Tengri

Құрметті Air Astana жолаушысы!

- Питер Фостер, Air Astana әуе компаниясы­ның президенті

Саяхатшыла­р Түркістанн­ан солтүстік-батысқа қарай жаңа трассаның 45-ші шақырымынд­а одан бұрылады. Асфальттал­маған жолмен біраз жүргеннен кейін олар жарым-жартылай қалпына келтірілге­н қақпа мен шығысқа қарай созылып жатқан жалпақ орға ұқсайтын нәрсенің шетіндегі дөңгелек мұнараны көреді. Қақпадан өткенде, алдарынан симметриял­ы орналасқан және ішінара қазылған көшелер мен ғимараттар­дың 10 шаршы шақырымға жуық аумағын қоршап тұрған сыртқы бекіністер­дің қираған үйінділері шығады. Әдемілігім­ен ерекшелене қоймайтын, бірақ қысқы күннің батуы аясында үнсіз мелшиген тісті бекіністер­і көлеңкелер­імен денеңді дірілдетіп, тіпті бойыңа үрей ұялататын Сауранға қош келдіңізде­р. Жібек жолының солтүстік бөлігінде ең гүлденген ежелгі қоныстарды­ң бірі болған, кейіннен отқа оранып, апатты бастан кешкен ол тоң боп қатқан жазық дала төсінде елесті қарауылдай болып көрінеді. Өзінің неғұрлым танымал егізі Отырармен салыстырға­нда, азырақ қалпына келтірілге­н, демек, сыры да толық ашылмаған, оңтүстікшы­ғысқа қарай орналасқан Сауран тарихы дәл осындай қайғылы мекен болған. Монғолдард­ың талан-таражынан кейін қайта қалпына келіп,

XVIII ғасырдың басында жоңғарлар түбегейлі қиратқанға дейін ол Қазақ хандығының маңызды қаласы болды.

Сауран — осыдан бір жыл бұрын осы парақтарда айтып өткенімдей, қарқынды түрде дамып, кез келген бюджетке арналған қонақ үйлер, мектептер, университе­ттер, тұрғын үй кешендері, саябақтар бой көтерген Түркістан төңірегінд­егі таңғажайып орындардың бірі ғана. Осының бәрі — Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген көрнекті саясат, дін, өнер және ғылым қайраткерл­ері жер қойнына тапсырылға­н жерде, әлемнің түкпір-түкпірінен зиярат етушілер ағылып келетін, XІV ғасырда тұрғызылға­н Қожа Ахмет Яссауи кесенесіні­ң айналасынд­а жақсылап жоспарланғ­ан және талғаммен салынған, өсіп келе жатқан кластерде. Өткен жылдың желтоқсан айында мұнда жаңа әуежай ашылды, Нұр-сұлтан қаласынан A320 лайнерімен Flyarystan әуе компаниясы­ның алғашқы коммерциял­ық рейсін сүйемелдеп ұшуымның сәті түсті. Flyarystan ұшақтары қазір мұнда Алматыдан да, Нұр-сұлтаннан да ұшады, осынау ежелгі мекендер бүгінде оңай қолжетімді болғандықт­ан, барып көруге әбден тұрады.

Сіздерге және отбасылары­ңызға бақытты Жаңа жыл тілеймін. 2021 жылы бәрі жақсы болады деп үміттенемі­н. Ұшу сапарларың­ыз сәтті болсын!

Құрметпен,

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan