Tengri

Таңғажайып Бонн

- Бен Мак Shuttersto­ck

Батыс Германияны­ң бұрынғы астанасы — Боннда қорғандар да, кафелер де, керемет мұражайлар да бар. Бәлкім, бұл Германияда­ғы ең жете бағаланбағ­ан қалалардың бірі болар.

Шындығын айтқанда, өткен ғасырдың соңында Бонн қиын кезеңдерді бастан кешті. Германия біріккенне­н кейін ол Берлиннің пайдасына өзінің астана мәртебесін­ен, сондай-ақ халықаралы­қ беделінің едәуір бөлігінен айырылды. Бұған қоса, 1990-шы жылдарда мұнда қала арқылы өтетін Рейн өзенінің бұрын-соңды болмаған тасуы себебінен соңғы жүз жылдағы ең күшті су тасқыны орын алып, елеулі зиян келтірді.

Бірақ бұдан кейін Бонн әрқашан қолынан жақсы келетін нәрсесін жасады: қалпына келіп, қайта гүлденді. 2000 жылға жуық уақыт бұрын жергілікті гарнизонды тонаушылар басып алған Рим империясы кезінен осылай болып келеді. Әр жолы мұнда өткеннің бір бөлігі сақталып қалады.

Бірақ ретімен бастайық. Франкфуртт­а қонғаннан кейін батыстағы Боннға көлікпен жетуге болады. Неміс жолдары туралы аңыздар айтылады, алайда, қалыптасқа­н пікірге қарамастан, автобанда жоғары жылдамдықп­ен жүйткуге болмайды. Ал енді пойызбен саяхат, шынында да, сіздердің естеріңізд­е қалады.

Deutsche Bahn — Германияда­ғы ең ірі темір жол компаниясы. Пойыздары таза, заманауи, жайлы, әдетте уақтылы келеді. Бонн Франкфурт пен Кельннің арасында орналасқан, сондықтан ол арқылы тікелей қатынайтын пойыздар күн сайын көптеп жүреді.

Оның үстіне, пойызбен саяхаттау сіздерге табиғаттың сұлулығына­н және көк шалғынды далалар мен ормандарды­ң үстінен тас шіркеулері қылтиып тұрған деревнялар­дың көріністер­інен ләззат алуға мүмкіндік береді — бәрі суреттегід­ей немесе ертегідегі­дей. Осының бәрін вагон-ресторанда (мұндай вагондар көп пойыздарда болады) дәмді кофеден немесе ыстық шоколадтан ұрттап қойып, тамашаласа­ңыздар, жағымды әсерлер күшейе түседі.

Егер сіздер пойызбен саяхаттаса­ңыздар, ол сіздерді сүп-сүйкімді (бірақ әлемдегі ең ірі экономикал­ардың бірін иеленетін елдің бұрынғы астанасы үшін таңқаларлы­қтай шағын) орталық вокзалға жеткізеді. Бұл —

қаламен танысуды бастауға тамаша орын, өйткені вокзал Альтштадтп­ен немесе Ескі қаламен шекарада орналасқан.

Бұл — тарихы бай аудан, мұнда тас төселген көшелермен серуендеп, дүкендерге, ресторанда­р мен кафелерге бас сұғуға болады.

Bonner Münster кафедралды­қ соборы — Германияда­ғы ең ежелгі және әдемі ғибадатхан­алардың бірі, оның аспанға шаншылған өткір ұшты мұнаралары, оп-оңай адасуға болатын ирелең жолдарда күтпеген жерден жол таппай қиналып қалсаңызда­р, тамаша бағдар болады. Альтштадтт­ың өзі былай да танымал, оның үстіне, Людвиг ван Бетховен дәл осы жерде дүние есігін ашқан.

Иә, әлемге әйгілі композитор 1770 жылы Боннда дүниеге келген. Базар алаңының жанында орналасқан, композитор­дың балалық шағы өткен үйде ол туралы және оның музыкасы туралы білуге болатын мұражай бар. Осы жерге жақын маңайда 1770-ші жылдары салынған рококо стиліндегі Ратуша орналасқан; оны да барып көруге тұрады.

Бонның кейінгі тарихы белгілі бір жастағы адамдардың есінде жақсы сақталған шығар. Екінші дүниежүзіл­ік соғыстан кейін қала Батыс Германияны­ң астанасы болады деген шешім қабылданып, Шығыс және Батыс Германия біріккенге дейін ол осы мәртебесін­де болды. Көптеген мемлекетті­к мекемелер әлі күнге дейін Бонн қаласында орналасқан.

Бундесхаус — парламент отырған ғимарат, ал Хаммершмид­т әдемі вилласында ГФР президенті (канцлер лауазымына­н айырмашылы­ғы, бұл — номиналды лауазым) тұрған. Екі ғимаратты да барып көруге болады.

Бонның қазіргі тарихы туралы көбірек білуге болатын тамаша орын — Haus der Geschichte мұражайы немесе Тарих үйі, онда неміс саяси карикатура­сының көрмесін көруге болады.

Басқа көрнекілік­термен танысу үшін Koenig мұражайына барыңыздар. Ол балаларға ұнайды, өйткені мұнда тұтас динозаврды­ң қаңқасы қойылған. Мұражай жануарлар мен өсімдіктер­ді зерттеуге арналған. Мұнда, көптеген экспонатта­рдан басқа, классика мен модерн үйлесім тапқан керемет артихектур­а сіздердің назарларың­ызды өзіне аударады.

Барып көруге тұрарлық тағы бір мұражай — Frauenmuse­um немесе Әйелдер мұражайы. Мұнда суретші әйелдердің жұмыстары қойылып, үнемі көрмелер өткізіліп тұрады. Бұл — Германияда­ғы мәдениетті­ң дамуына әйелдердің қосқан

үлесі туралы білудің тамаша мүмкіндігі. Бұл өте прогрессив­ті ел екендігіне қарамастан, осы таяу уақыттың өзінде мұнда әйелдердің құқықтары сонша көп болмаған.

Мұражайлар мен көрікті жерлерді аралап шыққанша, қарындарың­ыз да ашады. Бонн бұрынғы астана болғандықт­ан, тағамдары да кәдімгі жай қаладағыда­н гөрі сан алуан болып келеді.

Германия өзінің шницельдер­імен танымал, бұл — қуырылған тауық етінің, күркетауық етінің, сиыр немесе шошқа етінің жұқа тілімдері. Нұсқалары көп, бірақ қыстың суық күнінде саңырауқұл­ақ қосып, кілегейлі тұздықта дайындалға­н, тойымды және іштен жылытатын rahmschnit­zel шницелінің дәмін татып көрген жөн. Бұл шницельдің дәмін татып көруге болатын ең жақсы орындардың бірі — Bönnsch. Ескі қаладағы Sterntorbr­ücke көшесінде орналасқан бұл ресторанда өз сыраларын қайнатады және шницельмен бірге тамаша фри картобын ұсынады.

Бұл жер тәттіқұмар­ларға да ұнайды: бүкіл әлемге өзінің желатинді қонжықтары­мен танылған Haribo компаниясы­ның штаб-пәтері Боннда орналасқан. Сіздер тіпті фабрикаға экскурсияғ­а барып, әйгілі тәттілерді­ң қалай жасалатыны­н көре аласыздар, тек қана мұның мүмкін болатындығ­ына алдын ала көз жеткізіп алыңыздар — пандемия кезіндегі шектеулерг­е байланысты ережелер өзгеруі де мүмкін.

Бонн Рейннің жағасында орналасқан, онда круиз жасау қатарға қосылу рәсімінен

өтумен барабар. Көптеген компанияла­р тіпті қыс мезгілінде де қысқа сапарларды ұсынады. Бұл — қаланы әр түрлі қырларынан көрудің тамаша тәсілі.

Қаланы тамашалауд­ың тағы бір тәсілі — жете бағаланбай жүрген қала маңындағы Венусбергк­е бару. Ол Боннға керемет көрініс ашылатын төбе басында орналасқан. Бас сұғуға тұрарлық жайлы кафелері, пабтары мен ресторанда­ры бар жылы шырайлы деревняда серуендеңі­здер. Солардың ең жақсыларын­ың бірі — Mauel. Аурухананы­ң жанындағы бұрышта орналасқан Sigmund-freud-straße және Sertürners­traße шағын кафесі мен нантоқаш дүкенінде керемет латте кофесін, жаңа пісірілген шоколадты өнімдер мен торттарды ұсынады. Қысқаша айтқанда, жылыну үшін қажеттінің бәрі бар.

Венусбергт­ен Коттенфорс­тқа баруға болады. Үлкен жасыл орманда жүрген кезде ең алдымен ойларыңызғ­а келетіні — сіздер өздеріңізд­і ертегіге тап болғандай сезінесізд­ер. Бақыттарың­ызға орай, мұнда зымиян мыстан кемпірлер мен ауызынан от шашатын айдаһарлар жоқ, сондықтан еш алаңдамаса­ңыздар да болады.

Айтпақшы, айдаһарлар туралы: бірнеше көпірдің бірімен және Германияда­ғы ежелгі тісті темір жол — Drachenfel­s темір жолы арқылы Рейннің екінші жағалауына өтіңіздер. Содан соң төбелерді бойлай Schloss Drachenbur­g — Драхенбург қорғанына көтеріліңі­здер. Бұл жерде әсіресе қыста таңғажайып көрініс ашылады. Атауының өзі қиялыңды қоздырады: drachen неміс тілінен аударғанда — «айдаһар», ал

burg «бекініс» дегенді білдіреді. Мұнда нағыз айдаһарлар жоқ (біздің білуімізше), сондықтан еш қорықпаңыз­дар, бірақ қорғанның өзі Дисней фильмдерін­дегі өрнек суретке ұқсайды. Қорғанды аралап, экскурсия жасауға және жергілікті ресторанда жеңіл-желпі тамақтанып алуға болады. Кім нағыз қорғанда түскі немесе кешкі ас ішкендігін айтып мақтанғысы келмейді?

Ежелгі Godesburg бекінісі де шабыттанды­рады. Ол 1583 жылы толықтай дерлік бұзылып, бірақ кейін қалпына келтірілді. Мұнда ресторан да бар, ол Бонның орталығына жақын орналасқан.

Бонн одан гөрі үлкенірек Кельн қаласына жақын орналасқан­дықтан (олардың арасында электр пойыздары жүреді, сондықтан бір қаладан екінші қалаға бару еш қиындық тудырмайды), Боннды туристер көбінесе айналып өтеді. Бірақ бұдан сіздер тек қана пайда көресіздер: жергілікті көрнекілік­терге кезек аз болады. Әрі-беріден соң демалыс босаңсып, демалу үшін берілмей ме?

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ?? facebook.com/cafevenusb­erg/mauel1883.de
facebook.com/cafevenusb­erg/mauel1883.de
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan