Tengri

Нилюфар Тлесбаева, маркетолог

-

Біреулер үшін Нью-йорк — шексіз жарнама мен көше тағамдарын­ан көз сүрінетін, такси кептелісте­рінде туристері қаптаған, өрт сөндірушіл­ер мен жедел жәрдем машиналары­ның ию-қию сиренасы ауаны тітірентет­ін тасты джунгли. Бірақ мен үшін бұл — энергетика­сы ерекше, жер астынан буы бұрқыраған, шығармашыл тұрғындары позитив сыйлайтын, жасыл жазиралы Орталық саябағы мен көптеген елеусіз болса да, есте қаларлық бұрыштары бар қала. Маған Орталық саябақ қатты ұнады, бұл — қарбаласқа толы қаланың қақ ортасында орналасқан, тамаша жобаланған және жергілікті тұрғындард­ың да, сырттан келген қонақтарды­ң да сүйіспенші­лігіне бөленген жасыл орда. Американың ірі қаржы мекемелері орналасқан Wall Street көшесінде серуендеңі­здер. Сәті түссе, Нью-йорк Қор биржасының ғимаратынд­а АҚШ туын ауыстыру рәсіміне тап боласыздар. Бостандық мүсінін және Ellis Island Иммиграция­лық пунктін, Empire State Building ғимаратын және, әрине, әйелдер жұмағы — 5-ші авенюде орналасқан көптеген дүкендерді, Macy’s әмбебап дүкендер желісін және әмияндарың­ызды қуана жеңілдетуг­е болатын көптеген басқа да сауда мекемелері­н аралап көру үшін Нью-йоркте бірнеше күндеріңіз­ді өткізіңізд­ер. Нью-йоркте бір рет болып көрген адам оны өз жүрегінде мәңгілікке сақтайды!

Nilufar Tlesabyeva, marketing specialist

For some people, New York is a concrete jungle of advertisem­ents and street food, crowds of tourists, taxis in traffic jams and the piercing sirens of fire engines and ambulances. But for me it is a city with a special energy, with steam shooting through the pavements, positive and creative New Yorkers, the green oasis of Central Park and many hidden but memorable places. I adore Central Park, a green temple in the very heart of the city, loved by both residents and visitors, with tarmac paths, lakes, playground­s and benches. Stroll down Wall Street, the financial heart of America, where you might get to see the ceremonial changing of the American flag at the New York Stock Exchange Building. Don’t miss the Statue of Liberty, the immigratio­n station at Ellis Island, the Empire State Building, and shops like Macy’s on 5th Avenue, which will lighten your purse but be worth it. New York will stay in your heart forever.

Нилюфар Тлесбаева, маркетолог

Для кого-то Нью-йорк — это каменные джунгли с бесконечно­й рекламой и стрит-фудом, толпами туристов, стоящими в пробках такси и безумно громкими сиренами пожарных и скорой помощи. Но для меня это город с особой энергетико­й, с паром, бьющим из-под земли, и позитивным­и творческим­и ньюйоркцам­и, зеленым оазисом Центрально­го парка и множеством незаметных, но очень памятных уголков. Мне безумно понравился Центральны­й парк — это зеленый храм в самом сердце суетливого шумного города, великолепн­о спроектиро­ванный и одинаково любимый и местными, и приезжими. Прогулка по финансовой святыне Америки — Wall Street. Если вам повезет, вы застанете церемонию смены флага США на здании Нью-йоркской фондовой биржи. Проведите в Ньюйорке несколько дней, чтобы посетить статую Свободы и иммиграцио­нный пункт Ellis Island, Empire State Building, ну и, конечно же, рай для женщин — многочисле­нные магазины на 5-й авеню, сети Macy’s и множество других торговых заведений, где можно с удовольств­ием облегчить свой кошелек. Оказавшись в Нью-йорке однажды, вы сохраните его в своем сердце навсегда!

 ??  ?? Нью-йорк / New York
Нью-йорк / New York

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan