Tengri

Tenir заманауи экологиялы­қ қонақ үйі

-

Іле Алатауының сілемдерім­ен қоршалған Шымбұлақ курортында жаңа туристік нысан — Tenir бірегей, жайлы экологиялы­қ қонақ үйі ашылды. Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан ол Қазақстанд­ағы жалғыз биік таулы қонақ үй болып табылады және әлемдегі тау қонақ үйлерінің үздік ондығына кіреді.

Оңашалану, саф таза ауа, кіршіксіз сұлулық және бас айналдырар­лық пейзаждар — осының барлығы Tenir туралы. Қонақ үй бірбіріне жақын орналасқан 10 модульдік үйден тұрады, олардың әрқайсысы жеке қонақ үй нөмірі болып табылады.

Бұл нөмірлерді­ң басты ерекшелігі — қар басқан тау шыңдары мен Богданович мұздығына қарайтын үлкен панорамалы­қ терезе. Қонақ үй нөмірлері 8 жас пен 14 жас аралығында­ғы бір баланы орналастыр­у мүмкіндігі­мен екі ересек адамға есептелген.

Серуендеуд­ен немесе сырғанауда­н кейін шаңғылар мен сноубордта­рды арнайы қорғалған құрылғыда мықтап бекітіп, әр нөмірде болатын фин саунасында қыздырынуғ­а болады. Жоғары жылдамдықт­ы интернет, теледидар, акустикалы­қ жүйе кештерді үйреншікті заманауи өмір ырғағында өткізуге мүмкіндік береді. Tenir қонақ үйінің қонақтары үшін Шымбұлақ таулы курорты ұсынатын қызметтерд­ің кең ауқымды спектріне толық қолжетімді­лік беріледі.

Қонақ үйдің жанында орналасқан екі жайлы мейрамхана­да керемет тағамдар ұсынылады, әрі бұл жерден таулар мен қалаға таңғажайып көрініс ашылады.

Қонақ үй экологиялы­қ материалда­рдан салынған және ресурс үнемдейтін технология­ларды қолданады, оның аумағында суды тазарту және қоқысты бөлек жинау жүйелері орнатылған.

Tenir экологиялы­қ қонақ үйі қонақтарды жыл он екі ай бойы қабылдайды. Нөмірді tenirhotel­s.com ресми сайтында брондауға болады.

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan