Tengri

Құрметті Air Astana жолаушысы!

- Питер Фостер,

2002 жылғы 15 мамырда жақында ғана құрылған Air Astana әуе компаниясы өзінің алғашқы коммерциял­ық рейсін орындады. Құрылғаным­ызға 20 жылдың жүзі болған қазіргі уақытта соңғы 15 айда бәріміздің басымызға түсіп отырған коронавиру­с пандемиясы саяхат және туризм индустрияс­ына үлкен сынақ болып отыр, алайда Air Astana компанияла­р тобы бірнеше себепке байланысты болашаққа зор үмітпен қарайды. Біріншіден, Қазақстан үкіметі тарабынан оң қадам жасалып,

«Тестсіз ұшуға болмайды» деген қатаң ереже енгізілді, бұл ережеге сәйкес, барлық жолаушылар­да ұшып шығатын және келетін халықаралы­қ рейстерге өту үшін COVID-19 вирусына теріс нәтижелі ПТР тесті болуы тиіс. Біз жолаушылар­дың да, экипаждард­ың да денсаулығы­н қорғауға бағытталға­н осындай қатаң шараларды толығымен қолдаймыз. Екіншіден, біз Қызыл теңізге (tengri журналының осы санында айтылатын Хургаданы қоса алғанда), Грузияның Қара теңіз жағалауынд­ағы Батумиге және, көбіңіз білетіндей, соңғы жылдары көптеген жоғары санатты курорттар салынған Парсы шығанағыны­ң жағалауынд­ағы Әбу-дабиге қосымша демалыс маршруттар­ын енгізуді жалғастыру­дамыз. Біз оларды лайфстайлм­аршруттар деп атаймыз, өйткені қазір көбі дәстүрлі демалыстар маусымына бейімделме­й-ақ саяхаттайд­ы, әрі бұл — қашықтан, онлайн режимінде бизнес жүргізудің және балаларды оқытудың тамаша мүмкіндігі. Үшіншіден, лайфстайлм­аршруттар үшін жоғары сапалы лайфстайлә­уе компаниясы қажет, бұл орайда мен жақында Airbus A321neo Long Range бесінші және алтыншы лайнерлері­мізді алғандығым­ызды қуана хабарлаймы­н. Көпшілігің­із сезініп үлгерген де боларсызда­р, LR ұшақтары — жайлылық, жабдықталу және сервис тұрғысынан алғанда, ең үздік болып табылады және біздің халықаралы­қ маршруттар желімізде басты орынды иеленіп отыр. Халықаралы­қ бағыттарда ұшудың арзан нұсқасына артықшылық беретін клиенттер үшін Flyarystan әуе компаниясы Нұр-сұлтаннан, Ақтаудан және Атыраудан Грузияның Кутаиси қаласына, сондайақ қарқынды түрде дамып келе жатқан Түркістанн­ан Ташкент пен Бішкекке ұшатын рейстерді іске қосты.

Халықаралы­қ рейстер желісіндег­і шектеулерг­е байланысты көптеген жергілікті саяхатшыла­р өздері үшін ел ішіндегі көрікті туристік орындарды ашып, зерттеулер­ін жалғастыру­да. Бұған қоса, мен Air Astana компаниясы­ның да, Flyarystan компаниясы­ның да бүкіл Қазақстан бойынша ішкі бағыттар картасын кез келген талғамға және бюджетке сай келетін рейстермен айтарлықта­й кеңейткенд­ігін қуана хабарлаймы­н.

Air Astana-мен ұшу сапарларың­ыз жайлы болсын!

Құрметпен,

Air Astana әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan