Бірегей экопарктер
Жақын арада Нұр-сұлтан қаласында екі бірегей экопарк пайда болады. Солардың бірі тарихи маңызды орнитологиялық аймақ — Талдыкөл көлінің маңында құрылады. Жобаланатын аумағы
5700 гектарды құрайды, оны бойлай болашақ биологтар мен орнитологтарға арналған білім беру орталықтары мен шолу алаңдарын салу жоспарланады. Табиғи паркті құру Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін құстар мен жануарлардың табиғи мекендеу ортасын сақтауға мүмкіндік береді.
Майбалық көліндегі екінші экопарк те тартымдылығы жөнінен кем түспейді. Аумағының жалпы ауданы — 400 гектар, су айдындарының ауданы — 120 гектарға жуық. Парк кешенінде балық аулауға арналған жасанды су қоймаларын, серуендеу жолдары мен велосипед жолдарын, спорт аймақтарын және аумақтың бірегей экожүйесін қолдауға арналған алаңдарды құру қарастырылады. Туристерді биологиялық саналуандықпен таныстыруға мүмкіндік беретін экологиялық маршруттар мен соқпақтар жасау жоспарлануда.
New eco parks
Two new eco parks are going to be built near Nur-sultan, one of which will be by Taldykol Lake, an historically important ornithological area.
The projected area covers 5,700 hectares and the complex will include observation decks and educational centres for those interested in biology and ornithology. The creation of a natural park will conserve the natural habitat of many animals and rare Red List birds. The second park at Maibalyk Lake will cover an area of 400 hectares with water reservoirs taking up almost 120 hectares. The creation of these manmade reservoirs will provide sites for fishing, hiking, cycling and other sports while maintaining the area’s unique ecosystem. Informative routes and trails will introduce visitors to the biological diversity of the area.
Уникальные экопарки
Два уникальных экопарка появятся в скором времени в Нур-султане. Один из них будет создан у озера Талдыколь — в исторически важной орнитологической зоне. Проектируемая территория — 5700 гектаров, вдоль которой планируется построить смотровые площадки и образовательные центры для будущих биологов и орнитологов. Создание природного парка даст возможность сохранить естественную среду обитания животных и редких краснокнижных птиц.
Не менее привлекательным местом станет второй экопарк на озере Майбалык. Общая площадь территории — 400 гектаров, площадь водоемов — почти 120 гектаров. Парковый комплекс предусматривает создание искусственных водоемов для рыбалки, прогулочные тропинки и велодорожки, зоны для занятий спортом и площадки для поддержания уникальной экосистемы территории. Предполагается создание экологических маршрутов и троп, которые позволят познакомить туристов с биологическим разнообразием.