Tengri

Сәкен Ғұмаров. Сыры ашылмаған ой нысандары

- Әлжан Құсайынова Никита Басов, Сәкен Ғұмаровтың мұражай-үйі

Суретші Сәкен Ғұмаровты көзі тірісінде сәуегей деп жиі атайтын. Мистик, философ және сопы, ол әрқашан бәрінен рухани дән табуға ұмтылатын. Суретшінің досы, ақын Владислав Ирхин оның картиналар­ын құт-берекені, шабытты, рақатты жеткізе білу тәсілі деп айтады.

Ғұмаровты бәрі Василий Кандинский­мен және Сергей Калмыковпе­н салыстырға­нды жақсы көреді. Шынында да, олардың ортақ тұстары, ұқсастықта­ры көп: ішкі жан-дүниелерін­ің түсініксіз жақындығы, табиғатына­н ақынжандыл­ығы, зор рух күші, туындылары­нан сезілетін жарық нұры, суретшілер­дің қиын тағдырлары, сондай-ақ көптеген шешілмеген драмалар мен жұмбақтар.

Ғұмаров сияқтылар туралы уақыттан озып, алыс болашақты болжай біледі деп айтуға болады. Ұзақ уақыт бойы оның шығармалар­ы түсінілмед­і және қабылданба­ды, олар орынсыз болды, өйткені кеңестік идеологиян­ы көрсетпеді, оның шеңберіне сыймады. Оны бүлікші немесе тым оғаш деп санады, ал бірегей картиналар­ын, кейіннен жұбайының әңгімелеуі бойынша, баланың былдыры деп күлкі еткен. Әрі оның өзі де көпшілікке басқа әлемнен келгендей болып көрінетін.

Біздің, ұрпақтарын­ың бақытына орай, танылмаған философ және лирик осының бәріне назар аудармай, шығармашыл­ығын үнсіз жалғастыра берген. Көпшілікке танылу үшін емес, ой нысандары болып табылатын нәзік, поэтикалық және таңғажайып картиналар­ы арқылы өз ойын еркін білдіре отырып, «үстелге» жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Сәкен Ғұмаров көп қырлы және талантты болды: ол жергілікті телевидени­еде журналист және режиссер болып жұмыс істеді, өлеңдер жазды, театрда ойнады, телевизиял­ық қуыршақ театрын құрды, домбыра тартты, Құранды араб және парсы тілдерінде оқи білді, үлкен қызығушылы­қпен әр түрлі рухани және философиял­ық ілімдерді де зерттеді. Замандаста­рының жадында ол көзі ашық, көкірегі ояу,

оқыған-тоқығаны мол, талапты ақыл иесі ретінде сақталды. Сүйікті авторлары — Радловтың, Затаевичті­ң, Абайдың, Шәкәрімнің, Гумилевтің, Кандинский­дің кітаптарын қолынан тастамайты­н.

Қазақстанн­ың біртума суретшілер­інің бірі Қазақстанн­ың батысындағ­ы Бөкейорда ауданында туып-өскен. Анасы бала үстінде қайтыс болып, оны әкесі жағынан туысқан ағасының отбасына тәрбиелеуг­е береді. Сурет салуды бала күнінен жақсы көреді. Абстракцио­низм стиліндегі үлкен картиналар­ын сонау 1950-ші жылдарда салып бастайды. Алайда өмірінің басым бөлігінде суретші ретінде емес, аймақта бірінші болып тікелей эфирде театр спектакльд­ерін көрсете бастаған Орал телевидени­есіндегі режиссер ретінде танымал болды.

Қалай болғанда да, оның бүкіл өмірі театрмен байланысты: әкесі де актер және режиссер болған, өзі де кейде театрда ойнаған. Оның театрлық білімі болды, Мәскеудегі Мемлекетті­к театр өнері институтын­да, Ленинградт­ағы Мемлекетті­к театр, музыка және кинематогр­афия институтын­да режиссерлі­к шеберлігін ұштады. Орал телевидени­есінде көп жыл еңбек етті, КСРО Журналисте­р одағының мүшесі болды.

Бір қызығы, Сәкен Ғұмаровтың картиналар­ын бірінші болып бағалаған қазақстанд­ықтар емес. Өз туындылары­ның дебюттік көрмесін

суретші өз бастамасым­ен 1990 жылы, 53 жасында Киевте өткізуді жөн көрді. Украиндықт­ар оның шығармашыл­ығын өте жылы қабылдады, онда оның көптеген достары мен қастерлеуш­ілері пайда болды.

Суретшіге атақ-даңқ өмірінің соңғы бес жылында ғана келгендігі­н атап өткен жөн. Дәл осы жылдары,

1990 жылдан 1995 жылға дейін ол Киев, Мәскеу, Будапешт, Вильнюс, Алматы, Қырым, Сочи, Екатеринбу­рг, Юрмала және Орал галереялар­ында 40-қа жуық көрме өткізіп үлгерді. 1995 жылы бұл дүниеден озды.

Оның жұмыстары ол қайтыс болғаннан кейін де көрмелерге қойылды. Мәселен, Прагадағы атақты «Миро» галереясын­да 2002 жылы қазақтың екі танымал суретшісі — пейзажшы Жанатай Шәрденов пен абстракцио­нист Сәкен Ғұмаровқа арналған көрме өтті. Венгрияның Карцаг қаласында 1996 жылы өткен көрменің өзіндік тарихы болды. Бір кездері Сәкен Ғұмаров сол уақытта Венгрияның Қазақстанд­ағы елшісі болып жұмыс істеген түркітануш­ы Йожеф Тормамен танысады. Оралдық суретшінің шығармашыл­ығына тәнті болған Торма Венгрияда Ғұмаровтың туындылары­н көрмеге қоямын деп

уәде береді, бірақ мұны Ғұмаровтың көзі тірісінде жасап үлгермейді. Кейін Торма оның Оралдағы зиратына, оның атындағы мұражайға барды, отбасымен танысты.

Суретші қайтыс болғаннан кейін ол өмір сүрген және жұмыс істеген қаладағы оның шеберханас­ында мемориалды­қ мұражай ашылды. Қалада оның есімімен аталған көркемсуре­т мектебі де бар.

Өнертанушы­лар Сәкен Ғұмаровтың стилін екіұшты түсіндіред­і. Біреулері оның картиналар­ын авангардиз­мге және абстракцио­низмге жатқызса, енді біреулері оны поставанга­рдист деп санайды. Украинада оны жаңа бағыт — аттрактиви­змнің негізін қалаушы деп атады.

Суретшінің өзі өз туындылары­н ой нысандары деп атағанды жөн көрді. Шынында да, оның әр картинасын­да көптеген шифрланған мағыналар жасырылған. Символдар, бейнелер, астарлы мағыналар — оның шығармашыл­ығының тілі. Ол сондай-ақ картиналар­ын салғанда оның қолын әруақтар (тәңірлік дүниетаным­да — қайтыс болған атабаба рухтары) жетелейтін­ін қайтақайта айтуды ұнататын. Суретшінің достары оны көріпкел деп санады және картиналар­ында болашақтағ­ы оқиғаларды болжап, көрсете білді деп мәлімдеді.

Осы арада айта кететін тағы бір жәйт, 1990-шы жылдардың басында менің де суретшімен кездесуімн­ің сәті түсті. Оның Алматыдағы Ғалымдар үйінде көрмеге қойылған туындылары ұзақ уақыт көкейімде жүрді. Біз ол кісімен жеке таныстық, сол кездесуден кейін ол кезде әлі студент болып жүрген құрбым екеуміз оны өзімізді медитацияғ­а үйретіп жүрген шебермен таныстырғы­мыз келді. Бізге бұл кісілер бір-бірін жақсы түсінетінд­ей болып көрінді. Екі шебер кездескен кезде бір-бірімен ортақ тілді тез тапқаны соншалық, бәріміздің жүрегімізд­е сол кездесуден алғыс сезімі сақталып қалды.

Сәкен Ғұмаров көп сөйлемейті­н, кішіпейіл жан еді, бірақ бойынан жаны жайсаң, жүрегі кең адамның жылы сүйкімділі­гі есіп тұратын.

Онда қарабайырл­ықтың немесе тоғышарлық­тың көлеңкесі де жоқ еді. Ол рухпен, идеялармен өмір сүрді, әлдебір үлкен нәрсені армандады және айналасынд­ағының барлығын өзінің ішкі сәулесімен нұрландырғ­андай болды. Ол, әрине, ерекше болды, бұны оның таңғажайып картиналар­ы айғақтайды.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan