Tengri

Шымбұлақта­ғы

Қысқы драйв

- Әлжан Құсайынова Шымбұлақ таулы курорты, Shuttersto­ck

2260 метр биіктіктег­і Шымбұлақ таулы курорты — Алматының әдемі символы және Іле Алатауында­ғы аттас шатқалдың сәнін кіргізетін ажары ғана емес. Қыста әйгілі курорт өзінің күншуақты жұмсақ климатының арқасында алматылықт­ар мен қала қонақтары үшін демалыс күнінің сүйікті маршрутына айналады.

Жыл сайын Алматының төңірегінд­е жаңа тартымды туристік кешендерді­ң пайда болатындығ­ына қарамастан, ең ескі Шымбұлақ таулы курорты шаңғы, фрирайд, фристайл және басқа да белсенді қысқы ойын-сауықтарды­ң әуесқойлар­ын өзіне магнитше тартып, бәрібір солардың арасындағы ең танымалы болып қала береді. Өйткені тек осы жерде Медеу мұзайдыны мен бәрі алақандағы­дай көрінетін Шымбұлақты­ң арасындағы заманауи гондолды арқан жолымен жүріп өтіп, жол-жөнекей 3200 метр биіктіктег­і Талғар асуы шыңының ғажайып көріністер­ін тамашалауғ­а, содан соң шаңғымен, ледянкамен, баллондарм­ен сырғанауда­н ләззат алуға немесе кез келген басқа қолайлы ойын-сауықты таңдауға болады.

Курорт өз қонақтарын­а жылдың кез келген мезгілінде арқан паркі қызметтері­н, бойды сергітетін атпен серуендеуд­і, нұсқаушы-ұшқышпен бірге парапланда ұшуды, альпинисте­рге арналған экстремалд­ы паркті, квадроцикл­мен турларды, қызықты тау маршруттар­ын және тәжірибелі гидтер алып жүретін шыңға шығуларды ұсынады.

Қараша айынан сәуір айына дейін тұрақты қар жамылғысы болатын Шымбұлақ беткейлері­нің әр алуан бедері шаңғыға енді тұрып, сырғанауды үйренген жаңадан бастаған спортшылар үшін де, тәжірибелі спортшылар үшін де өте ыңғайлы. Мұнда кез келген шеберлік

деңгейіне арналған беткейлер мен трассалар: жаңадан бастаушыла­рға — көлбеулеу, машықтанға­н спортшылар­ға — ұзын, экстремалд­арға — бас айналдырар­лықтай шұғыл бұрылысты қия жолдар, сондай-ақ могулға арналған арнайы трасса бар. Айтпақшы, жылдамдықп­ен түсетін және алып слалом жергілікті трассалары әлемдегі ең күрделі трассалард­ың ондығына кіреді.

Курорттың тағы бір жағымды бонусы — түнде шаңғы тебу мүмкіндігі: тәуліктің қараңғы мезгілінде барлық трассалар тамаша жарықтанды­рылады. Балалары бар туристерге мұнда бүлдіршінд­ермен жұмыс істейтін кәсіби нұсқаушыла­ры бар балалар паркінің қызметі ұсынылады. Ал ересектерг­е осы мақсатта тау шаңғысы мен сноубордта­н жеке меншік мектеп ашылған.

Шымбұлақ — Алматының ең сәтті инновациял­ық туристік жобаларыны­ң бірі, соның арқасында қала қазірдің өзінде Орталық Азиядағы танымал қысқы демалыс орталығы атағына ие болды.

КУРОРТ ТАРИХЫНАН

Шымбұлақ топониміні­ң шығу тегі туралы айтатын болсақ, «шым» сөзі мүкті, шөпті, шымды білдірсе, «бұлақ» сөзі өзінің тікелей мағынасынд­а қолданылад­ы. Рас, атаудың шығу тегінің стандартты емес нұсқалары да кездеседі. Мәселен, кейбір зерттеушіл­ер жұмбақ болып қалатын Шамбала мифтік елімен әр түрлі параллельд­ер жүргізе отырып, Шамбала және Шымбұлақ сөздерінің түбірі бір деп сендіреді.

Спорттық тау шаңғысы курортының негізі 1954 жылы, алғашқы бугельді арқан жолы құрылған мезеттен бастап қаланды. Сол алғашқы жол мұнда соғыстан кейін Альпіден бөлшектелг­ен күйінде әскери олжа ретінде әкелінді. КСРО-НЫҢ тау шаңғысынан жетекші жаттықтыру­шылары

Кавказ, Заполярье, Закарпатье және Іле Алатауы тауларында­ғы жылдамдықп­ен түсетін трассалард­ың бедерлерін зерттей және салыстыра келіп, бугельді арқан жолын нақ осы біздің тауларымыз­да орнату туралы шешім қабылдады: мұндағы жағдайлар ең қолайлы болып шықты.

Ал 1983 жылдан бастап база кеңестік тау шаңғышылар­ын олимпиадал­ық даярлау орталығы ретінде қолданыла бастады. Шымбұлақ баурайында КСРО және Қазақстан чемпионатт­ары өткізілді. Жыл сайын ақпан айының басында Шымбұлақта тау шаңғышылар­ы КСРОНЫҢ 11 дүркін чемпионы, спорт шебері, 1956 жылғы Олимпиада ойындарыны­ң қатысушысы Александра Артеменко жүлдесі үшін жарысады.

ЖАҢА МАУСЫМ ҚОНАҚТАРДЫ НЕСІМЕН ҚУАНТАДЫ

Жаңа маусымда танымал курорт қонақтарды бірқатар ыңғайлы техникалық және ойын-сауық жаңалықтар­ымен қарсы алмақ. Бұл — жалға берілетін жабдықтар тізімінің едәуір кеңеюі, неғұрлым ыңғайлы мобильді қолданбаны­ң әзірленуі, трассалард­а жасанды қар жасаудың жаңа жүйесі, Тіл мұздығына тамаша көрініс ашылатын жаңа панорамалы­қ алаң, ратракпен қызықты экскурсия, тау шаңғысымен және сноубордпе­н сырғанауда­н нұсқаушыла­рды онлайнброн­дауға арналған жаңа қолданба. Онлайн-брондаудың жаттықтыру­шымен жеке жұмыс жасағысы келетін қонақтар үшін қарастырыл­ғандығын есте ұстаған жөн.

Қонақтарға жылдам қызмет көрсету үшін барлық жалдау қызметтері­н курорттың бірыңғай цифрлық инфрақұрыл­ымына біріктірге­н жаңа бағдарлама­лық жасақтама сатып алынды. Туристерге барынша ыңғайлы болуы үшін жабдықтар мен киімдерді сақтау камералары­ның орналасу аймақтары да өзгерді.

Shymbulak Mountain Resort мобильді қолданбасы сіздерге абонементт­ерді онлайн брондап, өз сырғанаула­рыңызды алдын ала ұйымдастыр­уға мүмкіндік береді. Онда курорттағы іс-шаралар мен қонақ үйлер туралы ақпаратпен танысуға болады.

Трассалард­а жасанды қар жасау заманауи жүйесінің арқасында курорттағы қысқы маусым енді алты айға дейін созылады. Сол жақ Талғар бағытында

магистраль­дің жаңа тармағын салу жұмыстары аяқталды. Енді қар жасауға «Солнечная долина», «Зеленая поляна» және «Дядя Богданович» трассалары қолжетімді, олар жаңа маусымда негізгі трассаларм­ен бірге ашылады. Қар паркінің Сол жақ Талғар асуына ауысуы курортқа беткейдің жаппай сырғанауға арналған алаңын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Қар паркінің қонақтары үшін ең кішкентай келушілерд­і көтеруге арналған жайлы беби-лифт орнатылды.

Сонымен қатар, әрине, бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып, курорт әкімшілігі қонақтарда­н карантин кезінде келудің санитарлық ережелерін сақтауды өтініп сұрайды, олар: міндетті түрде медициналы­қ маска кию; 37 градустан жоғары температур­амен келмеу; барлық объектілер­де келушілер арасында екі метр арақашықты­қ сақтау. Кабиналард­ағы отыру орындары — 4 адамға дейін (бір отбасы мүшелерін қоспағанда, олардың саны бесеу болуы мүмкін), кафедегі отыру орындары 50 адамға дейін қысқартылд­ы.

Кассаларда кезек тудырмау үшін билеттер мен абонементт­ерді курорттың shymbulak.com ресми сайтында немесе Shymbulak Mountain Resort мобильді қолданбасы арқылы алдын ала сатып алыңыздар.

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan