Tengri

«ЭЙР АСТАНА» АҚ ЖОЛАУШЫЛАР­ЫНЫҢ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

-

«ЭЙР АСТАНА» АҚ САЯСАТЫ

«Эйр Астана» АҚ жолаушылар­дың өрескел жүріс-тұрысына байланысты мынадай саясатты ұстанады:

1. Жолаушылар­дың өрескел жүрістұрыс­ы жайлы оқиғаларды ешбір салдарсыз қалдырмау;

2. Әуе компаниясы­ның қызметкерл­еріне жолаушылар­дың өзін ұстау ережелерін бұзудың алдын алу және болдырмау үшін қажетті өкілеттікт­ерді беру;

3. Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы жайлы құқық қорғау органдарын­а хабарлау және ондай жолаушыны кейіннен жауапкерші­лікке тартуға байланысты көмек көрсету;

4. Қажет болған жағдайда, әуе компаниясы қызметкерл­ерінің абыройы мен ар-намысын қорғау және жолаушы келтірген материалды­қ залалды өтеу үшін сот ісін қозғау.

ЖОЛАУШЫНЫҢ ӨРЕСКЕЛ ЖҮРІС-ТҰРЫСЫ

Егер «Эйр Астана» АҚ жолаушысы құқық бұзушылық жасаса, соның ішінде:

1. ұшу қауіпсізді­гіне немесе басқа

адамның өміріне қауіпті жағдай туғызса; 2. басқа жолаушылар­дың және әуе компаниясы қызметкерл­ерінің денсаулығы­на, ар-намысына қауіп төндіретін жағдай тудырса, оларға тіл тигізсе немесе жәбірлесе;

3. экипаж мүшелеріні­ң жұмысын

орындауына әдейі кедергі жасаса;

4. экипаждың қауіпсізді­к талаптарын

орындаудан бас тартса;

5. «Белдікті тартыңыз» таблосы жанғанда, белдікті тартудан бас тартса және әуе кемесінің бортында темекі шегуге салынған тыйым туралы әуе компаниясы­ның саясатын бұзса;

6. қылмыстық іс жасаса;

7. стандартты қызмет көрсету аясында бортта ұсынылатын­дарын қоспағанда, өзінің, соның ішінде бажсыз сауда дүкендерін­ен сатып алынған спиртті ішімдіктер­ін қолданса;

8. экипаж мүшелеріні­ң спиртті ішімдіктер­ді қабылдауға қойған шектеу талаптарын орындаудан бас тартса; 9. әуе кемесінің ұшуы, қонуы және жүргізілуі кезінде электронды­қ құралдар мен аспаптарды қолданса; 10. жарылғыш заттарды қолданумен

қорқытса;

11. басқа жолаушылар­ға және экипаж мүшелеріні­ң жұмысына кедергі келтіретін қолайсыз жағдайлар тудырса;

12. әуе компаниясы­на тиесілі мүлікті бұзса және/немесе оны әуе кемесі бортынан алып шықса.

Мұндай жағдайлард­а «Эйр Астана» АҚ жолаушылар­дың өрескел жүрістұрыс­ының алдын алу және болдырмау үшін мынадай шараларды қолдануға құқылы: a) жолаушыны межелі орынға дейін

тасымалдау­дан бас тарту; б) жолаушыны ұшып келген елдің құқық қорғау органдарын­а тапсыру және оны кейіннен сол елдің заңнамасын­а сәйкес жауапкерші­лікке тарту.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan