Сақтау жобасы
Соңғы онжылдықтарда браконьерлік пен мекендеу ортасын жоғалтуы салдарынан Қазақстандағы қарақұйрықтардың саны 90%-дан астамға азайды. «SOS Қарақұйрық» жаңа жобасы елдің оңтүстігінде сүтқоректілердің осы түрін сақтау шараларын күшейтуді көздейді. Оның аясында далалық зерттеулер жүргізіледі, қарақұйрықтарды белгілеп, жерсеріктердің көмегімен қадағалайтын болады, жергілікті халықпен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Түркменстан шекарасындағы шекаралық қоршаулардың жануарлардың көші-қонына қалай әсер ететіндігін анықтау жоспарланады. Жұмыстар 2021 жылдың күзіне дейін жалғасады.
Қарақұйрық немесе Gazella subgutturosa — киік тектес жұп тұяқты жануар, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде мекендейді, елдің Қызыл кітабына енген, Халықаралық табиғатты қорғау одағының тізімінде «Осал» (Vulnerable) мәртебесіне ие. Соңғы деректерге сәйкес, олардың саны елімізде 13-15 мың басты құрайды, ал бір кездері Қазақстанда қарақұйрықтардың саны 200 мыңға дейін жеткен.
Saving the goitered gazelle
The number of goitered gazelles in Kazakhstan has fallen by over 90% in the last few decades, as a result of poaching and habitat loss. A conservation project, called SOS Goitered Gazelle, has been set up in the south of the country. This involves fieldwork, tagging the goitered gazelles so they can be tracked via satellite, and raising awareness among the local population. A study of the border between Kazakhstan and Turkmenistan is planned to learn more about their migratory patterns. Work will continue until autumn 2021. The goitered gazelle or
is an even-toed ungulate. In Kazakhstan they inhabit the southern regions and are listed in the country’s Red Book of endangered species and classified as vulnerable by the International Union for the Conservation of Nature. Recent data puts the population at between 13,000 and 15,000, but the number of goitered gazelles in the country used to be almost 200,000.
Проект по сохранению джейранов
Численность джейранов в Казахстане за последние десятилетия сократилась более чем на 90 процентов из-за браконьерства и потери мест обитания. Новый проект «SOS Джейран» нацелен на усиление мер по сохранению вида на юге страны. В его рамках будут проведены полевые исследования, джейранов пометят и станут отслеживать с помощью спутников, будет проводиться разъяснительная работа с местным населением. Кроме того, планируется выяснить, как влияют пограничные заграждения на границе Казахстана и Туркменистана на миграцию животных. Работы продлятся до осени 2021 года.
Джейран, или Gazella subgutturosa, — парнокопытное из рода газелей, в Казахстане обитает в южных регионах, занесено в Красную книгу страны, в списке Международного союза охраны природы имеет статус «Уязвимые» (Vulnerable). Согласно последним данным, численность вида в стране составляет 13–15 тысяч особей, а когда-то численность джейранов в Казахстане достигала почти 200 тысяч.