Германияда темекі тұқылдарын қайта өңдейді
Темекі тұқылдары ғаламшарда ең көп таралған қалдық түрі болып табылады. Олардың құрамында уытты заттар ғана емес, сонымен қатар, пластик (целлюлоза ацетаты) да бар. Табиғатта темекі тұқылдары микропластикке ыдырайды, ал улы заттар топырақ пен суға түсіп, жануарлар мен теңіз мекендеушілерін улайды, тіпті тамақ тізбегі бойынша адам ағзасына да түседі. Германияда Tobacycle атты темекі тұқылдарын кәдеге жаратуға арналған ерекше жоба бар. Бұл — тұйық циклды экономика қағидаттары бойынша жұмыс істейтін темекі тұқылдарын жинау және қайта өңдеу жүйесі. Жинауға арналған контейнерлер офистерде, қонақ үйлерде, мейрамханалар мен дәмханаларда, жанармай құю станцияларында, темекі дүкендерінде орналастырылады. Темекі тұқылдары қайта өңдеуге жіберіледі, олардан темекі тұқылдарын жинауға арналған контейнерлер мен қалта күлсалғыштары жасалады. Бірақ алдағы уақытта басқа өнімдер шығару жоспарланып отыр. Темекі тұқылдарын жинау ісінде жобаға табиғат аясында қоқыс жинауды ұйымдастыратын еріктілер көмектеседі. recyclemag.ru
Germany recycles cigarette filters
Cigarette butts are the most widespread waste on the planet. Not only do they contain toxic substances (nicotine and heavy metals) but also plastic (cellulose acetate). As the cigarette filters slowly disintegrate, microplastic and toxic substances are released into the soil and groundwater, poisoning animals and marine life and finally humans through the food chain. Germany has started a new project called Tobacycle to deal with this problem. It is a system of collecting and recycling cigarette ends based on the principle of closed-loop recycling. Special collection containers are located at offices, hotels, restaurants, cafés, petrol stations and tobacconists. The recycled stubs are used to produce pocket ashtrays and more collection bins for the project, with a wider variety of products planned for the future. Volunteers help by picking up used cigarette butts in outdoor spaces. recyclemag.ru
В Германии перерабатывают окурки
Сигаретные окурки являются самым распространенным видом отходов на планете. Они содержат не только токсичные вещества, но и пластик (ацетат целлюлозы). В природе окурки распадаются на микропластик, а ядовитые вещества проникают в почву и воду, травят животных и морских обитателей и даже попадают по пищевым цепочкам в организм человека. В Германии существует необычный проект по утилизации окурков — Tobacycle. Это система сбора и переработки окурков, которая работает по принципам экономики замкнутого цикла. Контейнеры для сбора размещаются в офисах, отелях, ресторанах и кафе, на заправочных станциях, в табачных магазинах. Окурки отправляются на переработку, из них производят контейнеры для сбора сигаретных окурков и карманные пепельницы. Но в дальнейшем планируется выпуск другой продукции. В сборе окурков проекту помогают волонтеры, которые организуют уборку мусора на природе. recyclemag.ru