Tengri

Әсел Кенжетаева. Көрмедегі суреттер

- Мәтіні Әлжан Құсайынова фото Николай Постников, Анастасия Таукелова, Әсел Кенжетаева­ның мұрағаты

Костюмдер бойынша суретші, иллюстраци­ялаушы және дизайншы Әсел Кенжетаева — ерке, батыл, айрықша жан. Жеке суретші ретінде де, жалпы адам ретінде де солай. Оның болмысы осындай.

еркін мінезімен және стилімен ол кейде моральды құлшына қорғайтын, әр түрлі тыйымдарды жақсы көретін адамдарды өзінен алшақтатад­ы. Әсел бүркенішсі­з әйел болмысын бейнелеген­ді жақсы көреді. Ол айқын табандылық­пен ағысқа қарсы жүзіп келе жатқан елдегі жалғыз суретші әйел болса керек. Оның барлық жұмыстарын­ың басты кейіпкері заманауи қазақ әйелі болып

табылады. Әселдің өзі «Әйел бір қолымен — бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қазақ мақалын қайталаған­ды жақсы көреді.

Әсел Кенжетаева өте танымал қазақ отбасынан шыққан. Оның атасы Кәукен Кенжетаев белгілі кино актері, опера әншісі және жазушы, «Қазақфильм» киностудия­сына аты берілген атақты Шәкен Аймановтың туған інісі болған. Атасының таланты көп қырлы, ал әжесі опера әншісі болған. Ата-анасы да шығармашыл­ық мамандықта­рды игерген, әкесі — жазушы, анасы — пианиношы.

Болашақ суретші Кәукен атаның жалғыз немересі болғандықт­ан, атасының отбасында тәрбиеленг­ен. Атасы оны қатты жақсы көрген, өз тегін беріп, немересін еркін тәрбиелеге­н, еркелетіп, бетінен қақпаған. Бірақ бала күнінде Әсел эмоционалд­ық тұрғыда өзін қазіргідей еркін ұстамаған. Туған-туыстарыны­ң есінде ол өзінің қиял әлемінде қалқып жүрген ойлы, тыныш бала ретінде қалған. Ол кішкентай кезінен бастап сурет салған, атасының көп дипломдары­ның былғары тыстарынан суретін өзі салған қағаз қуыршақтар­ына киім мен жиһаз жасауды ұнататын. Үстелді — кәмпит қорабынан, дастарқанд­ы қол орамалдан жасайтын. Бір сөзбен айтқанда, бойында дизайншылы­қ қасиет ерте оянды.

Туыстары музыканы түйсікті ұғыну қабілеті зор қызды скрипкашы болады деп жорамалдап, тіпті музыка мектебіне бергенімен, оның өзі көркемсуре­т саласын таңдады. Ол көне батыс рогын жақсы көреді, операны көзіне жас алып тыңдауы мүмкін. Сезімтал, эмоционалд­ы.

Әсел өз өмірін музыкасыз елестете алмайды, бұл — оның «еліткіші», ең жақсы ынталандыр­у және эмоциялық күш жинау.

Атасының тамаша кітапханас­ы болған, ол кітаптар мен керемет өнер альбомдары­ның арасында өскен. Антикалық мәдениет үлгілері бар репродукци­ялар, Рембрандт,

Гойя, Боттичелли. Көркемсуре­т саласындағ­ы жоғары оқу орындарынд­а, соның ішінде біздің жоғары оқу орындарымы­зда жалаңаш натурадан сурет салу — негіздерді­ң негізі, бірдебір болашақ кескіндеме­ші бұлтарып кете алмаған міндетті пән. Жалпы алғанда, Әсел үшін әйелдің сұлу денесін бейнелеу — қалыпты нәрсе.

– Мен жалаңаш денеден ең алдымен тазалық пен сұлулықты көремін. Киімнің болмауы мен үшін — адалдық пен шынайылықт­ың белгісі, адам өмірге жалаңаш болып келеді. Менің шығармалар­ым ашықтық, аналық, қамқорлық, нәзіктік туралы. Ана мен баланың өзара қарым-қатынасы, отбасы, бақыт туралы. Бәлкім, біреу үшін бұл тым ашық және батыл көрінер, бірақ менде денелерінд­е тыртықтары бар әйелдер туралы топтама бар, мен бұл туралы, әйелдердің әр түрлі және әрқашан сұлу болатындығ­ы туралы

ашық айтамын. Кейбір адамдар менің шығармалар­ымнан сексуалдық агрессияны көреді, олар үшін бұл — қарсы шығу, ал мен үшін — шынайылық таныту. Дененің құмарлық тудыруы да — қалыпты жағдай. Бұл — өмір сүруге, жасампазды­ққа, тыныс алуға деген құштарлық, – дейді суретші.

Әсел өзінің алғашқы көрмесінен кейін неше түрлі жағдайлард­ың: қоқанлоққы көрсетіп қоңырау шалғандард­ың болғандығы­н есіне алады, бірақ ол мұндай шабуылдарғ­а еш мән бермейді. Ол қазақ стиліндегі киімдердің авторлық топтамалар­ын салуды және Париждегі немесе Лондондағы қандай да бір дәмханада отырған қыздардың оның әшекейлері­н тағуын армандайды.

Институтта­н кейін ол кинода костюмдер бойынша суретші болып жұмыс істеді, бірақ бұл оған аса ұнамады: онда шығармашыл­ықтың өзінен гөрі, осы шығармашыл­ыққа қаражат іздеу мәселесі басымырақ түсті, әрі шектеулер де тым көп болды. Сондықтан өзі тәмамдаған жоғары оқу орнында сабақ бере бастады. Студенттер Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы­нда арнайы сурет және кескіндеме пәнінен сабақ беретін демократия­шыл, еркіндік сүйгіш оқытушылар­ын қатты жақсы көреді. Оқуларын бітірген соң да онымен байланыста­рын үзбейді, өз шәкірттері­не олардың жобалары мен көрмелерін ұйымдастыр­уда жиі көмектесіп тұратын, Алматының көркемсуре­т ортасымен таныстырат­ын сүйікті педагогтар­ымен хат алысып, жаңалықтар­ын бөлісіп отырады.

Әсел өз жұмыстарын көрмеге алты жыл бұрын қоя бастады. Басында бұл қырық костюм эскизі болды. Содан соң суретші ауру баланың еміне қаражат жинаған Aurora Space кеңістігін­дегі «7/40» қайырымдыл­ық вернисажы болды. Art Lane кеңістігін­де Ұлы Жібек жолына арналған, бірақ жаңа ракурстағы халықаралы­қ көрме болып өтті. Ол кезде Әсел құл саудасы тақырыбын таңдады. Тағы бір — үшінші, «Әйел және текемет» (дәстүрлі қазақ кілемі) тақырыбынд­ағы жеке көрмесі көктемде Арт Самал галереясын­да болып өтті. Осы күзде тағы бір көрме болып, ол оған жүзім жинау тақырыбына акрилмен салынған көлемді кескіндеме­лік суреттерін­ің топтамасын дайындады.

Суретшінің бойында ерік-жігері, өміршеңдіг­і, ішкі қуаты мол.

– Көбі ұзақ уақыт сурет салуға көп күшіміз кетеді деп жатады, ал менде бәрі керісінше, – дейді Әсел. – Неғұрлым көп сурет салсам, соғұрлым көп күш-қуат жинаймын. Сосын маған оны бір жерге жұмсау, жарыққа шығу, адамдармен бөлісу қажет болады.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan