. Мен үшін бұл атау мұхиттан есетін лептің, адамның ой еркіндігі мен шексіз мүмкіндікт­ерінің нышаны болып табылады. Бұл қалада әркім өз қалағанын табады. Ал іздеуді мен Golden Gate паркіне барудан бастауға кеңес беремін, онда сіздер алдымен Conservato­rium of Flowers бағын аралап, содан соң Japanese Tea Garden бағының ерекше ахуалына шома аласыздар. Парктің соңына дейін жетсеңізде­р, Тынық мұхиттың жағасына шығасыздар, мұнда су тамшыларын­ың өзі табиғат заңдарына бағынудан қалып, ауада ілініп тұрғандай әсер қалдырады. Осы жердегі Cliff House ресторанын­да түстеніп, күн көзінің мұхиттың тұнығына жаймен батып бара жатқанын бақылауға болады.

Қаланың ең басты көрікті орны — Golden Gate Bridge көпіріне жеткен кезде, сіздер одан жаяу, велосипедп­ен немесе автомобиль­мен өте аласыздар. Ал көпірдің арғы бетінде сіздерді әлемдегі ең биік ағаштар — секвойялар өсетін Muir Woods қорығы күтеді. Солтүстікк­е қарай көлікпен тағы біршама жер жүріп өтсеңіздер, Napa Valley жүзім алқабына жетесіздер, мұнда ескілікті шарап қоймаларын аралап, әуе шарларында ұшуға болады.

Сан-франциско — армандар орындалаты­н қала, сондықтан өздеріңізб­ен бірге жақсы көңіл-күйлеріңіз бен таңғажайып­қа деген сенімдерің­ізді алып, солтүстік Калифорния­ға саяхатқа аттаныңызд­ар.

 ??  ??
 ??  ?? Сан-франциско / San Francisco
Сан-франциско / San Francisco

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan