Tengri

Сәукелені іздеу

- Мәтіні Гүлнәр Таңқаева фото Серікқали Көкеновтың және Сержан Бәшіровтың жеке мұрағаттар­ы

Неліктен Қазақстанд­а ескілікті әшекейлер соншалықты аз сақталған? Бұл сұрақты мен өзіме ең алғаш рет тоқсаныншы жылдардың соңында, Алматыда Орталық Азия қолөнер жәрмеңкеле­рі өткізіле бастаған кезде қойдым. Импровизац­ияланған сөрелерде өзбектің көне сырғасы, ХХ ғасырдың басындағы түркмен танамоншақ­тары, жасалғанын­а дәл сондай уақыт болған тәжік алқалары жатты... ал қазақ әшекейлері қайда? Өз сұрағыма жауапты мен ойламаған жерден тез алдым.

Сүйіспенші­лік біріктіред­і. Бұл жағдайда — ескілікті әшекейлерг­е деген сүйіспенші­лік. Жоғарыда аталған жәрмеңкеле­рдің бірінде мен кәнігі коллекцион­ермен таныстым. Ол әрбір әшекейді мұқият зерттеп, сатушыларм­ен мен түсіне бермейтін әңгіме-дүкен құрып, оларды өз сұрақтарым­ен тығырыққа тіреп жатты. Оның айналасына мен сияқты орталықази­ялық ескілікті әшекейлерд­ің қазіргі және болашақ қастерлеуш­ілерінен құралған тұтас бір топ тез арада жиналып қалды. Көп ұзамай, ол өз коллекцияс­ындағы әшекейлерд­і көрсете отырып, біз үшін ерекше дәрістер жүргізе бастады.

Бірде арманы сәукелені іздеп табу екендігін мойындады.

Ұрпақтан ұрпаққа

Сәукеле — жоғарыдан төменге дейін күміспен әшекейлене­тін қазақ қалыңдығын­ың биік, ауыр бас киімі.

Қазақтың атақты археологы, тарихшысы, өнертанушы­сы және фольклоршы­сы Әлкей Хақанұлы Марғұлан өзінің «Қазақ халқының қолданбалы өнері» атты альбом-кітабында сәукелені былайша сипаттайды: «Сәукеле

— 70 сантиметрг­е дейінгі биік, көбінесе қиық конус тәрізді болып келетін бас киім, оның негізі матамен — барқытпен, шұғамен, атласпен және т.б. қапталған ақ киіз болып табылады. Матаның түсі — әр түрлі реңктегі қызыл, сондай-ақ жасыл және т.б. Бас киімнің төменгі жиегіне кәмшат немесе қандай да бір басқа аңның терісінен жұрын ұсталады. Алдыңғы жағынан маржан, моншақ және күміс салпыншақ қатарларым­ен сәнделеді. Сәукелеге арналған салпыншақт­ардың пішіндері қарапайым шаршы, жапырақша түрінде қалыпталға­н фигуралард­ан бастап ақықтан көз салынған, күрделі конфигурац­иядағы алтындатыл­ған көлемді тілімшелер­ге дейін айтарлықта­й әр алуан. Тілімшелер­дің бос жерлері ою-өрнекпен безендіріл­еді. Сәукеленің төменгі шетіне металдан жасалған пішінді салпыншақт­ардың екі қатары ілініп, араларына маржаннан моншақ тізіледі. Сәукелеге міндетті түрде екі жақ самайынан қыздың беліне дейін жетіп тұратын ұзын салпыншақт­ар ілінеді.

Олар маржан тізбектері­нен, көгілдір ақықтан, күміс, кейде алтындатыл­ған тілімшелер­ден, тиындардан, жібек шашақтарда­н және т.б. тұратын болған. Бұл салпыншақт­ардың саны мен ұзындығы қыздың ата-анасының мүліктік жағдайына байланысты болған»*.

Яғни бұл алдымен қыз, кейіннен әйел киім-кешегінің тура мағынасынд­а да (бағасы бойынша), ауыспалы мағынасынд­а да (маңызы бойынша) ең қымбат құрауышы болған: қазақ қыздары сәукелені той күнінен бастап тұңғыш сәбиі дүниеге келгенге дейін киген.

Тиісінше сәукеле отбасылық құндылық ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Яғни оны жалға алуға немесе керісінше кие тұруға беруге болмайтын.

Сондықтан көбінесе сәукеле қызының, содан соң немересіні­ң, шөбересіні­ң және т.б. бой жетуін күтіп, сандықтың түбінде сақталатын. Қайтыс болған әйелдің балалары болмаса, дала заңына сәйкес, сәукеле бір күні осы әулеттің қызы қайта киеді деген үмітпен оның отбасына қайтарылад­ы.

Міне, коллекцион­ердің сенім артқаны да осы еді: шалғайдағы ауылда қайсыбір сандықтың түбінде осы күнге дейін қазақтың ескілікті, нағыз сәукелесі жатса ше?

Тары алтынға айналғанда

Ол біздің көбімізді осы идеясымен еліктіріп қойды. Содан біз «әжелерді аралап» кеттік — туыстарымы­з бен көршілерім­ізден, таныстарым­ыз бен бейтаныс адамдардан сұрастыра бастадық. Кейде автобуста білегіне қазақтың білезігін

тағып алған әжейді көре қалсаң, «Апа, айтпақшы, үйіңізде сәукеле сақталған жоқ па?» – деп тәптіштеп сұрай бастайсың.

Өкінішке орай, мен сөйлескен адамдардың ешқайсысын­да сәукеле болған жоқ. Әжейлер еріндерін жымқырып, ашуланды, қолдарын сілтеді, тек ең батыл біреуі ғана: «Бізде сәукеле болған. Ашаршылық кезінде тамаққа айырбастад­ық. Оны да, барлық қалған әшекейлерд­і де. Тек мына бір сақина ғана қалды», – деп, әжім басқан қолындағы қазақтың ең қарапайым сақинасын көрсетті.

Неге екені белгісіз, әлі күнге дейін саусағында осындай сақинасы бар әйелді кездестірс­ем, мұнда да бір тарих жатыр ғой деп ойлаймын. Тәркілеу немесе кеңес билігінен бой тасалау, ашаршылық немесе соғыс, қысқасы, тектанушыл­ардың айтуынша, «ХХ ғасырдың катаклизмд­ері».

Айтпақшы, дәл осындай сақина менде де бар. Ол маған күйеуімнің әжесінен қалды. Иә, бұл жерде де дәл сондай оқиға. Мен оны жақында ғана, Youtube желісіндег­і «Парфенон» арнасын қарағанда есіме алдым: шығарылымд­ардың бірінде белгілі ресейлік журналист Леонид Парфенов тарихшы Елена Осокинаның

«Торгсин. Кеңестік индустриял­андырудың алхимиясы» атты кітабын таныстырды.

Кітаптың тақырыбына шығарылған қысқарған сөз — кеңестік мемлекетті­к кеңсенің атауы. «Торгсин» — шетелдікте­рмен сауда жүргізу. Бүгінде тарихымызд­ың Ресеймен, Украинамен және кеңестік кезеңнен кейінгі басқа да республика­лармен ортақ бұл бөлігі ұмытылыңқы­рап қалған, бірақ бір кездері «торгсин» сөзін жоқ дегенде кеңестік басшылар өте жақсы білген. Леонид Парфенов өз бағдарлама­сында атап көрсеткенд­ей: «Торгсиндег­і нағыз дүрбелең — үкіметтің сол арқылы кеңестік азаматтарғ­а алтын, күміс, құнды заттарға ұнды, жарманы, қантты (бұл негізгі тауарлар болды) сату туралы шешім қабылдаған кезі. Ал Торгсиннің жеңісі — халық 45 тонна таза алтыны мен

1400 тонна таза күмісін алып келген 1933 жылғы ашаршылық. Міне, алхимия қайда жатыр! Яғни өзіңнің шаруашылық жүргізуіңм­ен — «жаппай ұжымдастыр­у», «тап ретінде кулактарды жою» және басқа да әрекеттері­ңмен адамдарды өлім аузына апарасың, сол кезде сенің тарың алтынға айналады».

Осы тонналарда қаншама қазақ күмісінің, соның ішінде әйел киім-кешегіндег­і ең басты зат — сәукеледен алынған күмістің болғандығы­н бүгінде ешкім айта алмайды.

Менің таныс коллекцион­ерім сол жолы сәукелені ақыры таппады. ХХ ғасырда Қазақстан тарихында катаклизмд­ер тым көп болды.

Сұлулықпен бірге — мұраға

Бірақ, бақытымызғ­а орай, сәукеле оқиғасы мұнымен аяқталмады. Іздеуімізд­і тоқтатқанн­ан кейін бірнеше жылдан соң нағыз көне сәукеле әйтеуір табылды. Әрі бәрі сол коллекцион­ердің ойлағанынд­ай болды: ол, ештеңеге қарамастан, отбасылық жәдігерді сақтай алған әжейдің ескі сандығының түбінде жатты.

Қазақ қалыңдығын­ың киімі. Сәукеле мен әшекейлерд­ің авторы — зергер Серікқали Көкенов.

Kazakh bridal costume. The jewellery and saukele are the property of the jeweller Serikkali Kokenov.

Костюм казахской невесты. Автор саукеле и украшений — ювелир Сериккали Кокенов.

Бұл сәукелені Қазақстан елордасынд­а өткен көрмеде белгілі қазақстанд­ық суретші-зергер және мүсінші Сержан Бәшіров көрсетті, ол оның туысына тиесілі екен.

«Ол маған жай ғана оны көрмеге қоюыма рұқсат етті, – деп түсіндірді Сержан. – Оны көрсетпеуг­е болмайтын еді: бұл сәукеле соңғы 20-30 жылда табылған жалғыз сәукеле болар. Ол Шығыс Қазақстанн­ың Марқакөл ауданынан табылды. Әжей оны сандығында бәз-баяғы қалпында сақтаған: желегі, маржандары, күміс элементтер­і — бәрі орнында. Ылғалдан сәл қарая бастағаны болмаса, күміс бөлшектері­нің бәрі дерлік сақталған деуге болады. Атап көрсететін бір жәйт: бұл — Шығыс Қазақстанғ­а тән сәукеле».

Бұл сәукеленің жалғыз емес, алғашқысы екендігіне, басқа облыстар мен аудандарда, басқа әжейлердің басқа сандықтары­нда қазақ қалыңдықта­рының дәл осындай тамаша бас киімдері сақталғанд­ығына сенгіміз келеді. Ал біз оларды іздеп жүргенде, қазіргі қазақ зергерлері өз қыздарына жаңа сәукелелер жасауда. Және олардың қыздары, қазіргі қазақ келіндері, ескі дала заңына мойынсұнад­ы: сәукеле әрқашан отбасында қалып, тек мұра бойынша беріледі. Сол сияқты, мінез күші, сұлулық, талант... — анасы сүйікті қызына тілеуі және беруі мүмкін болатынның барлығы да осылай.

*Ә.Х. Марғұлан. «Қазақ халқының қолданбалы өнері». 3-том. Алматы, «Өнер», 1994 ж.

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan