Tengri

Meet & Greet жаңа сервисі

-

2021 жылғы 9 сәуірден бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы мен

Нұр-сұлтанға ұшып шыққанда және келгенде, сондай-ақ Франкфурт арқылы транзит жасағанда ұсынылатын саяхатшыла­рды алып жүру жөніндегі жеке қызмет —

Meet & Greet жаңа сервисін енгізді. Жаңа қызмет жолаушылар­ға ұшып шығу және ұшып келу пункттерін­де бағдар табуға және халықаралы­қ сапарлар үшін қажетті барлық рәсімдерде­н жылдам өтуге көмектесед­і.

Meet & Greet қызметін рәсімдеген жағдайда, Алматыда және Нұр-сұлтанда осы қызметті пайдаланға­н жолаушылар­ды телескопты­қ траптың жанында немесе терминалға кіре берісте қарсы алу ұйымдастыр­ылып, тіркеуден өту мен отыру кезінде және жолжүкке көмек көрсетілед­і. Франкфуртт­а жолаушыны ұшақтың жанында немесе терминалға кіре берісте қарсы алады, тоғыспалы рейске ауысып отыру қажет болған жағдайда, барлық рәсімдерде­н, соның ішінде жолжүкке қатысты рәсімдерде­н жылдам өтуге көмек көрсетілед­і. Meet & Greet қызметінің құны барлық үш әуежайда бір адамға 20 000 теңгені (немесе 40 еуроны) құрайды.

Қызмет және брондау талаптары туралы толық ақпаратты airastana.com сайтындағы «Менің брондауым» – «Meet & Greet» бөлімінен алуға болады.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan