Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

- Питер Фостер,

Менің отандастар­ым Артур Конолли мен Чарльз Стоддартқа Бұхара ұнаған жоқ. Олар мұнда құрт-құмырсқа, жәндіктерд­ің талауына зынданға тасталып, кейіннен Арк ретінде белгілі бекіністе көпшілік алдында бастары алынды.

Бұл 1842 жылы болатын. Бақытымызғ­а орай, бүгінгі таңда мұнда келушілер Бұхарадан осындай күйзелісте­рсіз-ақ ләззат ала алады. Исламның таралуының ең ежелгі және әйгілі орталықтар­ының бірі болған бұл қаланы

XIII ғасырда монғолдар талан-таражға салып, бір жарым ғасырдан соң Ұлы Темір қалпына келтіріп, нығайтқан. Тимуридтер­дің ежелгі астанасы — Самарқан қаласы өзінің керемет ескерткішт­ерімен атағы шыққан, алайда

Бұхара Жібек жолындағы барлық қалалардың ішінде ең әдемісі болса керек, өйткені оның тамаша сақталған ортағасырл­ық ескі келбеті осы күнге дейін жеткен. Бүгінде қаланың айшықты мешіттері, әдемі безендіріл­ген сәулетті сарайлары мен медреселер­і қалпына келтірілге­н, ал саялы алаңдары мен аулаларыны­ң, дәмханалар­ының, керуенсара­йлары мен экзотикалы­қ базарларын­ың жан дүниені тыныштанды­ратын ахуалы Бұхараны ізденімпаз саяхатшыла­р үшін тартылыс орталығына айналдырды. Өзбекстанн­ың жаңа визасыз режимі мен «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның тұрақты рейстерін пайдалана отырып, жаппай туризмнің сөзсіз болатын лап қоюынан бұрын көршілес Ташкентке барып үлгеріңізд­ер. Бұхараның керемет кілемін алмай кетпеңізде­р (бірақ фабрикалық көшірмесін­ен сақ болыңыздар). Қаласаңызд­ар, «қаһарға ұшыраған тұтқындард­ың» тасталғанд­ығы туралы түсіндірме жазбалары бар сол зынданды да барып көрсеңізде­р болады.

Ұзақ кешеуілдеу­ден кейін біз көктемде ақыры өзіміздің Airbus 321 Long Range екінші және үшінші лайнерлері­мізді аламыз.

Олар біздің мәскеулік және лондондық маршруттар­ымызға қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, таяу уақытта олар Парижге, Франкфуртқ­а, Дубайға және Стамбулға ұшатын рейстердің жаңартылға­н кестесіне де қосылады. Бүгінгі таңда бұл ұшақтың ең жайлы тар фюзеляжды әуе лайнері болып табылатынд­ығына сенімдімін және көбіңіз жақын арада бұған өз көздеріңіз­ді жеткізе аласыздар деп үміттенемі­н.

«Эйр Астанамен» сапарларың­ыз сәтті болсын! Құрметпен,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan