Tengri

Рейстерді қалпына келтіру және жаңа чартерлер

-

Наурыз айында Air Astana әуе компаниясы Алматыдан Душанбе мен Тбилисиге тұрақты тікелей рейстерді қалпына келтірді. Тәжікстанғ­а рейстер жексенбі сайын, ал Грузияға сейсенбі, жұма және жексенбі күндерінде орындалады. Бұдан бөлек, 17 наурыздан бастап Алматыдан Киевке қосымша рейс енгізілді. Енді Украина астанасына ұшу сапарлары Алматыдан сәрсенбі мен сенбіде, ал Нұр-сұлтаннан дүйсенбіде жүзеге асырылады.

16 наурыздан бастап аптасына 2 рет жиілікпен Алматыдан Хургадаға (Мысыр) чартерлік рейс іске қосылды. Рейстің туристік операторы TUI Kazakhstan компаниясы болып табылады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan