«ЭЙР АСТАНА» АҚ ЖОЛАУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«ЭЙР АСТАНА» АҚ САЯСАТЫ
«Эйр Астана» АҚ жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысына байланысты мынадай саясатты ұстанады:
1. Жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысы жайлы оқиғаларды ешбір салдарсыз қалдырмау;
2. Әуе компаниясының қызметкерлеріне жолаушылардың өзін ұстау ережелерін бұзудың алдын алу және болдырмау үшін қажетті өкілеттіктерді беру;
3. Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы жайлы құқық қорғау органдарына хабарлау және ондай жолаушыны кейіннен жауапкершілікке тартуға байланысты көмек көрсету;
4. Қажет болған жағдайда, әуе компаниясы қызметкерлерінің абыройы мен ар-намысын қорғау және жолаушы келтірген материалдық залалды өтеу үшін сот ісін қозғау.
ЖОЛАУШЫНЫҢ ӨРЕСКЕЛ
ЖҮРІС-ТҰРЫСЫ
Егер «Эйр Астана» АҚ жолаушысы құқық бұзушылық жасаса, соның ішінде:
1. ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа адамның
өміріне қауіпті жағдай туғызса;
2. басқа жолаушылардың және әуе компаниясы қызметкерлерінің денсаулығына, ар-намысына қауіп төндіретін жағдай тудырса, оларға тіл тигізсе немесе жәбірлесе;
3. экипаж мүшелерінің жұмысын орындауына
әдейі кедергі жасаса;
4. экипаждың қауіпсіздік талаптарын орындаудан бас тартса;
5. «Белдікті тартыңыз» таблосы жанғанда, белдікті тартудан бас тартса және әуе кемесінің бортында темекі шегуге салынған тыйым туралы әуе компаниясының саясатын бұзса;
6. қылмыстық іс жасаса;
7. стандартты қызмет көрсету аясында бортта ұсынылатындарын қоспағанда, өзінің, соның ішінде бажсыз сауда дүкендерінен сатып алынған спиртті ішімдіктерін қолданса; 8. экипаж мүшелерінің спиртті ішімдіктерді қабылдауға қойған шектеу талаптарын орындаудан бас тартса;
9. әуе кемесінің ұшуы, қонуы және жүргізілуі кезінде электрондық құралдар мен аспаптарды қолданса;
10. жарылғыш заттарды қолданумен қорқытса; 11. басқа жолаушыларға және экипаж мүшелерінің жұмысына кедергі келтіретін қолайсыз жағдайлар тудырса;
12. әуе компаниясына тиесілі мүлікті бұзса және/немесе оны әуе кемесі бортынан алып шықса.
Мұндай жағдайларда «Эйр Астана» АҚ жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысының алдын алу және болдырмау үшін мынадай шараларды қолдануға құқылы: a) жолаушыны межелі орынға дейін тасымалдаудан бас тарту; б) жолаушыны ұшып келген елдің құқық қорғау органдарына тапсыру және оны кейіннен сол елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту.