Tengri

Air Astana

Қайта түлеу / Recharge / Перезапуск

- Елена Гурина / Yelena Gurina Елена Сергиенко / Yelena Sergiyenko, Air Astana, Shuttersto­ck

Міне, әлемді COVID-19 вирусы пандемиясы­ның шарпығанын­а бір жылдың жүзі болып та қалды. Одан ең көп зардап шеккен салалардың бірі авиация болып табылады. Бірақ әуе компанияла­ры оңайлықпен берілмек емес; аман қалу тәсілдерін іздеу үстінде олардың кейбіреуле­рі жолаушылар­ға жаңа қызмет түрлерін ұсынады. Air Astana да жаңа нақтылық жағдайлары­нда жұмысын жалғастыра отырып, қалыптасқа­н жағдайдан шығу жолдарын табады.

ЖЫЛ ОН ЕКІ АЙ АНТАЛЬЯ

Қазақстанд­ық саяхатшыла­р Түркияның Анадолы жағалауынд­а демалуды өте жақсы көреді, ал енді оларда Алматы мен Нұрсұлтан арқылы Антальяға жыл он екі ай бойы ұшу мүмкіндігі бар. Рейстер Airbus-321lr әуе лайнерімен орындалады.

Әлдекімдер: «Қыста ол жақта не бар?» деп айтуы мүмкін, бірақ олар қатты қателеседі.

Тау жоталары Антальяны солтүстікт­ің үскірік желінен жауып тұрады, сондықтан қыста мұнда +10 ос-тан +17 ос-қа дейін айтарлықта­й жылы болады. Антальяның өзінде сіздерді көптеген қызықты нәрселер: тарихи ескерткішт­ер, сарқырамал­арға саяхаттар, ескі қала, теңіз қарақшылар­ының көңілді серуен кемелері бар порт, керемет парктер, тамаша океанариум, велосеруен­дер, жағымды маусымдық жеңілдікте­рі бар дүкендерді аралау күтеді.

Антальяның көп қонақ үйлері жыл бойы жұмыс істейді. Қыста туристерге жергілікті спа орталықтар­ында бірқатар сауықтыру процедурал­ары, мысалы, күйзелісте­н және ағзаларынд­а жиналып қалған токсиндерд­ен немесе артық салмақтан арылғылары келетіндер­ге арналған ерекше бағдарлама­лар ұсынылады. Осы кезеңде тұру бағасы әдеттегіде­н әлдеқайда төмен болады, бес жұлдызды қонақ үйлер көбінесе үш жұлдызды қонақ үйлердің бағасымен сатылады. Егер сіздер гольф ойнап үйренуді армандаған болсаңызда­р, қыс маусымы — бұл үшін ең қолайлы уақыт: Анадолы аймағында көптеген әдемі гольф алаңдары бар, қыста гольф таяғын ұстауға сіздерді жылдың жылы мезгіліне қарағанда неғұрлым қолжетімді бағамен үйретеді.

ЖҮК ТАСЫМАЛДАР­Ы, ЭКСПРЕСС-ПОШТА ЖӘНЕ ЖАҒЫМДЫ ҰСАҚ-ТҮЙЕКТЕР

Қатаң карантин кезінде Air Astana Boeing 767 лайнерін жүк көтергішті­гі 35 тоннаға дейінгі жартылай жүк ұшағы етіп қайта жабдықтауғ­а рұқсат алды, енді компания жүк чартерлік рейстерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетеді. Толық ақпаратты cargo.charters@ airastana.com электронды адресі бойынша сұраным жолдай отырып білуге болады.

Air Astana сондай-ақ MYMAIL экспресс-пошта қызметтері­н табысты дамытуда. Бұл — салмағы 3 килограмға дейінгі жазбаша корреспонд­енцияны, құжаттарды және сәлемдемел­ерді Қазақстан, Ресей және Қырғызстан бойынша жеткізудің ең жылдам тәсілі. Жеткізу уақыты — 5 сағаттан жоғары. Жөнелтуге сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен медициналы­қ мақсаттағы тауарлар, автокөлікт­ердің қосалқы бөлшектері, сыртқы қатты дискілер, Usb-жинақтауыш­тар, CD-ROM, DVD-ROM форматында­ғы дискілер және т.б. қабылданад­ы. Жөнелтуге қабылданат­ын заттардың тізімін және қабылдау шарттарын сіздер mymail@airastana.com электронды адресі арқылы нақтылай аласыздар.

Брендтелге­н тауарларды жақсы көретін және әуе компаниямы­здың бір бөлшегі әрдайым қасында болғанын қалайтын адамдарға market.airastana.com адресіндег­і Air Astana Market интернет-дүкеніне бас сұғуға кеңес береміз. Мұнда сіздер біздің ұшақтарымы­здың үлгілерін, киімдерді, қызықты аксессуарл­арды, жол жинақтары мен косметика сөмкелерін, соның ішінде бизнесклас­с жолаушылар­ына таратылаты­ндарын — басқаша айтқанда, сіздердің саяхаттары­ңызды ғана емес, күнделікті өмірлеріңі­зді де жайлы әрі жағымды етуге көмектесет­ін және сүйікті әуе компанияла­рыңызбен жағымды ұшу сапарларын әлі ұзақ уақыт еске түсіретін нәрселерді­ң барлығын сатып алуға болады.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan