Автомобильдерсіз
Барселонадағы қыз-қыз қайнаған ду-дүрмекті өмірге ығы-жығы көлік қозғалысы қабаттаса жүреді. Барлық қалалық көліктердің 60%-ға жуығы — автомобильдер, бұл қоршаған ортаға орасан зор зиянын тигізеді. Енді қаланың қақ ортасында «суперблоктар» деп аталатын тыныштық аралдары бой көтереді. Олар көшелерді көлік шуылы мен пайдаланылған газдардан құтқарудың түбегейлі жоспарына кіреді. Мұнда көлік мүлдем болмайды десе де болады, ал бұрынғы көлік тұрақтары жүгіруге арналған жолдары бар жасыл саябақтар мен балалар алаңдарына орын босатады. Әзірше Барселонада небәрі алты «суперблок» бар, бірақ осыған ұқсас жүздеген блоктарды салу жоспарланып отыр. Бұл аудандарда, ең қажетті түрлерін есепке алмағанда, көлік қозғалысына толықтай дерлік тыйым салынады, ал олардың жүру жылдамдығы сағатына 10 километрден аспауы тиіс болады.
Barcelona bans cars
Barcelona’s vibrant city life comes at the cost of heavy traffic. Cars make up around 60% of transportation in the city, which is bad news for the environment. In response, the authorities are constructing islands of peace and quiet in the city centre called ‘superblocks’. These are part of a radical plan to save streets from traffic noise and pollution. There will be almost no motorised transport allowed and parking lots will be replaced with playgrounds, green parks and running tracks. So far Barcelona has six superblocks and is planning hundreds more. Almost all nonessential traffic will be banned in these areas with speed limited to no more than 10 km/h.
Барселона без автомобилей
Бурлящая яркая жизнь в Барселоне сопровождается напряженным автомобильным движением. Около 60 процентов от всего количества городского транспорта — это автомобили, что губительно сказывается на окружающей среде. Теперь в самом центре города построят островки тишины и покоя, которые называют «суперблоками». Они входят в радикальный план спасения улиц от транспортного шума и выхлопов. Здесь практически не будет транспорта, а бывшие парковки уступят место детским площадкам и зеленым паркам с беговыми дорожками. Пока в Барселоне всего шесть «суперблоков», но в планах — строительство сотен подобных им. В этих районах будет практически полностью запрещено движение транспорта, кроме самого необходимого, а скорость их передвижения не должна будет превышать 10 км/ч.