«ЭЙР АСТАНА» АҚ ЖОЛАУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«ЭЙР АСТАНА» АҚ САЯСАТЫ
«Эйр Астана» АҚ жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысына байланысты мынадай саясатты ұстанады:
1. Жолаушылардың өрескел жүрістұрысы жайлы оқиғаларды ешбір салдарсыз қалдырмау;
Әуе компаниясының қызметкерлеріне жолаушылардың өзін ұстау ережелерін бұзудың алдын алу және болдырмау үшін қажетті өкілеттіктерді беру;
Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы жайлы құқық қорғау органдарына хабарлау және ондай жолаушыны кейіннен жауапкершілікке тартуға байланысты көмек көрсету;
Қажет болған жағдайда, әуе компаниясы қызметкерлерінің абыройы мен ар-намысын қорғау және жолаушы келтірген материалдық залалды өтеу үшін сот ісін қозғау.
2.
3.
4.
ЖОЛАУШЫНЫҢ ӨРЕСКЕЛ ЖҮРІС-ТҰРЫСЫ
Егер «Эйр Астана» АҚ жолаушысы құқық бұзушылық жасаса, соның ішінде:
1. ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа адамның өміріне қауіпті жағдай туғызса; басқа жолаушылардың және әуе компаниясы қызметкерлерінің денсаулығына, ар-намысына қауіп төндіретін жағдай тудырса, оларға тіл тигізсе немесе жәбірлесе; экипаж мүшелерінің жұмысын орындауына әдейі кедергі жасаса; экипаждың қауіпсіздік талаптарын орындаудан бас тартса;
«Белдікті тартыңыз» таблосы жанғанда, белдікті тартудан бас тартса және әуе кемесінің бортында темекі шегуге салынған тыйым туралы әуе компаниясының саясатын бұзса; қылмыстық іс жасаса; стандартты қызмет көрсету аясында бортта ұсынылатындарын қоспағанда, өзінің, соның ішінде бажсыз сауда дүкендерінен сатып алынған спиртті ішімдіктерін қолданса; экипаж мүшелерінің спиртті ішімдіктерді қабылдауға қойған шектеу талаптарын орындаудан бас тартса;
2.
3.
4.
5. 6. 7.
8.
9. әуе кемесінің ұшуы, қонуы және жүргізілуі кезінде электрондық құралдар мен аспаптарды қолданса; 10. жарылғыш заттарды қолданумен қорқытса; басқа жолаушыларға және экипаж мүшелерінің жұмысына кедергі келтіретін қолайсыз жағдайлар тудырса; әуе компаниясына тиесілі мүлікті бұзса және/немесе оны әуе кемесі бортынан алып шықса.
11.
12.
Мұндай жағдайларда «Эйр Астана» АҚ жолаушылардың өрескел жүрістұрысының алдын алу және болдырмау үшін мынадай шараларды қолдануға құқылы: a) жолаушыны межелі орынға дейін
тасымалдаудан бас тарту; б) жолаушыны ұшып келген елдің құқық қорғау органдарына тапсыру және оны кейіннен сол елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту.