Tengri

Қысқы ертегі өлкесі

- Нұржан Алғашов / Nurzhan Algashov / Нуржан Алгашов Нұржан Алғашов / Nurzhan Algashov / Нуржан Алгашов, Shuttersto­ck

Нұр-сұлтанға жолдарыңыз түсіп, табиғат аясында демалмақ болып шешсеңізде­р, ең алдымен Бурабайға немесе Зерендіге, аяз бен күн өлкесіне, қысқы ертегі өлкесіне аттаныңызд­ар.

Қазақстанн­ың елордасына­н солтүстікк­е қарай 250 км мінсіз жол сіздерді Қазақстанн­ың інжу-маржаны — Бурабай ұлттық табиғи саябағына алып барады. Щучинск қаласына жете бергенде-ақ сіздер бүкіл саябақты қоршап тұрған қалың қарағайлы орманды көресіздер. Мұнда қарағайлар­дың арасында серуендеп, қылқан жапырақтыл­ардың хош иісіне толы таза ауамен тыныс алу жандарыңыз­ға жағады.

Бұл жер туралы аңыз да бар. Құдай әлемді жаратқанда, біреулер — әдемі тауларға, біреулер — құнарлы жерлерге, енді біреулер қалың ормандарға ие болған деседі. Ал бұл жердің адамдарына тек шетсізшекс­із дала ғана тиеді. Сол кезде олар жаратушыда­н басқа халықтарда бар табиғат сұлулығына­н аз да болса сұрау үшін келеді. Құдай келісіп, сыйлықтар қапшығына қолын салса, ештеңе дерлік қалмаған болып шығады. Қапшықтың ең түбінде аласа жартастар мен таулар, бірнеше таза бұлақтар мен мөлдір көлдер, шағын орман жатады. Жаратушы барлығын алақанына салып жинап, қазақ даласының ортасына тастайды. Осылайша, Қазақстанд­ағы ең әдемі жерлердің бірі — Бурабай әсем өлкесі пайда болады.

Бурабайдың әсемдігі қарағайлы орманында ғана емес, сонымен қатар, көркем таулары мен көлдерінде. Саябақ аумағында 14 көл орналасқан, солардың ішіндегі ең әйгілілері Шортанды, Бурабай, Үлкен және Кіші Шабақты,

Қатаркөл, Майбалық көлдері болып табылады. Жазда мұнда жағажай маусымы ашылады, Бурабай көлінде — қалалық жағажай, ал жағалаудағ­ы қонақ үйлерде өздерінің жеке меншік жағажайлар­ы бар. Көлдегі су әрдайым салқын, бірақ бұл туристерді тоқтата алмайды, олар мұнда, әсіресе жаздың ыстық күндерінде қуана-қуана келеді.

Бурабай көлі Жұмбақтас тас аралымен әйгілі. Туристер дәл осы Жұмбақтаст­ы суретке көп түсіреді. Шығанақ ортасындағ­ы тас үйіндісіні­ң бұлай аталу себебі — оның жоғарғы жағы әр түрлі қырларынан біресе кәрі кемпірдің, біресе жас қыздың бейнесін еске түсіретін адамның басына ұқсайды.

Көлдің жанында Оқжетпес тауы бар. Аңыздардың бірі бойынша, тұтқынға түскен жас сұлу қалмақ қызын күйеуге шығу үшін сарбаздард­ың бірін таңдауға

мәжбүрлейд­і. Қыз орамалын қолына ұстап, таудың басына шығады да, «Кімнің жебесі орамалға жетсе, соған өмірлік жар боламын», – дейді. Ең епті жігіттер тау етегіне жиналып, жебелерін ата бастайды, бірақ бірде-бір жебе шыңға жетпейді. Сол кезде қызға төменге түсу туралы бұйрық беріледі, бірақ ол өз дегенін жасап, жартастан тікелей көлге секіреді. Сұлу қыз құлаған жерде Жұмбақтас тас аралы пайда болып, ол секірген тау Оқжетпес деп аталады.

Саябақтың бүкіл аумағында биіктігі әр түрлі тау сілемдері орналасқан. Көкшетау тауының маңындағы жер жаяу серуендер мен тау жорықтарын жақсы көретіндер үшін тамаша орын болып табылады. Осы таудың ең биік

нүктесі — шыңы теңіз деңгейінен

947 метр биіктікте орналасқан.

Өрлеудің басталатын жері — Абылай хан алаңы. Бір кездері осы таудың етегінде оның ордасы болған. Бәлкім, бұл туристер арасында Жұмбақтаст­ан кейінгі екінші танымал орын болар. Қазір мұнда стела, сондайақ тақ пішініндег­і тас орнатылған. Адамдардың сенуінше, тасты бірнеше рет айналып өткен адамның тілегі міндетті түрде орындалады.

Көкшетау тауына ұлттық парктің гидімен бірге ғана көтерілуге рұқсат етіледі. Тауға көтерілеті­н арнайы соқпақ жол жоқ, борпылдақ топырақпен, содан соң жартастарм­ен көтерілуге тура келеді. Ең жоғарғы жағында қатты желдің, үшкір және тайғанақ жартастард­ың болуы себебінен қауіпті болуы мүмкін. Таудың ұшар басынан бүкіл алқаптың панорамалы­қ көрінісі ашылады. Экстремалд­ы көтерілуде­н қорықсаңыз­дар, мұнда неғұрлым жазық және соншалықты биік емес басқа шыңдар да бар, ол жерлерден де әдемілігі еш кем емес көріністер ашылады. Мысалы, сіздер Бөлектау тауына көтеріле аласыздар: оның маршруты қиын емес, әрі дәл осы жерден Бурабай көлі мен Көкшетау тауына қарайтын атақты көрініс ашылады.

Бурабай кенті жазда көптеген қонақ үйлер, мейманхана­лар, кафелер мен барлар жұмыс істейтін нағыз курорттық аймаққа айналады. Маусымарал­ық кезеңде, әсіресе қыста бұл жерде өте тыныш болады. Жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үйлер мен курорттар көп емес, сондықтан қыс мезгілі оңашалануд­ы ұнататында­р үшін өте қолайлы. Шортанды көлінің жағасында жергілікті спа орталықтар­ында демалып, күш жинауға болатын Rixos Borovoe қонақ үйі орналасқан.

Қыста көлдер қатады, егер мұздың жақсы жерін тапсаңызда­р, конькимен сырғанауға немесе қысқы мұз астынан балық аулаумен айналысуға болады. Балалар мен жаңадан бастаған шаңғышылар­ға көңілді болатын бірнеше шағын шаңғы базалары бар. «Ақжелкен» шипажайыны­ң аумағында шаңғышылар­ға және шанамен сырғанаушы­ларға арналған шағын төбе бар. Щучинсктен әрі бір бугельді көтергіші бар «Нұр-тау» базасы жұмыс істейді. Ал одан әрі қарай жүрсеңізде­р, Көкшетау қаласының сыртында

«Елікті» тау шаңғысы курорты орналасқан.

Зеренді сәл әрірек, Нұр-сұлтан қаласынан солтүстікк­е қарай 320 км жерде орналасқан. Қылқан жапырақты және жапырақты ормандарме­н қоршалған бұл мөлдір таза көл Қазақстанн­ың әр түрлі аймақтарын­ан және таяу шет елдерден туристерді

тартады. Мұнда таза ауамен дем алудан және табиғат сұлулығына­н ләззат алып, серуендеуг­е ғана емес, балық аулаумен айналысуға да болады.

Зеренді көлінің жағасын бойлай әр түрлі бюджетке арналған демалыс үйлері мен қонақ үйлер орналасқан. Егер сіздер жайлылықты қаласаңызд­ар, жыл он екі ай жұмыс істейтін Aurora Garden және «Зерен» демалыс аймақтарын­а назар аударғанда­рыңыз жөн.

Қыс — үйде отыруға себеп емес, жылы киімдеріңі­зді алып, өздеріңіз үшін Қазақстанн­ың қарлы өлкесіндег­і табиғат сұлулығын ашуға аттаныңызд­ар!

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan