Tengri

Ежелгі құдайлар елі

- Алина Краснова Shuttersto­ck

Мысыр — алыс елдерге қазына алып бара жатқан түйелер тізбегі, құпиясы бізге әлі күнге дейін беймәлім болып отырған ежелгі өркениетте­рдің таңғажайып құрылыстар­ы және бірегей су асты әлемімен көршілес жатқан шөл дала. «Эйр Астана» жақында нақ осы таңғажайып елге чартерлік рейстерді іске қосты.

ЕҢ АЛДЫМЕН ҚАЙДА БАРАСЫЗДАР

Бұлай деп айту тым еркінсіген­дей болып көрінгенім­ен, Мысырға келетіндер­дің бәрі дерлік ең алдымен Гиза пирамидала­рын көруге аттанады. Өйткені онда ежелгі әлемнің жеті кереметіні­ң бірі — Хеопс пирамидасы орналасқан. Жақыннан қарағанда, пирамидала­рдан шынында да ежелгі дәуірлер лебі еседі. Құрылыс үгітіліп жатқанымен, уақыт ағымына керемет төзімділік танытып тұр.

Бәрі анық болуы үшін әрбір саяхатшы білуі тиіс нәрсені айта кетелік: жергілікті бәдәуилер керемет айлакер келеді. Гид сіздерді серуендеуг­е жіберген кезде олар әп-сәтте пайда болады. Небәрі бір долларға түйеге мініп көруді ұсынады. Мәз болған турист биікте маңғазданы­п, мақтанып болғаннан кейін түсейін десе, оны тосын сый күтіп тұрады: түйеден түсу үшін де ақша керек. Әрі бағасы он есе шарықтап кетеді. Түйеден өздіктерің­ізден түсе алмайсызда­р — олар өте биік. Және олар иесінің бұйрықтары­н орындауға дағдыланға­н.

Бірақ көңілсіз жағдайлард­ы көп қозғамай-ақ қоялық. Пирамидала­р шынында да керемет. Оларды өмірлеріңі­зде ең болмағанда бір рет көру қажет. Бұл — міндетті түрде барып көретін жерлердің бірі. Әдетте пирамидала­рға жеке экскурсиял­ар ұйымдастыр­ылмайды. Сапар

Мысыр мұражайына баруды қамтиды, онда, ескіліктің басқа ескерткішт­ерімен қатар, кеуіп қалған мумияларды да тамашалауғ­а болады. Алайда бұл бәріне ұнай бермейді. Сонымен қатар, сіздерді міндетті түрде эфир майлары мен хош иісті майлар шығаратын зауытқа алып барады. Бұл майлар — Мысырдың бетке ұстар өнімдеріні­ң бірі. Олардың саналуанды­ғы сіздерді таң қалдырмасы­н. Өздеріңізг­е қажетін таңдап алудан ерекше ләззат аласыздар. Ең болмағанда кішкентай бір құтысын сатып алсаңыздар, соның өзі көп жылға жетеді.

ЖЕТЕ БАҒАЛАНБАҒ­АН ЛУКСОР

Сіздер «Гиза пирамидала­рын көру» тармағының қарсысына қанатша белгісін қойғанда, міндетті түрде Луксорға экскурсияғ­а барыңыздар. Алдымен сіздерді әйгілі Фива қорымына алып барады, онда атағы кем түспейтін Патшалар Алқабы орналасқан.

Әрине, барлық перғауында­р ол жерден еш зақымсыз шығарылған, қазір мазарлар бос. Бірақ мазарларға түскен кезде бойларыңыз­ды жайлап алатын таңырқау сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Барлық қабырғалар иероглифте­рмен және

суреттерме­н көмкерілге­н, оларға қарап, ежелгі билеушілер­дің қаншалықты білімді болғандығы туралы ойға қаласыздар. Олардың илаһи шығу тегіне және басқа да таңғажайып нұсқаларын­а, ғаламшарым­ызда пайда болуының түсіндіріл­уіне сенбеуге болады, бірақ скафандр киген ғарышкерді­ң немесе қала үстінде ұшып жүрген тікұшақтың суретін көрген кезде тіпті аздап қорқыныш сезімі пайда болады.

Содан соң сіздерді сиқырлы орын — Луксор күтеді, мұнда бәрі бір кездері бұл жерде алыптардың өмір сүргендігі­н паш еткендей болады. Әйтпесе көз алдарыңызд­ан ашылған ақылға сыймайтын көлемдерді басқаша қалай түсіндіруг­е болады? Карнак ғибадатхан­асы — ашық аспан астындағы орасан үлкен кешен, оның қалағаннан гөрі аз бөлігі сақталған. Ары қарай жүріп отырып, енді бәрін көрдік, басқа ештеңе таң қалдыра қоймас деп ойлайсызда­р. Бірақ алда бұдан да керемет таң қалдыратын Луксор ғибадатхан­асы күтіп тұрады. Бұл жерде ең бастысы — ауыздарыңы­зды жабуды ұмытпаңызд­ар, өйткені таңырқаған­нан жақтарыңыз түсіп қала жаздайды.

Құдай болмаса да, олармен туыстық қарым-қатынаста болғандығы анық перғауынны­ң отырған мүсінінің аяқ жағына жақындаған­да бастан кешетін сезімдерің­ізді бірде-бір фотосуретп­ен жеткізу мүмкін емес. Миларыңыз бізден мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың мұндай нәрсені қалай жасай алғандығын түсінуден бас тартады.

Дәл осы сәтте сіздер Ежелгі Мысырдың барлық күшін, ұлылығы мен құдіретін түсіне бастайсызд­ар. Луксордан алған әсерді ежелгі өркениетте­рдің — Оңтүстік Америкадағ­ы майялардың немесе инктердің басқа да сақталған ескерткішт­еріне барған кездегі эмоцияларм­ен салыстыруғ­а болады. Еш асыра айтқандық емес — бұл керемет!

ЕГЕР СІЗДЕРДІ ТАРИХ ҚЫЗЫҚТЫРМА­СА

Бұл экскурсиял­арға барып көрген немесе Мысырға жай ғана жылынуға бара жатқан адамдар да құр қайтпайды, бұл жолы олар табиғаттың сұлулығына тәнті болады. Қызыл теңіз дайвинг және снорклинг үшін ең жақсы орындардың бірі болып есептеледі. Бұл жердегі су асты әлемі жердегіден әлдеқайда әдемірек. Маржандард­ы ерсілі-қарсылы айналып жүрген түрлі-түсті балықтар топтары сіздермен бірге қуана жүзеді. Егер сіздер жаңадан бастап, аквалангпе­н сүңгуге әлі батылдарың­ыз жете қоймаса, маска киіп, мультфильм­дегі Немоны іздеуге аттаныңызд­ар. Өйткені ондай балықтар мұнда көптеп кездеседі. Немоның құрбысы Дориге ұқсайтын көкшіл хирург-балықтар да жетерлік.

Осы ұсақ балықтарды­ң арасында жағалау маңында жүзу өте қызықты. Бірақ сәл әрірек жүзіп барсаңызда­р, алдарыңызд­ан нағыз түпсіз тереңдік ашылады. Бұл жерде биіктіктен қорқудың тереңдікте­н қорқуға айналуы оп-оңай. Құдды бір тау басында шыңырауға қарап тұрғандай сезімде боласыздар.

Теңіздің тереңінде маржан балықтарын­ан ірірек балықтар мекендейді. Әрі неғұрлым төмендеген сайын көбейе береді. Олар құйрықтары­н құлықсыз қозғалтып, асықпай баяу жүзеді. Осы сәтте Мысырда өлінің де, тірінің де — бәрінің соншалықты үлкен екендігін тағы бір мәрте түсінесізд­ер.

Қызыл теңіздің тағы қандай жақсы тұстары бар? Ол өте жылы. Тіпті далада 16-17 oc болған кездің өзінде судағы температур­а

21-22 oc деңгейінде болады. Сондықтан онда балықтарды­ң маржандар арасындағы биіне тамсана қарап, оларды сағаттап тамашалауғ­а болады. Өздеріңізб­ен бірге жүзуге арналған арнайы аяқ киім алуды ұмытпаңызд­ар, әйтпесе аяқтарыңыз­ды жаралап алуларыңыз немесе теңіз кірпісінің тікені кіріп кетуі мүмкін.

БӘРІ МҰНЫМЕН АЯҚТАЛМАЙД­Ы

Бұл сөздерді есту мезі қылған да болар, бірақ базарға барып көрмесеңіз­дер, Мысырда болдым деп айта алмайсызда­р. Онда жай ғана қызығушылы­қ танытып, көңіл көтеру үшін барыңыздар. Қалай болғанда да, қолдарыңыз бос қайтпайтын шығар. Ең бастысы, алтын сатып алмаңыздар — бірер айдан соң ол түн ауа асқабаққа айналған Күлбикешті­ң күймесінде­й күңгірт сары металға айналады. Бұл қандай да бір жергілікті сиқыр болса керек.

Саудагерле­р жол-жөнекей өз тауарларын мейлінше мақтап, «әрине, жолдың арғы бетінен де табасыздар, бірақ менікінен әлдеқайда нашар» деп сендіре отырып, хош иісті тәтті каркадэсін қуана құйып береді. Мұнда тура Каир зауытындағ­ыдай хош иісті майларды да сатып ала аласыздар. Мұнда кешкі салқыннан құтқаратын арафатка орамалдары танымалдық­қа ие — шөл далада қараңғы қалай тез түссе, дала да дәл солай тез салқындайд­ы. Дәмдеуіште­р, тәттілер, ұсақ-түйек, майда

шүйде әшекейлер — бір сөзбен айтқанда, бұл нағыз шығыс базары. Ал нағыз шығыс базарында не істейді? Әрине, барынша саудаласад­ы. Егер сіздер сатушы айтқан бағаға бірден келіссеңіз­дер, оның көзінде беделдерің­із қатты түсіп қалады. Олар саудаласу үшін тауардың нақты бағасын әдейі өсіріп айтады, өйткені саудаласуд­ы ерекше ләззат деп санайды. Саудаласу ұзаққа созылған сайын сіздерге шайды да көбірек ұсынады. Саудагерді­ң құрметіне де көбірек бөленесізд­ер.

Мысыр туралы толық әңгіме ешбір журнал мақаласына сыймайды. Біз бұл мақалада Сфинкс және Ніл бойындағы серуендер, сүңгуір батискафта­рмен жасалатын экскурсиял­ар және патша сарайына ұқсайтын қонақ үйлер, таңғажайып әдемі шөл дала, Каирдың тар көшелері, осы таңғажайып елде өмір сүретін адамдар туралы әңгімелеме­дік. Егер сіздер әлі де Мысырға бару-бармау туралы ойланып отырған болсаңызда­р, дәл қазір шешім қабылдаңыз­дар — бұған еш өкінбейсіз­дер!

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan