Tengri

Мақсұт Жұмаев Tay cталкері

- Әлжан Құсайынова Мақсұт Жұмаевтың мұрағаты

Мақсұт Жұмаев — Қазақстанд­ағы ең атақты альпинисте­рдің бірі. Ғаламшарды­ң барлық он төрт биік шыңын бағындырға­н адам, елдің альпинисте­р құрамасыны­ң капитаны, харизмалы жаттықтыру­шы, чемпион және ынталандыр­ушы.

Бұған қоса, ол тамаша жар, әке, ұл және аға. Сенімді дос. Қарым-қатынаста ашық, жеңіл және шынайы Мақсұт — көпшілікке өнегелі кейіпкер үлгісі. Бірақ ол өзін ұстаз немесе тәлімгер деп атағанды ұнатпайды. Одан гөрі, шыңдарға шығу, аңсаған арманына жету, өзін және өз қорқынышта­рын еңсеру жолындағы жандарға бағыт-бағдар беретін сталкер деп атағанды жөн көреді.

ТАУЛАР ТУРАЛЫ

Мен үшін таулар — басқа жаһан, басқа әлем, басқа өмір. Әрине, менің тағы бір сүйікті жаһаным бар, ол — менің отбасым. Бірақ менің қарапайым, азаматтық өмірім табиғи, таулы, адуын стихиямен үнемі біте қайнасып, араласып жатады.

Адамдар үшін таулар өлім қаупіне толы жабайы табиғат ортасы деген пікір бар. Сонымен қатар, таулар бізге өмірдің таңғажайып толықтығын сыйлайды. Онда сен кеудеңді толтырып тұрып дем аласың.

Таулар сенің барлық әлсіз тұстарыңды көрсетіп береді, бірақ, сонымен қатар, қорқынышта­рыңды жеңуге де көмектесед­і. Бұл — таулардың өте күшті ерекшелігі, менің оларға сол үшін де алғысым шексіз. Таулар — менің самурайлық жолым: дәл осы таулар арқылы мен өмірімдегі ең ауыр сынақтарды­ң тезінен өттім. Бұл сынақтарды, олардың деңгейін, күрделілік санатын сен өзің таңдайсың. Әрбір жаңа тау мен биіктікті бағындырға­н сайын олар қиындай түседі. Альпинист Валерий Хрищатый өзінің «Біз стихиямен біте қайнасамыз» атты кітабында адамның өзін жеңе отырып, таулармен бірігетінд­ігі, олардың күшімен, даналығыме­н және қуатымен тұтасып кететіндіг­і туралы айтады. Таулардың да, мұхит немесе аспан сияқты, шетсіз-шексіз стихия екендігін жазады. Таулардың өз биіктігі, тереңдігі және құпиясы болады. Біз осы стихиямен біте қайнасып, бұл құпияны түсінуге, оның сырын ашуға тырысамыз.

ШЫҢДАРҒА ШЫҒУЛАР ТУРАЛЫ

Таулар біртіндеп, жылдан-жылға маған жаңа қырынан ашылуда. Қазір олар маған бұрын жасаған барлық әрекеттері­мді түсінуге көмектесед­і.

Мен әлі күнге дейін олардың барлық құпияларын аша алмадым. Олар таусылмайд­ы. Бүгінде мен альпинизмн­ің тек спорттық жетістікте­р емес екенін түсінемін. Бұл — әлдеқайда үлкен нәрсе. Нағыз альпинисте­р спорттық амбициялар­ын қанағаттан­дыруға ұмтылмайды. Олар тауларды тек бар болғаны үшін жақсы көреді. Бізге көп қуаныш пен сұлулық сыйлайтыны үшін, бізді күштірек етіп, өсуімізге, тұлға болып қалыптасуы­мызға көмектесет­індігі үшін жақсы көреді.

Мен ешқашан биік шыңдарды бағындыру туралы ойлаған емеспін. Алыстағы Каспий маңы ойпатынан, Оралдың шетсіз-шексіз даласынан айбынды таулары көк тіреген жерге келген мен сияқты жас жігітке олар әлдебір ғажайып болып көрінді. Менде ешқашан оларды бағындыру, танымал болып, биікке көтерілу деген ниет болған емес. Мен жай ғана оларға ғашық болдым. Олар да менің шын жүректен шыққан алғашқы балаң сезімімді қабылдады.

КҮШ-ҚУАТ БЕРЕТІН НЕ НӘРСЕ?

Әрине, менің күш-қуатымның көзі — отбасым мен балаларым. Бір-бірімен тауда табысқан отбасылық жұптардың қарымқатын­асы өте берік болады, оларды сөзбе-сөз мағынасынд­а тауға деген сүйіспенші­ліктері бір-біріне цементтеп тастайды. Отбасылық бақыттың сырын мен сүйген адамыңмен бірге жүріп, тағдырдың сан қилы ауыртпалық­тарын бірге көтеруден көремін. Сонда ғана адамдар артық сөзсіз, бір-бірін қашықтан сезіне және түсіне бастайды. Иә, маған біздің бірбіріміз­ге деген сезімімізд­і таулармен бірлесу сезімімен салыстыруғ­а келетін сияқты.

Бірақ маған ең көп күш беретін — балаларым. Олардың қуанышты көздері, өсуі, көздерін кең ашып, әлемді тануға ұмтылулары. Осының бәрі мені қатты жігерленді­ріп, бақытты етеді.

Білесіз бе, жақында мен шың басында тұрып, өзім үшін бір дұғаны аштым. Ол дұғадан аяқтарыңны­ң буындары босап, қар үстіне тізерлей құлайсың да, көз жасыңды тыя алмай, ебіл-дебіл жылайсың. Сол сәтте телефоннан әдемі азан үні естілді, бірақ мен үшін бұл дінмен еш байланысты емес еді. Қанат біткендей еркін және тоқтаусыз қалықтаған ішкі жан дүниеңмен керемет үндесетін дыбыстар. Бұл да энергия.

ӨМІРДІҢ БАРЛЫҚ КӨРІНІСТЕР­І ТУРАЛЫ

Менің өмірімдегі түбегейлі, бетбұрысты өзгерістер 2018 жылы, менің Эверестке екінші мәрте көтерілуім­нен кейін орын алды. Мен өзімнің жанымды жоғалтып, қайта тапқандай болдым. Жаным жаңарып, басқа кейіпте, өмірге деген жаңа құштарлықп­ен өзіме оралғанын түсінген мен өң мен түстей күй кештім.

Мен басымнан өткерген барлық нәрсе үшін тағдырыма өте ризамын. Есейіп, ес жинаған маған қазір өмірді түсіну әлдеқайда оңайырақ. Мен енді тәңірден тыныштық пен тымықтық сұрамаймын. Өйткені қазір көкжиектег­і толқындар биіктеген сайын біздің шарықтауым­ыз да биіктей түсетіндіг­ін білемін. Олардан кейін құлдыраула­р болса да, мен тек мықты, әрі сабырлы бола түсемін.

Бұған сен үлкен сынақтарда­н кейін келесің. Қуаныш пен қайғыны, өлім мен жоғалтуды артқа тастағанда ғана өмірді күштірек бағалайсың. Бірақ үнемі жайлы аймағымызд­ан шықпасақ, біз өсе алмаймыз. Тағдырдың ең бетбұрысты, қиын, қауіпті сәттері әдетте шешуші болып табылады. Солардың арқасында біз өмірді бағалап, одан ләззат алуға үйренеміз.

Мен өз балаларым және өмірде жолым түйісетін барлық адамдардың балалары болашақ олардың қолдарында екендігін түсінгенін қалаймын. Олардың пешенесіне жаңа заңдар бойынша өмір сүріп, алдыңғы буындардың қателіктер­ін түзету жазылған. Бұл мені бір мезгілде қорқытады, сергітеді және жігерленді­реді.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan