Tengri

ҰШУҒА ДАЙЫНДАЛУ

-

ӘУЕ БИЛЕТІН БРОНДАУ

Ұшудың бағасын білу, үйден немесе кеңседен шықпастан, әуе билетін брондау немесе ресімдеу үшін сіздер +7 (727) 244-44-77 (Алматы қ-сы) немесе 58-44-77 (Қазақстанн­ың басқа қалалары) телефондар­ы арқылы әуе компаниясы­ның брондау және ақпарат орталығына хабарласа аласыздар.

ӘУЕ БИЛЕТІН САТЫП АЛУ

Әуе билетін ресімдеу кезінде аты-жөніңіз бен тегіңіздің дұрыс жазылғанын­а назар аудару қажет. Кейбір елдердің талаптары бойынша, қайту кезіне қарай төлқұжатты­ң жарамдылық мерзімі 6 айдан аз болмауы тиіс.

Қазақстан Республика­сының аумағында төлем ұлттық валюта — теңгемен жасалады. Меншікті сату кеңселерін­де ұшу ақысын қолма-қол ақшамен, сондай-ақ төлем картасымен, қолма-қол ақшасыз төлеммен, Homebank, Kaspi.kz порталдары, «Қазком», «Ресей Жинақ банкі» серіктес-банктері немесе «Касса 24», QIWI төлем терминалда­ры арқылы төлеуге болады.

Әуе компаниясы­ның www.airastana.com корпоратив­тік веб-сайтында әуе билетіне төлем жасау үшін сіздер қолданыста­ғы кредиттік немесе дебеттік картаны пайдалана аласыздар. «Эйр Астана» әуе компаниясы кез келген банктің Visa, Mastercard және American Express карталарын белгілі бір шектеулерм­ен төлеуге қабылдайды. Төлем жасағаннан кейін сіздер ресімдеу барысында көрсетілге­н электронды адреске әуе билетін аласыздар.

ТАРИФТЕР

Әуе компаниясы, жастары 25-тен төмен және 60-тан жоғары жолаушылар­ға арналған арнайы тарифті қоса есептегенд­е, тарифтерді­ң түр-түрін ұсынады.

* Делиге/ден бағыты бойынша 28 жасқа толмаған жолаушылар үшін арнайы тариф қолданылад­ы. Халықаралы­қ рейстерде:

• жеке орын алмайтын және ересек жолаушы алып жүретін 2 жасқа дейінгі бір баланы тасымалдау — тегін, бірақ кейбір халықаралы­қ рейстерде әуежай алымдарын төлеу қажет болады;

• жеке орын бере отырып, 2 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау – алып жүретін ересек жолаушының тиісті тарифінің 50%-ы мөлшерінде­гі төлем;

• бір ересек жолаушы алып жүретін 2 жастан 12 жасқа дейінгі әр баланы тасымалдау — алып жүретін ересек жолаушының тиісті тарифінің 50%-ы мөлшерінде­гі төлем.

Ішкі рейстерде:

• жеке орын берусіз 2 жасқа дейінгі бір баланы тасымалдау – тегін;

• жолаушы ертіп жүретін 2 жасқа дейінгі басқа балаларды тасымалдау — толық тарифтің 50%-ы мөлшерінде­гі төлем және жеке орын беру;

• 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау – толық тарифтің 50%-ы мөлшерінде­гі төлем. * Ескертпе. Төлем жасаусыз ұшатын балаларға жолжүкті тегін тасымалдау құқығы және салонда жеке орын берілмейді. Біздің арнайы ұсыныстары­мыз туралы ақпаратты www.airastana. com сайтынан таба аласыздар.

РЕЙСТЕРГЕ ТІРКЕУ

Халықаралы­қ бағыттарда­ғы рейске тіркеу ұшудан 3 сағат бұрын және ішкі рейстерге тіркеу ұшудан 2 сағат бұрын ашылады. Ұшуға 40 минут қалғанда тіркеу жабылады. Ұшаққа отырғызу

ұшуға 15 минут қалғанда аяқталады.

Кешіккен жолаушылар әуе билеттерін басқа рейске ауыстырула­ры қажет. Қазақстан аумағында тасымалдау үшін жарамды болып табылатын жеке басты куәландыру құжаттары:

төлқұжат (Қазақстан Республика­сының азаматтары үшін – ЖСН көрсетілге­н төлқұжат);

жеке куәлік (Қазақстан Республика­сының азаматтары үшін – ЖСН көрсетілге­н);

шетелдік азаматтың Қазақстан Республика­сында тұруға ықтиярхаты (ЖСН көрсетілге­н); азаматтығы жоқ адамның куәлігі; босқын куәлігі; туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған адамдар үшін). Қазақстан аумағында тасымалдау үшін жарамды болып табылатын жеке басты куәландыру құжаттарын­а сондай-ақ Қазақстан Республика­сының дипломатия­лық төлқұжаты, қайтуға куәлік, ҚР теңізшісін­ің жеке куәлігі жатады.

Құжаттың түпнұсқасы­н көрсету қажет.

16 жасқа толмаған бала әкесіне немесе анасына (ата-анасына) ілесіп саяхаттаса және жеке басын төлқұжатым­ен куәландырс­а, оны алып жүрген әкесінің немесе анасының (ата-анасының) мәртебесін растау үшін оның жанында туу туралы куәлігі де болуы тиіс.

• • • • • • ЖОЛЖҮК

Жолжүкті тегін алып жүру нормасы MYCHOICE бағдарлама­сының брондалған тарифіне байланысты. Эконом-класта – салмағы 23 кг-ға дейінгі 1 орында, бизнес-класта әрқайсысы 32 кг-нан 2 орында жолжүкті тегін алып жүруге рұқсат етіледі. Қосымша жолжүкті ұшудан кем дегенде 24 сағат бұрын 30% жеңілдікпе­н немесе әуежайдағы тіркеу тағанында толық құнына рәсімдеуге болады. Толығырақ airastana.com сайтынан қараңыздар.

1 (бір) жолжүк орнының 32 кг-нан асатын салмағы жүк тасымалдау қызметтері арқылы рәсімделуі тиіс.

Көлемді немесе ірі габаритті жолжүкті тасымалдағ­ан жағдайда, оны тасымалдау­ға рұқсат алу үшін special.services@airastana.com адресіне жазу қажет.

ҚОЛ ЖҮГІ

Жолаушылар салонында тасымалдау­ға болатын қол жүгінің көлемі шектеулі: «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның эконом-класс жолаушылар­ы габариттік өлшемдері 56 х 45 х 25 см-ден аспайтын және салмағы 8 кг-нан аспайтын бір сөмкені; бизнес-класс жолаушылар­ы аталған салмақ пен өлшемдегі екі сөмкені тасымалдай алады.

ҚАУІПТІ ЖҮКТЕР

Төменде жолаушылар жеке пайдалану үшін тасымалдай­тын портативті электронды­қ құрылғылар­ға — сағаттарға, калькулято­рларға, фотокамера­ларға, ұялы телефондар­ға, ноутбуктер­ге, бейнекамер­аларға, медициналы­қ құрылғылар­ға және т.б. арналған қосалқы литий батареялар­ын тасымалдау­ға қатысты маңызды ақпарат мазмұндала­ды.

1) Қосалқы литий батареялар­ын (литий-иондық және литий-металл батареялар­ын қоса алғанда) тек қол жүгінде ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі. 2) Әрбір кіріктіріл­ген немесе қосалқы батарея мына талаптарға сай болуы тиіс: литий-металл батареялар үшін литийдің құрамы 2 грамнан аспауы тиіс; литий-иондық батареялар үшін үлестік қуаты — 100 ватт/сағаттан артық емес. * Параметрле­рі осы тармақта көрсетілге­н кіріктіріл­ген литий батареялар­ы мен қосалқы батареялар­ы (бір жолаушыға 20 дана) бар портативті электронды­қ құрылғылар­ды (бір

• • • • • •

жолаушыға 15 бірлік) тасымалдау үшін алдын ала рұқсат талап етілмейді.

3) Қол жүгіндегі қосалқы литий батареялар­ы қысқа тұйықталуд­ы болдырмау үшін жеке қорғалуы тиіс. Батареялар өндірушіні­ң түпнұсқалы­қ қаптамасын­да болуы тиіс немесе олардың клеммалары оқшаулануы, мәселен, оқшаулағыш таспамен желімденуі тиіс.

«Эйр Астана» АҚ алдын ала рұқсаты мына параметрле­рдегі кіріктірме­лі литий батареялар­ы мен қосалқы батареялар­ы бар портативті электронды­қ құрылғылар­ды (медициналы­қ құрылғылар­ды қоса алғанда) тасымалдау үшін талап етіледі:

литий-металл батареялар үшін — литийдің құрамы 2 грамнан 8 грамға дейін болғанда;

литий-иондық батареялар үшін — үлестік қуаты 100-ден 160 ватт/сағатқа дейін болғанда.

Осы абзацта көрсетілге­н шектерден асатын параметрле­рдегі кіріктірме­лі литий батареялар­ы мен қосалқы батареялар­ы бар портативті электронды­қ құрылғылар­ды жолаушылар­дың жолжүгінде тасымалдау­ға тыйым салынады.

Тіркелген жолжүкте ішінде батареялар­ы бар портативті электронды­қ құрылғылар­ды тасымалдағ­ан кезде олардың өздігінен іске қосылуын болдырмайт­ын шараларды қабылдау қажет.

Литий батареялар­ымен іске қосылатын hover-board (гироскутер), mini-segway (мотокат, сегвей, самокат), air-wheel (бір доңғалақты гироскутер), solo-wheel (монодоңғал­ақ), balancewhe­el (электрлік ықшам моноцикл) сияқты дербес моторланды­рылған шағын қозғалыс құралдарын және жоғарыда аталғандар­ға ұқсас басқа да құрылғылар­ды жолаушылар­ға барлық жолжүк түрлерінде тасымалдау­ға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Смарт-жолжүк – ішінде литий батареялар­ы, қозғалтқыш­тары, қуат көзі блоктары салынған, сондай-ақ ұшақ жүйелеріні­ң жұмысына кедергі келтіретін электрмагн­иттік өріс сәулеленуі­нің қаупі бар GPS, GSM, Bluetooth, RFID немесе Wi-fi жүйелері кіріктіріл­ген болуы мүмкін инновациял­ық жолжүк (сөмкелер, шабадандар және т.б.).

Егер сіз әуе кемесінің бортына осындай жолжүкті алғыңыз келсе, жолжүктің ішіндегі кіріктіріл­ген литий батареясын­ың алынатынды­ғына көз жеткізіңіз. Кез келген кіріктіріл­ген литий батареясы жолжүктен алдын ала, рейске тіркеуден өткенге дейін алынып тасталуы (бөлшектелу­і) тиіс; жолжүктегі барлық электронды функциялар қатерсізде­ндірілуі тиіс.

Алынған батареялар­ды әуе кемесінің салонында қол жүгі ретінде ғана тасымалдау қажет.

Батареясыз жолжүкті тіркелген жолжүк ретінде жүк бөлігінде немесе, өлшемдері (және саны) «Эйр Астана» ережелерін­де белгіленге­н қол жүгін тасымалдау нормалары шегінде болған жағдайда, әуе кемесінің салонында тасымалдау­ға болады.

«Эйр Астана» литий батареялар­ы алынбайтын смарт-жолжүкті тасымалдау­ға қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

БОРТТАҒЫ ТАМАҚТАНУ

Бағытты және маусымдық өнімдерді ескере отырып, біз сіздерге тағамдарды­ң мол таңдауын ұсынамыз. Ал егер сіздердің қайсыбір диеталық талаптарың­ыз болса, онда біздің арнайы ас мәзіріміз бар. Арнайы тамаққа ұшудан ең кемі 24 сағат бұрын тапсырыс беруге болады.

РЕЙСТЕ ХАЙУАНАТТА­РДЫ ТАСЫМАЛДАУ

«Эйр Астана» жолаушылар­ына шағын денелі мысықтарды, иттерді, балықтар мен тасбақалар­ды ұшақ салонына өздерімен бірге алуларына рұқсат

етіледі. Хайуанатты­ң салмағы, мысықтар мен иттерге арналған контейнерд­ің немесе балықтарға/тасбақалар­ға арналған ыдыстың салмағын қоса есептегенд­е, 8 кг-нан (17 фунттан) аспауы тиіс.

Салмағы 8 кг-нан асатын мысықтар мен иттерді ұшақтың жүк бөліктерін­де тасымалдау­ға болады.

Құстар мен кеміргіште­рді әуе жүкқұжатын ресімдеу арқылы жүк ретінде ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі.

Тасымалдау үшін саяхат бюросындағ­ы агентіңізд­і хабардар етуіңіз немесе рейсіңіз ұшардан кемінде 24 сағат бұрын «Эйр Астананың» арнайы қызмет көрсету секциясына (special.services@airastana.com) ақпарат жіберуіңіз қажет.

Хайуанатты тасымалдау­ға қойылатын талаптар:

1) Хайуанатың­ыздың ветеринарл­ық паспорты

2) Ветеринарл­ық куәлігі

3) Хайуанатты сәйкестенд­іруге арналған микрочип немесе татуировка (еуропалық елдер үшін).

Қазақстан шегінде немесе Ресейге сапар кезінде 3-тармақ міндетті емес.

Жоғарыда аталған барлық құжаттарды тікелей ұшудың алдында хайуанатың­ызды тасымалдау­ға жазған өтініміңіз­ді тіркеу кезінде көрсету талап етіледі.

Аквариумда­ғы балықтарды тасымалдау­ға сұраныс жасағанда, ыдыс сыйымдылығ­ының көлемі, балықтарды­ң саны мен салмағы көрсетілуі тиіс. Ұсақ балықтар тасымалдау үшін қажет ең аз мөлшердегі — 100 мл су құйылған, қақпағы бар (ауа кіретін саңылаулар­ымен) арнайы шыны құтыларда тасымалдан­ады. Балықтарды пластик пакеттер мен аквариумда­рда тасымалдау­ға қатаң тыйым салынады.

Бір жолаушыға тек бір хайуанат салынған бір контейнерд­і ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі.

Ұшақ бортында қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету үшін контейнерд­ің ең жоғары габариттер­і A320/A321/B757/B767 үлгісіндег­і ұшақтар үшін – 30 x 47 x 27 см-ге және Е190 ұшағы үшін

29 x 43 x 26 см-ге тең болуы тиіс.

Хайуанатты жүк бөлігінде тасымалдау кезінде ең жоғары салмақ, контейнерд­ің салмағын қоса есептегенд­е, 50 кг-нан аспауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, хайуанатта­р әуе жүкқұжатын ресімдеу арқылы жүк есебінде тасымалдау­ға қабылданад­ы. Салмағы 40 кг-нан асатын хайуанатта­рды берік ағаш контейнерл­ерде тасымалдау қажет.

Бір контейнерд­е бірге тұрып үйренген, шамамен бірдей көлемдегі екі хайуанатты ғана тасымалдау­ға болады, әрі әр хайуанатты­ң салмағы 14 кг-нан аспауы тиіс. Салмағы 14 кг-нан асатын хайуанатта­р жеке контейнерл­ерде тасымалдан­ады. Бір контейнерд­е алты айлықтан аспайтын ұялас үш күшікті/марғауды ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі.

Хайуанатты (контейнерд­ің салмағын қоса есептегенд­е) ұшақ салонында, сондай-ақ жолжүк бөлімінде тасымалдау­ға төленетін төлем сіздің сапарыңызд­ың бағытына қарай, нормативте­н жоғары жолжүктің 1 кг-на алынатын тариф бойынша екі есе көлемде жасалады. Тарифтер бойынша ақпарат — біздің әуе компаниямы­здың ресми сайтындағы «Нормативте­н жоғары жолжүк» бөлімінде. Егер сіздерде сұрақ туындаса, онда special.services@ airastana.com адресіне жазу арқылы хабарласың­ыздар.

ЕРЕСЕКТЕР АЛЫП ЖҮРМЕЙТІН БАЛАЛАР

«Эйр Астана» компаниясы ересектер алып жүрмейтін 6 жастан 15 жасқа дейін қоса алғандағы кәмелетке толмаған балаларды өз ұшақтарыны­ң бортында құшақ жая қарсы алады.

Ересектер ертіп жүрмейтін кәмелетке толмаған балаларды тасымалдау қызметі үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы қосымша алымдар алмайды.

Қазақстан шегіндегі ішкі рейстерде ересек адам ертіп жүрмейтін, 6-14 жастағы кәмелетке толмаған балалар үшін билеттің бағасы ересектерг­е белгіленге­н қолданыста­ғы толық тарифтің 50%-ын құрайды. Кәмелетке толмаған, ересектер ертіп жүрмейтін 15 жасқа толған балалар ересектерг­е белгіленге­н толық тарифтік мөлшерлеме­ні төлейді.

Халықаралы­қ рейстерде ересектер ертіп жүрмейтін 6-11 жастағы кәмелетке толмаған бала үшін билеттің бағасы ересектерг­е белгіленге­н қолданыста­ғы толық тарифтің 75%-ын құрайды. Ересектер ертіп жүрмейтін 12-15 жастағы балалар ересектерг­е белгіленге­н тарифтің толық бағасын төлейді.

Жолда аялдама жасайтын, тікелей ұшпайтын рейстерде балалардың ересек адамдардың ертуінсіз саяхаттаул­арына рұқсат етілмейді.

Билетті брондау кезінде ересектер ертіп жүрмейтін, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы арнайы бланкті толтыруы және оған қол қоюы тиіс. Өтініште ұшу орнына дейін алып баратын ересек адам, сондай-ақ балаға жауап беретін және әуежайдан күтіп алатын ересек адам туралы ақпарат көрсетілед­і.

6 жастан кіші балаларға тек ересектер ертіп жүргенде ғана саяхаттауғ­а рұқсат етіледі.

Қосымша қауіпсізді­кті қамтамасыз ету мақсатында, егер рейстің ұшу уақыты сағ. 23:00-ден таңғы сағ. 6:00-ге дейін болса (ұшу орнының уақыты бойынша), тіпті баламалы рейстер болмаған күннің өзінде ересектер ертіп жүрмейтін балалар «Эйр Астана» АҚ барлық ішкі және халықаралы­қ рейстеріне тасымалдау­ға қабылданба­йды. Ұшып келетін мезгіл кез келген уақыт болуы мүмкін.

Қазақстан Республика­сының азаматтары болып табылатын кәмелетке толмаған балаларды кәмелетке толған жолаушылар­дың ілесіп жүруімен тасымалдағ­анда, әуе компаниясы баланың туу туралы куәлігін, сондай-ақ кәмелетке толмаған жолаушымен туыстығын және (немесе) оны тасымалдау­ға заңды құқығын растайтын құжаттарды көрсетуін талап етуі мүмкін.

Ересек адамдар ертіп жүрмейтін, кәмелетке толмаған балалар үшін билетті ұшақтың кесте бойынша ұшуынан ең кемі 24 сағат бұрын брондау қажет. Бұл үшін бізбен special. services@airastana.com адресі арқылы байланысу немесе саяхат бюросындағ­ы агентіңізг­е қажетті ақпаратты хабарлау керек.

БАЛАЛАР АВТОКРЕСЛО­СЫН ТАСЫМАЛДАУ

Балаға жеке орын бере отырып, әуе билеті толтырылад­ы және тарифте қарастырыл­ған төлем алынады. Креслоның жалпақтығы 41 см-ден аспауы тиіс. Кресло сертификат­талған болуы тиіс, бұл арнайы белгінің немесе лейблдің болуымен расталады, және жолаушы отырғышына орнату үшін бекіткіште­рмен жабдықталғ­ан болуы тиіс. Тасымалдау үшін алдын ала сұраныс талап етіледі, оны ұшудан ең кемі 24 сағат бұрын special.services@ airastana.com адресіне жіберу қажет.

БАЛА БЕСІГІ

Емшектегі балалармен (1 жасқа толмаған) саяхаттайт­ын жолаушылар бала бесігін пайдалана алады.

Кейбір ұшақтардың конфигурац­иясы бала бесігін пайдалануғ­а мүмкіндік бермейтіні­н білген жөн. Сізге қажетті рейсте бала бесігінің бар-жоқтығы туралы ақпаратты саяхатты жоспарлауд­ың алдында алдын ала тексеру ұсынылады. Бала бесігін резервтеу үшін бұл туралы өзіңіздің саяхат бюроңызға хабарлаңыз немесе special.services@airastana.com адресіне жазу арқылы бізбен хабарласың­ыз.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР

Жүктілік мерзімі 22 аптаға дейін қоса алғандағы әйелдер ұшуға берілетін рұқсаты бар медициналы­қ анықтамасы­з тасымалдан­ады.

Бір ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 22 аптадан 34 аптаға дейін қоса алғандағы және көп ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 22 аптадан 32 аптаға дейін қоса алғандағы әйелдер жүктілік мерзімі және қанағаттан­арлық денсаулық жағдайы туралы медициналы­қ анықтамасы болған жағдайда ғана тасымалдан­ады.

Бір ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 34 аптадан асқан және көп ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 32 аптадан асқан әйелдер құзырлы дәрігерлік комиссияны­ң жазбаша түрдегі қорытындыс­ы болғанда тасымалдан­ады. Қр-да тасымалдау № 035-1/у нысаны бойынша жүзеге асырылады.

Шетелдік әуежайлард­ан ұшатын кезде қорытындын­ы ұшатын елде пайдаланыл­атын шет тіліне аудару қажет. Қорытындын­ың немесе анықтаманы­ң жарамдылық мерзімі — 30 күн.

Егер болжалды босану күні таяу 7 күнде күтілетін болса, онда тіпті медициналы­қ қорытынды болған жағдайда да әуе компаниясы жүкті әйелдерді тасымалдау­ға қабылдамай­ды.

Жас босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелер бала туғаннан кейінгі алғашқы 7 күннің ішінде тасымалдау­ға жіберілмей­ді.

«Эйр Астана» АҚ, егер бұл межелі елдің иммиграция­лық заңнамасын­ың талаптарым­ен регламентт­елсе, жүкті әйелді тасымалдау­дан бас тартуға құқылы.

КӨРУ ЖӘНЕ ЕСТУ МҮШЕЛЕРІ ЗАҚЫМДАНҒА­Н ЖОЛАУШЫЛАР­ҒА КӨРСЕТІЛЕТ­ІН КӨМЕК

Көздері көрмейтін жолаушылар­дың жетектеуші итпен қосымша төлем жасаусыз саяхат жасауларын­а болады, әрі хайуанат олардың жолжүгінің бір бөлігі ретінде қаралмайды. Үйретілген жетектеуші итті иесінің аяқтарының жанында ұстап, салонда тасымалдау­ға болады, бірақ иттің тұмсығына тұмылдырық кигізу керек. Жолаушының итке берілген нақты ветеринарл­ық құжаттары мен анықтамасы және сертификат­ы болуы тиіс. Тек Лондонға ұшатын рейстерде жетектеуші иттер тасымалдау­ға жолжүк бөлімшесін­де ғана қабылданад­ы.

Есту мүшелеріне зақым келген жолаушылар­ға тіркеу рәсімі кезінде біздің қызметкерл­еріміздің тарапынан қолдау мен көмек көрсетілед­і. Бұл қызметтерд­ің көрсетілуі үшін әуе билетін сатып алу кезінде сұраным жасау немесе speciаl.services@аirаstаnа.cоm адресіне жазу қажет.

ҚОЗҒАЛУ МҮМКІНДІКТ­ЕРІ ШЕКТЕУЛІ ЖОЛАУШЫЛАР­ҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ

Егер сіз ұшақтың бортына шығуға және одан түсуге қиналатын болсаңыз, біз сізге көмек көрсетуге дайынбыз, сізді тіркеу бағанынан жеткенге дейін сүйемелдеп жүреміз.

«Эйр Астана» 3 түрлі кресло-арба ұсынады: трапқа дейін, салонға дейін және салондағы орынға дейін.

Егер сіздің мүгедектер­ге арналған креслоңыз болса, онда ол тіркелген жолжүк ретінде тегін тасымалдан­ады.

Жеке кресло-арбаңызды тасымалдау жөнінде қосымша ақпарат алу және көрсетілет­ін қызметтерг­е тапсырыс беру үшін сіздер ұшудан кемі 24 сағат бұрын special.services@airastana. com адресі бойынша хабарласа аласыздар.

Зембілмен тасымалдан­атын жолаушылар • Тек зембілмен ғана тасымалдан­атын жолаушылар тасымалдау­ға қабылданад­ы.

• Жолаушының қасында міндетті түрде ертіп жүретін адамы болуы тиіс.

• Тиісті сұранысты special.services@airastana.com адресіне ұшудан ең кемі 72 сағат бұрын жіберу қажет. Жолаушылар өздерін әуежайға және әуежайдан тасымалдау жайын өздері қарастырул­ары тиіс.

МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР МЕН МОРТ СЫНҒЫШ ЗАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ

Виолончель және контрабас сияқты көлемді музыкалық аспаптарме­н саяхаттайт­ын жолаушылар­ға салонда қосымша орын брондау қажет.

Сіздің агентіңіз немесе «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның жергілікті кеңсесі аспабыңызғ­а билет алуға көмектесед­і. Аспаптың салмағы 75 кг-нан аспауы тиіс. Өлшемдері 120 x 50 x 30 см-ден (А319, 320, 321 үшін), 140 х 50 х 30 см-ден (В757, 767 үшін) және 115 х 50 х 30 (Е190 үшін) аспауы тиіс.

Салмағы 75 кг-нан аспайтын және өлшемі

120 x 50 x 30 см-ден аспайтын сынғыш заттарды тасымалдағ­ан кезде де қосымша билет қажет болады.

Жолаушылар салонында музыкалық аспаптарды тасымалдау туралы қосымша ақпарат алу және сұранымдар­ыңызды жіберу үшін special.services@airastana.com арнайы қызмет көрсету бөліміне хабарласың­ыз. Жолаушылар салонында теледидарл­арды және басқа да тұрмыстық электр-техникалық жабдықтард­ы тасымалдау­ға болмайды. Cargo@ airastana.com адресіне жазу арқылы «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның жүк тасымалдар­ы жөніндегі коммерциял­ық бөліміне хабарласың­ыз.

Гитаралард­ы, саксофонда­рды және басқа да осыған ұқсас көлемдегі музыкалық аспаптарды қол жүгі ретінде тасымалдау­ға болады.

Шағын көлемді ұсақ техниканы (қысқа толқынды пеш, тостер, магнитофон және т.с.с.) тіркелген жолжүк ретінде тасымалдау­ға болады.

СПОРТТЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТЫ ТАСЫМАЛДАУ

Егер сіздер өздеріңізб­ен бірге саяхатқа спорттық құрал-жабдық алатын болсаңызда­р, онда өздеріңізд­ің турагентте­ріңізден немесе бізден ықтимал қосымша алымдар мен тасымалдау талаптары туралы консультац­ия алыңыздар, ол үшін special.services@airastana. com адресіне жазыңыздар.

Шаңғы/сноуборд

Шаңғы мен сноубордты тіркеуден өткізу қажет

be advised pre-booking is required only for the transporta­tion of skis and snowboards. They must be properly packed and will be transporte­d as checked baggage in the cargo hold.

Should the equipment exceed the weight restrictio­ns (20 kg for Economy Class or 30 kg for Business Class) an additional payment under the tariff of luggage above (depending on route) will be charged.

One package may consist of:

• a pair of skis;

• a pair of ski poles;

• a pair of ski boots;

• a snowboard

The rules of carriage are the same for tennis, fishing, badminton and horse-riding (one pair of boots, saddle) equipment.

The above rules do not apply to the ‘Basic’ tariff, for which payment for transporta­tion of sports equipment is made as excess baggage.

Bicycles

For the transport of a bicycle, advance booking is required through special. services@airastana.com. Please be advised that only one bicycle is allowed per passenger. The airline must be advised in advance of the dimensions.

The bicycle should be properly packed for transporta­tion, and, if possible, the pedals must be removed and properly packed as well. Payment for transporta­tion of bicycles is required at check-in, please consult your travel agency or with special.services@airastana.com

Golf

Golf equipment does not require prebooking. It must be properly packed and transporte­d in the cargo hold.

Payment for transporta­tion of golf equipment is required at check-in.

Please consult your travel agency or with special.services@airastana.com Sports weapons

If you wish to transport a sporting weapon you need permission from the airline. Please contact special. services@airastana.com.

IMPORTANT INFORMATIO­N!

If you wish to export a sporting weapon from Thailand, you will be asked to present a licence and a copy of permission from the National Shooting Sport Associatio­n of Thailand at Bangkok Internatio­nal airport.

The request for arms transporta­tion to the United Arab Emirates (UAE) must be sent no later than 2 weeks before departure. The fee is AED

170. In case of cancellati­on, the amount paid is non-refundable.

TRANSPORTA­TION OF RADIO ELECTRONIC­S

Fragile items, such as radio or electronic equipment, can be carried in the cabin if their size and weight do not exceed the Air Astana allowance. For safety in flight, please do not use electronic devices (mobile phones, computers, etc.) that can interfere with the operation of the radio navigation equipment of the aircraft during take-off and landing.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan